Сот тұрғын үй құқығын қалпына келтірді
▪ Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ-нің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне түзету енгізуге мәжбүрлеу туралы талабы бойынша істі қарады.
▪ Істің мән-жайларына сәйкес, талапкер П. төрт жасында ата-анасыз қалды. Қостанай қаласы әкімінің өкімімен әжесі қамқоршы болып тағайындалып, кейінірек ол қайтыс болған.
▪ Тұрғын үй комиссиясының шешімімен қамқоршының өтініші бойынша П. 2014 жылы жетім балалар, ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қойылған.
▪ Кейін П. жауапкерге кезекте тұру күнін түзету бойынша өтінішпен жүгініп, ата-анасы қайтыс болған сәттен бастап, яғни 2000 жылдың желтоқсан айына өзгертіді сұраған. Алайда жауапкер бұл мәселені сот тәртібімен шешу керектігі туралы жауап береді.
▪ Сот өзінің кәмелетке толмағандығына байланысты талапкердің баспанаға мұқтаж адам ретінде уақтылы есепке тұруға мүмкіндігі жоқ екенін, ал қамқоршы объективті себептерге байланысты 2014 жылы ғана есепке қоюды жүзеге асырғанын анықтады.
▪ Талапкер анасы қайтыс болғаннан кейін, кәмелетке толғанға дейін әжесінің қамқорлығында болды, талапкердің қамқоршының баспанаға мұқтаж ретінде уақтылы есепке алмауына кінәсі жоқ және бұл талапкердің назарынан тыс қалмайды.
▪ Талапкердің сенім құқығын қорғау сот тәртібімен жүргізілуі тиіс. Сот талапты қанағаттандырды. Жауапкер талапкер П.-ның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін түзетуге міндетті.
▪ Шешім заңды күшіне енген жоқ.