Абай облысының әкімдігі


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


🇰🇿Абай облысы әкімдігінің ресми парақшасы
🇰🇿Официальная страница акимата области Абай

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚡️Интернационализация вузов Казахстана на примере Университета имени Шакарима

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚡️Қазақстанның жоғары оқу орындарын интернационалдандыру: Шәкәрім атындағы университет мысалында

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


📸#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


⚡️В области Абай развивают сельскую медицину

В рамках Национального пилотного проекта «Модернизация сельского здравоохранения» в области Абай введено в эксплуатацию 62 стационарных медицинских объекта в сельской местности. В настоящее время проводится процесс передачи их на баланс медицинских организаций. Еще два объекта будут завершены в этом году.

В рамках программы «Ауыл – Ел бесігі» реализуется проект строительства врачебной амбулатории на 50 посещений с дневным стационаром на 10 коек в селе Урджар Урджарского района.

Руководитель управления здравоохранения Талгат Молдабеков отметил, что также активная работа ведется в направлении кадрового дефицита сельской медицины специалистам узкого профиля. К ним относятся стоматологи, хирурги, акушеры-гинекологи и др.

«Для решения проблемы кадрового дефицита предусмотрено единовременное выделение подъемного пособия в размере 8,5 млн тенге. Мы продолжаем работу по определению перечня остродефицитных специальностей, на которые распространятся меры социальной поддержки в 2025 году. Особое внимание уделяется также и подготовке кадров. За счет средств местного бюджета 80 специалистов из области прошли обучение за рубежом в 2024 году. Среди них 15 медицинских работников из районных центров, которые стажировались в ведущих медицинских учреждениях России, Германии и Азербайджана. Эта программа направлена на повышение квалификации и внедрение современных подходов в работу сельской медицины», - отметил руководитель управления.


Для повышения доступности медицинской помощи сельскому населению в области функционируют 9 передвижных медицинских комплексов (ПМК), которые охватили 173 населенных пункта. В 2024 году планировалось охватить 64 435 человек, фактически помощь получили 56 233 жителя.

Одним из ключевых направлений развития сельской медицины является обновление материально-технической базы. В 2024 году было приобретено 200 единиц медицинской техники на сумму более 1,3 млрд тенге. На 2025 год запланирована закупка еще 182 единиц оборудования на сумму 1,2 млрд тенге.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


⚡️Абай облысында ауыл медицинасы дамып келеді

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Абай облысының ауылдарында 62 стационарлық медициналық нысан пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта оларды медициналық ұйымдардың балансына беру процесі жүруде. Биыл тағы екі нысан аяқталады.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауылында 10 төсектік күндізгі стационармен 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу жобасы іске асырылуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков ауылдағы бейінді мамандар тапшылығын шешу бағытында да жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Олардың қатарына тіс дәрігерлері, хирург, акушер-гинекологтар және т. б кіреді.

«Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін 8,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы бөлу қарастырылған. Біз 2025 жылы аса тапшы мамандықтардың тізімін анықтау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Кадрларды даярлауға да ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстың 80 дәрігері шетелде іс-тәжірибеден өтті. Олардың ішінде аудандардан келген 15 маман Ресей, Германия және Әзірбайжанның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамада болды. Бұл бағдарлама біліктілікті арттыруға және ауыл медицинасы жұмысына заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған», - деп атап өтті басқарма басшысы.


Облыста ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 9 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) жұмыс істейді. Олар 173 елді мекенді қамтыды. 2024 жылы 64 435 адамды қамту жоспарланса, іс жүзінде 56 233 тұрғын көмек алды.

Ауыл медицинасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі материалдық-техникалық базаны жаңарту. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 200 медициналық техника сатып алынды. 2025 жылға 1,2 млрд теңге сомасына тағы 182 жабдық сатып алу жоспарланған.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


⚡️«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Абай облысы филиалының мәліметіне сәйкес:

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2025 жылдың 17 қаңтары сағат 18.30-дан бастап «ҚХР шекарасы-Майқапшағай-Зайсан-Қалбатау-Семей-Павлодар- РФ шекарасы» жолының 1004-1087 шақырымы (Көкпекті ауылынан Боғас ауылының қиылысына дейін) барлық көліктер үшін жабылады.



