Жасанды интеллект


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Жасанды интеллект туралы қазақша ақпарат беріп отырамын. Байланыс: @kazprose

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
«Промпт-челлендж» жасап, кітап ұтып алыңыз

Біздің "Жасанды интеллект әліппесі" кітабының негізгі бөлігі қазақша промпттардан тұратыны белгілі. Ал сіз ең мықты промптты құрастырып, сол промптпен бірге оның нәтижесін осы посттың астына саласыз. Ең үздік нәтижеге кітап сыйлыққа беремін.

Ешқандай шектеу жоқ, бейне, мәтін (өлең, әңгіме, ертегі), иллюстрация жасауға болады.

Сәттілік!


Көптен күткен кітабымыз жарық көрді.
Таныстырылым шарасы сейсенбі (11 наурыз) күні 14:00-де Smart Point-та өтеді. Жасанды интеллект каналындағы барлық достарымды шақырамын!
ЖИ дәуірінде оны дұрыс қолдану, промптарды дұрыс жазу әдісі маңызды деп ойлаймын. #ai #жасандыинтеллект


Белгісіз стартап озық жасанды интеллект агентін ұсынды

Бұрын аты көп шықпаған ManusAI компаниясы күтпеген жерден «алғашқы жалпы мақсаттағы жасанды интеллект агентін»(яғни ең күшті ЖИ) жасап шығарғанын мәлімдеді. Ол тіпті OpenAI-дың Deep Research жүйесін GAIA тестінде басып озыпты. Бұл тест жасанды интеллектінің әртүрлі мәселелерді шешу қабілетін өлшейді. Платформаның демонстрациясында оның түйіндемелерді іріктеп, жылжымайтын мүлік бойынша зерттеулер жүргізіп, тіпті өз бетімен акциялар нарығын талдай алатыны көрсетілген. Оның уәде етілгендей күшті екендігі әлі белгісіз, оны мұнда сынап көруге болады.


ChatGPT Plus жазылушылары үшін GPT-4.5 моделі қолжетімді.

OpenAI ақпан айының соңында чатқа арналған «ең үлкен әрі ең озық» GPT-4.5 моделін таныстырған болатын. Оны алғашқылардың бірі болып айына 200 доллар төлейтін Pro жазылушылары пайдалана алды.

GPT-4.5 басқа модельдерге қарағанда әлдеқайда креативті, ақылды әрі фактілерге негізделген, жалған ақпаратты өте сирек шығарады.


"Басқа мемлекеттер ChatGPT арқылы Қазақстанның қандай мәселесі бар екенін біліп, бізден 10 қадам алыс" жүре ме?

немесе «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы қарсаңындағы хайпқа жауап бере кетейін.

Неміс философы Артур Шопенгауэр: "Жаңа идеяларды адамдар алдымен елемей бағады, кейін мазақтайды, соңында қабылдайды" деген пікірі бар тұғын. 2022 жылдың соңында жасанды интеллект (кейде жасанды зерде) барша адамзатқа жария болғаннан кейін 3 жыл өткенде барып біздің хұкіметтен "тырс" еткен дыбыс шықты. Елемесе болмай қалды. Бүкіл әлем, экономика, технология мүлдемге қара үзіп кетіп қалды. Сондағы біздің депутат мырзалардың бар ойлап тапқаны "басқа мемлекеттер ChatGPT арқылы Қазақстанның қандай мәселесі бар екенін біліп, бізден 10 қадам алыс" кетіп қалады-мыс. Бұл мазақ пен үрей аралас риторикалар білместіктен туып отыр деп есептеймін.
Шындығында, жасанды интеллект – ол жау емес, керісінше, уақыт өте келе бүкіл әлем мойындаған, игілік пен дамудың қуатты құралына айналып үлгерген технология. Қазірдің өзінде дамыған мемлекеттер ЖИ-ді медицинада, білім беруде, өндірісте, тіпті мемлекеттік басқаруда кеңінен қолданып жатыр. Мысалы, Жапония, Сингапур, АҚШ, Қытай сияқты елдер бұл саланы ұлттық стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, қаржы және адами капиталды жаппай жұмылдыруда.
Қазақстан үшін қазір ең маңыздысы – жасанды интеллектті қалай тежейміз деген қорқынышты сценарийлерді елестету емес, керісінше оны қалай дұрыс әрі қауіпсіз қолданып, өз пайдасына жарату керектігін анықтау болуы тиіс. Жасанды интеллектке заңмен тыйым салу немесе оны тежеп ұстау әрекеті ешқашан дұрыс шешім болмақ емес. Өйткені технологияның дамуын тежейтін болсақ, еліміздің болашақтағы бәсекеге қабілеттілігіне өз қолымызбен балта шабамыз.
Дұрыс бағыт – жасанды интеллектті зерттеу орталықтарын ашып, осы саладағы мамандарды дайындауға баса көңіл бөлу, стартаптар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Біздің қоғам бұл технологияны жетік меңгергенде ғана оны қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік алады.
Жасанды интеллектті қолданудан қорықпай, керісінше, оны терең түсініп, күнделікті тұрмысқа бейімдеген сайын, Қазақстан жаңа технологиялық дәуірде өз орнын табады. Бүгін таңертең Секеңнің, Serik Joldasbaiдың Алаш туралы деректі фильмін қарап отырып осы ой туды. Сол фильм ішінде егер 20-ғасыр басындағы Әлихан бастаған озық ойлы азаматтар болмағанда, біз осы күні ауған жұртының әр жақ-бер жағында отырар едік деген пікір айтылды. Өте дұрыс, орынды пайым. Мынау, ЖИ-ді де қолдануда үрей мен күмәнға емес, білім мен жаңашылдыққа жол ашатын көзқараспен қарау керек деп ойлаймын.

