SPORT12.KZ


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Тіркелген спорттық БАҚ «Sport12.kz»-тың ресми аккаунты.
Сайт-https://sport12.kz/
X- https://x.com/sport12kz?s=21
Ins- https://www.instagram.com/sport12kz?igsh=MTBndWEwc3I1aDdma
Жарнама бойынша : @TTT12KZ

Bog‘liq kanallar

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


🇰🇿 ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Аичи-Нагояда өткен Азия ойындарында жүлде алған Қазақстан спортшыларына ақшалай сыйақы беріледі.

🥇 Алтын — 10 мың доллар
🥈 Күміс — 5 мың доллар
🥉 Қола — 3 мың доллар

✅️ Қазақстан Азиаданы 84 медальмен аяқтады: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола.


🇯🇵 Жапония елінде өткен XX жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы 84 медаль иеленіп жалпы командалық есепте сегізінші орынға табан тіреді.

🇨🇳 Ал, бірінші орынды 341 медаль жеңген Қытай құрамасы бермеді.


Болжамдарыңыз қандай?

✅️ 12 желтоқсан күні болатын UFC 335 турнирінің басты жекпе-жектері белгілі болды.

🥊 Чарльз Оливейра BMF белбеуін Диего Лопеске қарсы қорғайды. Ал, Сергей Павлович Алекс Перейрамен жекпе-жек өткізеді.


🥊 Дәл қазіргі сәтте қаңтар айында Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жек өткізеді деген ақпараттар кең таралып жатыр.

«Желтоқсанда жекпе-жек өткізе аламыз ба деп көрдік, бірақ, шамасы, кездесу қаңтарда өтетін болады. Қарсылас өте мықты.

Бұл Пратес те, Гэрри де емес. Олардың ешқайсысы жекпе-жекке шығуды қаламайды.
Біз қаңтардағы жекпе-жекке келістік. Бұл — титулдық жекпе-жек алдындағы соңғы сынақ. Жеңуіміз керек» — деді Майкл Моралес.


Нәтижеге көңіліңіз толады ма?

🇰🇿 Қазақстан күрес түрлерінен Азия ойындарын 7 медальмен аяқтады

🥈 Эльмира Сыздықова — әйелдер күресі
🥉 Едіге Қасымбек — еркін күрес
🥉 Нұрқожа Қайпанов — еркін күрес
🥉 Начын Куулар — еркін күрес
🥉 Мейіржан Шермаханбет — грек-рим күресі
🥉 Зейнеп Баянова — әйелдер күресі
🥉 Нилуфар Раимова — әйелдер күресі


😍 Бүгін болатын матчтар тізімі

🇪🇺 Ұлттар лигасы. 3-тур:
18:00. Әзербайжан — Литва
21:00. Косово — Аустрия
21:00. Мальта — Андорра
23:45. Грекия — Германия
23:45. Ирландия — Израиль
23:45. Нидерланд — Сербия
23:45. Португалия — Норвегия
23:45. Уэльс — Дания

Болжамдарыңыз қандай?


🤯 Англия сырт алаңда Хорватияны аямады


🇧🇪 17 жастағы Шахмұрат Дәулетов бүгін «Генк» клубының негізгі командасында жолдастық матчта дебют жасады.

🤝 Бельгиялық ұжым жолдастық матч аясында «Фортунаға» өз алаңында есе жіберді. (1:2)

🇰🇿 Отандасымыз алаңға 87 минутта қосылды.


❌️ Елена Рыбакина WTA 1000 турнирін 1/32 финалдан аяқтады.

🎾 Әлемнің бірінші ракеткасы Пекиндегі турнирде 118-ші орындағы армениялық Алина Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңілді.


🗣 36 жастағы Канело Альварес кәсіби мансабына қашан нүкте қоятыны туралы айтты:

«Бокстан тыс басқа да жоспарларым бар. Бокста қол жеткізбегенім қалған жоқ. Қазір болашақты ойламай, жекпе-жектен жекпе-жекке қарай жылжуды жоспарлап отырмын.

