Өзін соңғы орынға қойып, кейін, кейін деп кейінге қалдырып, басқалардың қамын ойлап жүргенде, өз өмірінің өтіп кеткенін де байқамай қалады адам… Уақыт артқа қайтса мейлі ғой, уақытты артқа қайтарып алып өзіммен кейін-ақ айналыса беремін дейтін… Бірақ қайтпайды… Ол тек орындалмас арман болып қалады… Сол себепті басқалар деп жүріп өзіңізді ұмытып қоймаңыз. Өз-өзіңізді бағалаңыз. Өйткені қысқа ғана өмір бүгін бар,ертең жоқ…