Айтпақшы, мен ЖИ туралы заң жобасының жұмыс тобында бармын. Ұсыныстарыңыз болса жеткіземін.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Робот симфония жаза ала ма?

Қазір [NotaGen] деген модель бар. Ол 1,6 миллион музыкалық шығарма бойынша үйретілген, әрі ноталарды автоматты түрде генерациялайды. Тест нәтижелерінде оны кейбір адам жазған композициялардан да жоғары бағалаған.

Бірақ NotaGen музыка шығармайды, ол тек ABC форматында ноталарды тізбектейді. Кейін бұл ноталарды MIDI форматына түрлендіріп, ары қарай өңдеуге, жақсартуға болады.

Сондықтан «жасанды интеллект симфония жазып қойды» деп айтуға асықпаңыздар ☺️

ЖИ әлі де дайын дүниелерді біріктіріп, көшіріп құрастырушы ғана: шынайы композитор сияқты жаңа нәрсе жасай алмайды.


Әлемдегі алғашқы «биологиялық компьютер» пайда болды.

Cortical Labs стартапы CL1 деп аталатын биокомпьютерді таныстырды. Оның басты ерекшелігі — адам миының тірі жасушаларын қолдануында.

Нейрондық желілерді қайта жасау үшін инженерлер адамның бағаналы жасушаларын кремний чиптерімен біріктірген.

Медицинада CL1 жаңа дәрі-дәрмектерді әзірлеуге және оларды адамдарға сынамай-ақ тексеруге мүмкіндік береді. Ал технология саласында робототехника мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Жыл соңына қарай сатылымға шығады деп жоспарланған, бағасы – $35 000.


ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР dan repost
📣 Ақпараттық коммуникациялар саласының маманы әрі журналист Мейіржан Әуелханұлы “Жасанды интеллекті әліппесі" кітабын дайындады. Жуырда баспадан шығады.
Кітаптың редакторы – көрнекті журналист Қайнар Олжай.


🥳 Көп мақтаған GPT-4.5 шықты.

Сэм Альтман оны «терең ойлайтын адаммен» сөйлескендей сезім сыйлайтын алғашқы ИИ-модель деп атады.

❤️ Мәтіндік және шығармашылық тапсырмаларды керемет орындайды;
❤️ Бірақ логика мен терең талдау жағынан «ойлайтын» модельдерден (o1, o3-mini) төмендеу;
❤️ Галлюцинациясы айтарлықтай аз;
❤️ Контекстті жақсырақ сезінеді — мәнерді, жасырын астарды және эмоцияларды жақсы түсінеді;

💰 Қазір ChatGPT Pro жазылымы барларға қолжетімді, бірақ кейінірек Plus жазылымына да қосылады.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Google Veo2 мәтіннен видео жасайтын ЖИ


Ғалымдар ойды оқып, оны мәтінге айналдыратын жасанды интеллект әзірледі

Зерттеушілер адамның ойын мәтінге аудара алатын жасанды интеллект негізіндегі «ми декодерін» таныстырды. Бұл технология функционалдық МРТ деректеріне және ми белсенділігін талдауға негізделген, деп хабарлайды TrendWatching.

Бұл қалай жұмыс істейді⁉️

Эксперимент барысында қатысушыларға қысқаметражды фильмдер мен фоторепортаждар көрсетіліп, мидың аудио және визуалды бейнелерге реакциясы тіркелді. Кейін жасанды интеллект алынған деректерді пайдалана отырып, қатысушылардың жаңа фильмнен алған әсерлерін барынша дәл қайта жаңғыртты.

Бұл жаңалық афазия – сөйлеу қабілетінің бұзылуынан ойларын жеткізе алмайтын науқастар үшін пайдалы болмақ. Жаңа құрал вербалды қарым-қатынассыз-ақ байланыс орнатуға көмектесе алады.


👏 Илон Маск Grok-3 чат-ботын іске қосты.

❤️ Қазіргі сәтте Grok 3 – Chatbot Arena рейтингінде топ-1 орында тұр;
❤️ Ол GPT-4o, Claude 3.5 Sonnet, Gemini-2 Pro және DeepSeek-V3 жүйелерінен математика, код жазу және ғылыми жұмыс тұрғысынан асып түскен;
❤️ Мұнда сондай-ақ OpenAI іздеу жүйесіне балама DeepSearch бар;
❤️ Желіден нақты жауап табылмаған жағдайда, ЖИ кез келген тақырып бойынша негізделген болжам ұсына алады;
❤️ Grok 3 Colossus компьютері арқылы 200 000 Nvidia H100 чипін пайдаланып оқытылған.