Мансабымды аяқтағанға дейін тағы 4-5 жекпе-жек өткіземін деп ойлаймын. Мен мансабымды бастағанда армандағанымнан да көп жетістікке жеттім» — деді Канело.


🥊 Айта кетейік, мексикалық жауынгер 31 қазанда Сауд Арабиясында Кристиан Мбиллимен жұдырықтасады.


🇰🇿 Қазақстан құрамасы Азиаданың аралас командалық сайысында Жапониядан 0:4 есебімен жеңіліп, күміс медаль иеленді.

🥋 Осылайша, дзюдошыларымыздың қоржынында 5 күміс және 2 қола жүлде бар.

🥈 Елдос Сметов (-60 кг)
🥈 Абиба Әбужақынова (-48 кг)
🥈 Әділет Алмат (-81 кг)
🥈 Ажар Асхат (-70 кг)
🥈 Аралас командалық сайыс
🥉 Эсмигүл Куюлова (-63 кг)
🥉 Екатерина Токарева (-78 кг)


🇰🇿 Ұлттар лигасындағы үш матчтан кейін Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде 111 орыннан 116 орынға сырғыды.

📊 Ұлттық құрама Фарер аралдарымен 1:1 ойнап, Словакиядан 1:2, Молдовадан 1:2 есебімен жеңілді.

🇲🇩 Ал Молдова екі саты көтеріліп, 157-орынға орналасты.


🗣 Қазақстан құрамасының бас бапкері әзірге жұмыстан кетпейтіні туралы айтты.

🤝 Дәл қазіргі сәтте нидерландылық маманмен келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін жарамды.

📅 Ұлттық құрама келесі матчын 6 қазан күні Фарер аралдарына қарсы өткізеді.


🗣 Қазақстандық файтер Темерулан Шашубай Instagram-да UFC-дің бұрынғы чемпионы Колби Ковингтоннан «Алға, Қазақстан!» деп айтуды сұрады.

🤝 Алайда америкалық файтер оның орнына қазақстандық спортшылар туралы пікір білдірді.

«Қазақстанды қатты құрметтеймін. Ол жақтағы барлық файтерлер өте мықты. Қазақстандық файтерлерді қатты сыйлаймын.

Шавкаттың қайта оралып, әлем чемпионы болғанын көргім келеді. Рахмонов нағыз машина. Мен оны әрдайым қатты құрметтедім» — деді Ковингтон


🗣ММА жауынгері Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы жеңілісі туралы пікір білдірді:

«Бізде футбол әлі бар ма өзі? Осыдан 10 жыл бұрын-ақ футболды жабу керек деген еді ғой»


❌️ Қазақстан құрамасы өз алаңымызда кеше Молдоваға (1:2) есе жіберген еді.

🇲🇩 Осылайша молдовалықтар 17 матчтық сәтсіз серияға нүкте қойды.

📅 Соңғы рет олар 2024 жылы Андорра құрамасын жеңген еді.


🥊 Жапония елінде өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан жарыс кезеңі аяқталды.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орынға табан тіреді.

1️⃣ 🇮🇳 Үндістан — 3 алтын, 3 қола
2️⃣ 🇺🇿 Өзбекстан — 2 алтын, 1 күміс, 4 қола
3️⃣ 🇰🇿 Қазақстан — 2 алтын, 3 қола
4️⃣ 🇨🇳 Қытай — 1 алтын, 3 күміс, 2 қола
5️⃣ 🇹🇼 Тайпей — 1 алтын, 1 күміс

🥇 Сондай-ақ, араға 12 жыл салып боксшыларымыз Азия ойындарында алтын иеленді.


🤝 Фарер Аралдары мен Словакия тең түсті


🗣 Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван'т Схип Молдова (1:2) өз алаңымыздағы жеңіліс туралы:

«Бірінші таймда өз ойынымызды көрсете алмадық, жоспарымыз іске аспады. Екінші таймда жағдайды өзгертуге тырыстық, бірақ уақыт аз қалды. Қалай ойнау керегін білеміз, алайда нәтижеге қол жеткізе алмай жүрміз» — деді нидерландылық маман.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.