⚡️Согласно информации филиала АО «ҚазАвтоЖол» по области Абай:

В связи с неблагоприятными погодными условиями с 18:30 17 января 2025 года участок дороги «Граница КНР – Майкапчагай – Зайсан – Калбатау – Семей – Павлодар – граница РФ» с 1004 по 1087 километр (от села Кокпекты до перекрестка села Богас) будет закрыт для всех видов транспорта.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


⚡️«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Абай облысы филиалының мәліметіне сәйкес:

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2025 жылдың 17 қаңтары сағат 18.00-ден бастап «ҚХР шекарасы-Майқапшағай-Зайсан- Қалбатау-Семей-Павлодар- РФ шекарасы» жолының 910-1002 шақырымы (Қалбатау ауылы мен Көкпекті ауылының арасы) барлық көліктер үшін жабылады.



⚡️Согласно информации филиала АО «ҚазАвтоЖол» по области Абай:

В связи с неблагоприятными погодными условиями с 18:00 17 января 2025 года участок дороги «Граница КНР – Майкапчагай – Зайсан – Калбатау – Семей – Павлодар – граница РФ» с 910 по 1002 километр (между селами Калбатау и Кокпекты) будет закрыт для всех видов транспорта.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


⚡️«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Абай облысы филиалының мәліметіне сәйкес:

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Алматы–Талдықорған–Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» жолының 971-1013 шақырымы (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін) барлық көліктер үшін жабылды.



⚡️Согласно информации филиала АО «ҚазАвтоЖол» по области Абай:

В связи с неблагоприятными погодными условиями участок дороги «Алматы – Талдыкорган – Усть-Каменогорск – Шемонаиха – граница РФ» с 971 по 1013 километр (от села Калбатау до границы с ВКО) закрыт для всех видов транспорта.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


🔺В Кокпектинском районе активно развивается малый средний бизнес

Малый и средний бизнес занимает ключевую роль в экономике Кокпектинского района, внося значительный вклад в развитие региона. На сегодняшний день в районе зарегистрировано 1280 субъектов малого и среднего предпринимательства.

Из общего числа субъектов МСБ 6,2% (79 единиц) приходится на юридические лица, 39,2% (502 единицы) – на индивидуальных предпринимателей, а 54,6% (699 единиц) – на крестьянские хозяйства. В сфере малого предпринимательства занято 2900 человек.

«Населению района предоставляют услуги 20 предприятий общественного питания, 125 магазинов, один торговый рынок, семь аптек, пять пекарен, две автозаправочные станции, четыре гостиницы, девять парикмахерских и два компьютерных сервиса. Также работают пять станций технического обслуживания, девять шиномонтажных цехов, два страховых агентства, службы пассажирских и грузовых перевозок, нотариальные конторы, ветеринарные клиники, мастерские по ремонту одежды и обуви, а также цеха по производству мебели и пластиковых окон», - отмечает руководитель отдела предпринимательства и сельского хозяйства Серик Байсенгиров.


Особое внимание уделяется реализации проектов в реальном секторе экономики. В 2024 году в районе были запущены два крупных инновационных проекта. Один из них расширение молочно-товарной фермы. Проект включает увеличение мощности фермы на 1000 голов с установкой доильного оборудования на 18 мест. Ежедневное производство молока увеличится до 30 тонн, а годовое – до 15 000 тонн. Для проекта завезено 349 симментальских племенных нетелей из Германии на сумму 476 млн тенге. ТОО «Eastern Gold» реализует проект строительства завода по производству золото-серебряного сплава Доре с необходимой инфраструктурой. Общая стоимость проекта составляет 1100 млн тенге, а производственная мощность предприятия – 200 тысяч тонн руды в год.

Важным инструментом развития предпринимательства в районе является государственная программа «Еңбек». В 2024 году в рамках этой программы шесть участников получили гранты на общую сумму 8,8 млн тенге. Так, 3 гранта выданы малообеспеченным семьям, 2 гранта получили многодетные семьи, 1 грант выдан человеку с инвалидностью.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


🔺Көкпекті ауданында шағын және орта бизнес дамып келеді

Көкпекті ауданының экономикасында шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда ауданда 1280 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

ШОБ субъектілерінің жалпы санының 6,2% (79 бірлік) заңды тұлғаларға, 39,2% – ы (502 бірлік) - жеке кәсіпкерлерге, 54,6% - ы (699 бірлік) - шаруа қожалықтарына тиесілі. Шағын кәсіпкерлік саласында 2900 адам жұмыспен қамтылған.