😎 Бүгін Grok 3 X сервисіндегі Pro-жазылушылар үшін ашық.


⏺ Маск жаңа Grok 3 нейрожелісінің шығатынын жариялады.

Релиз келесі аптада өтеді. Миллиардер бұл «жер бетіндегі ең ақылды жасанды интеллект» болатынын мәлімдеді. Өткен жылы Маск жаңа ИИ-модельдерінің мүмкіндіктері 2025 жылдың соңына дейін адам санасынан асып түседі деп айтқан болатын.


OpenAI GPT-4.5 және GPT-5 нұсқасын ресми түрде жариялайды

OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман GPT-4.5 және GPT-5 моделдерінің әзірленіп жатқанын ресми түрде растады. Ол OpenAI өнімдерінің қазіргі күрделілігін мойындап, оларды пайдаланушылар үшін қарапайым әрі ыңғайлы етуге ұмтылатынын айтты.

✅ GPT-4.5 (Orion) ерекшеліктері:
• Соңғы “ойланбай жауап беру” моделі – бұл модель күрделі ойлау сатыларынсыз тікелей жауап беретін OpenAI-дың соңғы моделі болмақ.

✅ GPT-5 ерекшеліктері:
• Біріктірілген жүйе – GPT-5 бір платформада дауыстық басқару, іздеу, терең зерттеу сияқты функцияларды біріктіріп, әмбебап көмекшіге айналады.
• Жаңа жазылу деңгейлері
• Тегін пайдаланушылар GPT-5-ке шектеусіз қол жеткізе алады,
• Plus және Pro жазылымдары бар қолданушылар ақылдырақ нұсқаларын пайдалана алады.

✅ Шығу мерзімі:
• GPT-4.5: Алдағы апталарда шығуы мүмкін.
• GPT-5: Бірнеше айдың ішінде қолжетімді болады.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🏀 Apple VR-гарнитурасына арналған қосымшаны шығарды, ол NBA матчтарын сіздің үйіңізде тікелей эфирде көруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта трансляцияда аздаған кешігу бар (0,5 секунд), бірақ Apple бұл мәселені шешуге уәде берді.

👏 Сондай-ақ, 2026 жылы League Pass ойындары да қосылады деп күтілуде.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
😮 Канадалық өнертапқыштар болашақтың тінтуірін ойлап тапты.

MinVerse — виртуалды нысандарды сөзбе-сөз «сезінуге» мүмкіндік беретін тактильді кері байланысы бар үшөлшемді контроллер.

Жай компьютерлік тінтуірден ерекшелігі – MinVerse үш өлшемде жұмыс істейді!

Бұл гаджетті сурет салуда, модельдеуде, дрондарды басқаруда және тіпті ойындарда пайдалануға болады.

💰 Құрылғы Kickstarter-де 670 долларға алдын ала тапсырыс қабылдап жатыр екен.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Zonos – жаңа дауыс клондау құралы

🌟 Ерекшеліктері:

✅ Жылдам және тиімді: дауыс клондау үшін тек 10-30 секундтық үлгі жеткілікті.
✅ Сапаны бақылау: сөйлеу жылдамдығы, биіктік, тон және жиілікті реттеу мүмкіндігі.
✅ Эмоция қосу: қуаныш, ашу, қайғы немесе қорқыныш сияқты сезімдерді беру.
✅ Префикс эффектілері: сыбырлау, интонациялар және тағы басқа әсерлер.
Барлық мүмкіндіктерді GitHub сайтынан табуға немесе онлайн режимінде тегін сынап көруге болады.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
OpenAI бұл жарнамаға $14 млн жұмсаған екен.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🎞 Ray2 бейне генераторы енді суреттерді «тірілте» алады.

Бұл процесті ол жылдам, бірқалыпты және шынайы түрде жүзеге асырады.

Dream Machine-де Video режимін таңдап, Ray2 моделін таңдағаннан кейін өз референсіңізді жүктесеңіз жеткілікті. Нәтижені нақтылай түсу үшін мәтіндік нұсқаулық қосуға болады.


Маск OpenAI-ды сатып алғысы келеді: ол директорлар кеңесіне ресми сұраныс жіберді, деп жазады WSJ. Ұсынылған баға — 97,4 млрд доллар.

Маск ChatGPT-нің іргетасын қаласқандардың бірі еді, бірақ кейін жобадан шығып кетті. Ол OpenAI-дың нейрондық желіні ақылы еткені үшін бірнеше рет сынаған. Болжам бойынша, Маск жасанды интеллектті баршаға тегін қолжетімді болу керек деп есептеген.

Алайда, ChatGPT басшысы Альтман қарсы ұсыныс жасап: «егер қаласаңыз, біз Twitter-ді 9,74 млрд долларға сатып аламыз» деген. Дегенмен, соңғы шешімді Альтман емес, директорлар кеңесі қабылдайды.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.