Postlar filtri


Әл-Ағраф сүресі 199-аят.

Наданмен надан болма.


Осы тойғанымызбен ұйықтайық)






Намаз – мұсылманның серігі.

Тарих беттерінде қалған ізгілердің бірі “Журәйжға” зина жасады деп жала жабылып, бөтен бір сәбиді соған теліген кезде: “Тұра тұрыңдар! Намаз оқып алайын” деді.

Намазын оқып болған соң, барлық жаладан аман шықты. Адамдар оның кінәсіз екенін мойындады.

Хубайб ибн Ғадиді мүшріктер өлтіреміз дегенде: “Тұра тұрыңдар намазымды оқып алайын” деді. Өлсем де намаздан кейінгі өлім неткен хайырлы еді деді.

Алла елшісі де ‎ﷺ: “Әй,Біләл! Бізді намазбен демалдыр” деді.

Намаз – тыныштық. Намаз – тығырықтан шығар жол. Намаз – мүміннің ең көркем амалы.

(Мәғә ән-нәби📚)


Қиындықтар кезінде Алла елшісінің ‎ﷺ әрекеті қандай болды?

Хузәйфә ибн әл-Иәмән (Алла оған разы болсын) былай дейді:

“Пайғамбарымызды ‎ﷺ бір іс қапаландырып, әлекке салса, ең алдымен намазға қарай асығатын”.

(Әбу Дәуд)

(РИЗЫҚ КІЛТТЕРІ📚)


Өмірдегі қателіктер – мәтіндегі тыныс белгілер секілді. Оларсыз мәтіннің мәні болмас еді…

©️Харуки Мураками


«Кімде-кім білгенінің тым болмаса 10/1-не амал етсе, Алла оған білмеген нәрсесін үйретеді».

(Жәмиғ,Хатиб әл-Бәғдәди📚)




– Өз-өзіме, іс-әрекеттеріме еш уақытта көңілім толмайды.

– Бұл жақсы қасиет. Көңілің толған күні құрыдым дей бер.

“Екі күн тең болған ұтылды. Ал кешесі бүгінінен хайырлы болғаны лағынеттелді”.
(Иқтида әл-ғилм📚)


Пайғамбарымыздан рияуат етіледі:

«Алла Тағала сендердің біреулерің бір іс істесе, оны шеберлікпен, мүлтіксіз орындағанын жақсы көреді».

(Хадис, Табарани📚)


Өз салаңды шебер атқарсаң, үмметке тигізген ең үлкен пайдаң осы.


Кейде адамдар өзін ақтау үшін мыңдаған сөздер жазып, толассыз мақала арнап жібереді.

Бірақ бар болғаны “менікі дұрыс болмады, айыпқа бұйырмаңыздар”- деген 5 сөзді жазып, кінәсін түсінуге дауаламайды.


Алдына қойған мақсатына селқос қарайтын адам жайлы ауыр уағыз естідім…

Шейх Әдһәм әл-Ғасими (хафизаһулла) былай дейді:

«Бір пенде шағбан айларында “Рамазанды осылай керемет өткіземін” деп алдына нақты мақсат қояды. Содан рамазанға жетпей қайтыс болды делік.

Алайда ол адам бұрыннан өз мақсатына берік, айтқан сөзін бұлжытпай орындайтын адам болса, Алла оған сол мақсатына сай осы рамазанды да жақсы өткізгендей сауап жазады.

Алайда өз мақсаттарына селқос қарап, мақсатын қоярын қойып алып, оны орындамай селқос жүретін адам болса, оның жағдайы түсінікті».

Мақсат-жоспарыңды уақытылы орындап жүр. Аллаға өзіңнің жігерлі адам екеніңді дәлелдей біл.

#архив


Кей адамдардың ойы: “Мен бүкіл әлеуметке қателік жасай беремін. Бірақ маған ескертуді жеке айтсын”. Қызық…

Жасырын күнә, жасырын тәубе, жасырын ескерту.

Жария күнә, жария тәубе, жария ескерту.


Nurbol Rakhmatilla dan repost
«Уағызда жасандылық пен әдейі әсемдеуге ұмтылу – адамның ішкі дүниесінің қаңырап бос қалғанының және жүрегінің ғапылдығының белгісі.»

📚
Хуласа ат-Тасаниф


Тәбиғин Суфиән әс-Сәури (рахимаһулла) былай дейді:

«Өзіңе пайдалы болған сөзді айтушымен бірге сілтеу – шыншылдықтың әрі ілімге шүкір етудің бір белгісі. Ал оны жасыру – жалғандық пен ілімге күпір етумен тең».
(Һидаятус салик)

Имам әл-Бәйһәқи өзінің “Мадхал” еңбегінде Әбу Ғубәйд әл-Қасимнің мына бір сөзін келтірді:

«…Мен әлгі пәленшеден осы сөздерді үйрендім, осы білімді әлгі кісіден алдым деп айту – ілімге шүкір ету».

Имам ибн Әбдул Бәрр былай дейді:

«Ілімді берекелі ететін нәрсе – сөзді өз иесіне телу».

(Әл-Бәриқ фи қатғ әс-сәриқ📚)


Имам әс-Суютыйдың “Әл-Бәриқ фи қатғи әс-сәриқ” деген еңбегін оқып жатырмын. Жазба ұрлаушыларды тоқтату жайлы, ғалымдардың ол іске разы болмай, көптеген ауыр ескертулерін қамтыған кітап. Кітапқа осы арнада талқы жасаймын. Күтіңіздер.


Күнәға разы болу – күнә. Жалғанға, қиянатқа көз жұмып отыру да – күнә. Бізді құртатын “Әй,құрсыншы. Өзі көрер. Бір рет болар” – деген бейғам сөздер.


Beisenali Olzhas dan repost
Шейх Абдуль Фаттах Әбу Ғудданың "Қиматуз-заманның" сегізінші басылымға ренжіп жазған кіріспесінен көп пайда алдым.

Шейх кіріспеде өзінің кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамаған замандастарына қатты ренжігенін айтады. Өз заманында оның кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамағандарды атап кетеді. Бұндай амал ғалымдардың ахлағы емес екендігін айтып, сілтеме жасаудың маңыздылығы жайлы олардың сөздері мен кітаптарынан мысал келтіреді.

Бұл мәселе қазіргі кезде де өршіп тұр. Бір каналдан, парақшадан көрген, оқыған пайдалы білімді алып, өзіміздің парақшаларымызға өзіміз тапқандай, өзіміз жазғандай кейде сілтеме бермей саламыз. Ал бұл, білімге деген қиянат болады.

Алла Тағала баршамызды аманатшыл болуымызды нәсіп етсін!

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.