«Аудан тұрғындарына 20 қоғамдық тамақтандыру, 125 дүкен, 1 базар, 7 дәріхана, 5 наубайхана, 2 жанармай құю станциясы, 4 қонақ үй, 9 шаштараз және 2 компьютерлік орталық қызмет көрсетеді. Сондай - ақ 5 техникалық қызмет көрсету станциясы, 9 дөңгелек жөндеу цехы, 2 сақтандыру агенттігі, жолаушылар және жүк тасымалдау қызметтері, нотариаттық кеңселер, ветеринарлық клиникалар, киім және аяқ киім жөндеу шеберханалары, жиһаз және пластик терезелер шығаратын цехтар жұмыс істейді», - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Байсенгиров.


Экономика секторында жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылады. 2024 жылы ауданда екі ірі инновациялық жоба іске қосылды. Солардың бірі - сүт-тауарлы фермасын кеңейту. Жоба 18 сауу жабдығын орната отырып, ферманың қуатын 1000 басқа арттыруды қамтиды. Күнделікті сүт өндірісі 30 тоннаға дейін, ал жылдық сүт өндірісі 15000 тоннаға дейін артады. Жобаны жүзеге асыру үшін Германиядан 476 млн теңгеге 349 симменталдық асыл тұқымды нетель әкелінді. «Eastern Gold» ЖШС қажетті инфрақұрылымы бар Доре алтын-күміс қорытпасын өндіретін зауыт құрылысының жобасын іске асыруда. Жобаның жалпы құны - 1100 млн теңге. Кәсіпорын жылына 200 мың тонна кен өндіруге қауқарлы.

Ауданда 2024 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында алты қатысушы жалпы сомасы 8,8 млн теңгеге грант алды. Аз қамтылған отбасыларға 3 грант, көп балалы отбасыларға 2 грант, мүмкіндігі шектеулі адамға 1 грант берілді.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


📸#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


⚡️В области продолжается активная работа по обеспечению населения комфортным жильем

В прошедшем году управлением строительства области Абай было введено в эксплуатацию значительное количество жилья, а именно 364 тысяч кв. метров. Это 100,1% от показателя аналогичного периода прошлого года. Безусловно, это позволило сотням семей обрести новый собственный дом. Особое внимание уделили арендным квартирам для социально уязвимых слоев населения — для них приобрели 1 070 квартир общей площадью 79,5 тысяч кв. метров. В 2024 году жильем обеспечены 848 очередников. Среди них дети сироты – 155, социально-уязвимые слои населения – 307, многодетные семьи – 225, государственные служащие, работники бюджетных организаций – 91, граждане РК, единственное жилище которых признано аварийным – 70.

«В этом году в регионе также планируют продолжить активное строительство кредитного жилья. Будут возводиться как многоквартирные дома, так и частные. Уже сейчас в Семее и Аягозе идет строительство новых 14 домов, общая площадь которых составит 54,6 тысяч кв. метров. В ближайшее время начнутся работы по возведению еще 6 многоэтажек. Это даст возможность многим семьям приобрести собственное жилье на выгодных условиях», - сказал заместитель акима области Абай Димитрий Гариков.


На сегодняшний день года в очереди на получение жилья по области зарегистрированы 19 850 человек, что на 365 человек больше, чем годом ранее.

Одной из ключевых мер в обеспечении доступным жильем остается реализация программ через АО «Отбасы банк». На данный момент предлагаются три основные программы: «Наурыз» со сроком кредита до 19 лет, «Отау» со ставкой вознаграждения — до 9% годовых, а также программа в рамках Концепции развития ЖКХ на 2023-2029 годы со ставкой для СУСН — 2%, для остальных очередников — 5%. В целом, за прошедший год более 1695 клиентов отметили свои переезды в новые квартиры и дома, воспользовавшись различными ипотечными программами.

«Отдельного внимания заслуживает региональная программа «Абай Жастары», которая реализуется совместно акиматом города Семей и Отбасы банком. Главная цель этой инициативы - поддерживать квалифицированных кадров, обеспечивая им возможность приобрести собственное жилье что позволит избежать необходимости оплаты аренды. В рамках программы в 2024 году жильем обеспечены 19 семей из числа работающей молодежи области. В Аягозском районе также действует молодежная программа «Қозы көрпеш-Баян сұлу», - добавил заместитель акима.


Работа по обеспечению жильем всех категорий граждан будет продолжена в 2025 году.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


⚡️Облыста халықты баспанамен қамтамасыз ету жалғасуда

2024 жылы Абай облысының Құрылыс басқармасы 364 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіштің 100,1 пайызын құрайды. Бұл жүздеген отбасыға баспаналы болуға мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерге ерекше назар аударылып, жалпы ауданы 79,5 мың шаршы метр болатын 1070 пәтер сатып алынды. 2024 жылы кезекте тұрған 848 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде 155 жетім бала, 307 халықтың әлеуметтік осал топтары, 225 көпбалалы отбасы, 91 мемлекеттік қызметкер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, үйлері апатты деп танылған 70 жерлесіміз бар.

«Облыс биыл да несиелік тұрғын үй құрылысын белсенді жалғастыруды жоспарлап отыр. Көпқабатты үйлермен қатар жеке секторлы үйлер де салынады. Семей және Аягөз қалаларында жалпы ауданы 54,6 мың шаршы метрді құрайтын 14 үйдің құрылысы жүруде. Алдағы уақытта тағы 6 көп қабатты құрылысы басталады. Бұл көптеген отбасыларға тиімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді», - дейді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.


Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, облыста тұрғын үйге сұраныс жоғары. Бүгінде кезекте тұрғандар саны 19 850 адам.

Қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудегі негізгі шаралардың бірі «Отбасы Банк» АҚ арқылы бағдарламаларды жүзеге асыру болып қала береді. Қазір үш негізгі бағдарлама ұсынылуда: Несие мерзімі 19 жылға дейінгі «Наурыз» бағдарламасы, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9% – ға дейінгі «Отау», сондай-ақ «ТКШ дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберіндегі бағдарлама ХӘОТ үшін – 2%, қалған кезекте тұрғандар үшін – 5%. Жалпы, соңғы бір жылда 1695-тен астам адам түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы жаңа пәтерлер мен үйлерде қоныс тойын тойлады.

«Семей қаласы әкімдігі мен «Отбасы» банкі бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Абай жастары» өңірлік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Бұл бастаманың мақсаты – білікті мамандарға жеке баспана сатып алу мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету, сол арқылы жалдау ақысын төлеу қажеттілігін болдырмау. Бағдарлама аясында 2024 жылы облыстың жұмысшы жастары арасынан 19 отбасы баспаналы болды. Аягөз ауданында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жастар бағдарламасы жүзеге асып жатыр», - деді облыс әкімінің орынбасары.


Барлық санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы 2025 жылы жалғасады.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


📸#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


⚡️В колледже Аксуат открыта учебно-производственная мастерская

Мастерская оснащена современным оборудованием и предназначена для развития профессиональных навыков будущих специалистов. Здесь функционируют кабинеты по швейному производству, кулинарному и кондитерскому делу, сборке сельскохозяйственных машин и двигателей, а также слесарному ремонту.

На оснащение мастерской и общежития выделено 123 млн тенге при поддержке Управления образования области Абай. Кроме того, спонсоры предоставили необходимое оборудование. В целом, за последние годы на развитие колледжа было инвестировано около 400 млн тенге. На эти средства были отремонтированы спортивный зал, столовая и мастерские, обновлена система отопления. Также колледжу был подарен новый автобус.

Колледж основан в 1959 году. Сегодня он готовит квалифицированных рабочих, востребованных на рынке труда. В колледже обучается 314 студентов, из них 185 поступили в 2024–2025 учебном году.

В рамках инициативы Президента Касым-Жомарта Токаева, объявившего 2025 год Годом рабочих профессий, в области реализуется ряд новых проектов в сфере технического и профессионального образования.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz


⚡️Ақсуат колледжінде оқу-өндірістік шеберхана ашылды

Шеберхана заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған және болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға арналған. Мұнда тігін өндірісі, аспаздық және кондитерлік іс, ауыл шаруашылығы машиналары мен қозғалтқыштарды құрастыру, сондай-ақ слесарь мамандықтары бойынша кабинеттер жұмыс істейді.

Облыстық білім басқармасының қолдауымен шеберхананы жабдықтауға және жатақхана ғимаратына 123 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар демеушілердің көмегімен қажетті құрал-жабдықтар алынды. Жалпы алғанда, соңғы жылдары колледжді дамытуға 400 миллион теңгеге жуық инвестиция салынған. Бұл қаражатқа спорт зал, асхана мен шеберханалар жөндеуден өткізіліп, жылу жүйесі жаңартылды. Сонымен бірге жаңа ПАЗ автобусы сыйға берілді.

1959 жылы негізі қаланған Ақсуат колледжі бүгінде еңбек нарығының сұранысына сай білікті жұмысшы мамандарын даярлауда. Қазіргі уақытта колледжде 314 студент білім алады. Оның 185-і 2024-2025 оқу жылында қабылданған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған бастамасына сәйкес, Абай облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласында бірқатар жаңа жобалар іске асады.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz

16 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.