Akma.hanifa🫀


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Сен іздеген қазына өз ішіңде жатыр…

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Қаза намазын шын өтегісі келетін, тез уақытта нақты жоспармен бітіргісі келетіндер болса “Қаза намаз” практикумы бар🙌

Нөлден бастап шайнап түсіндірілген аудио, текст, сызбамен, түрлі қосымша ақпараттарымен🙌

Намазын, ақыретін уайымдаушы, қазасын өтеуге ниеттілер ғана қажет болса алсаңыздар болады, тек сіздердің сұраумен жасалған сабақ болатын🙌

Құны: 2.000 теңге
Доступ 2 ай

Чек ж/е каспи осы номерде: http://wa.me/77476534707


- Қаза намаздарың бар ма?
- Ия, бар
- Онда сен қалай ТВ, кино, телефон көруге уақыт табасың?
- Қалай сонда?
- Бұларды көру былай тұрсын зәру істеріңнен бөлек тіпті сөйлеуіңнің өзі жайз емес қой (рұқсат етілмеген).

Зәруліктеріңнен бөлек уақыттың бәрін қазаларыңды өтеуге арнау керексің. Қашан өлеріңді білмейсің, мойныңдағы қаншама жылдық қаза намаз қарызымен өтіп кету өте қауіпті❗️
Зәрулік істерің - ішіп жеу уақытың 15-20 минуттық, жұмыс істеу уақытың, фытри 6-7 сағаттық ұйқы, отбасыңа көңіл бөлу, әжетіңді өтеу, болды! Осыдан басқа уақыт бәрінде қазаңды тезірек бітіруге тырыс


©️Қадірлі үлкен ұстаз


Адамның басына келетін түрлі бәле-жаланың басты себебі - Раббысынан шағымдануы… яғни, Раббысының жазғанына, бергеніне наразы болып, өміріне шағым айта беруі…

©️Алла достары


Сондай тәтті кітап қой, сондай ғажайып кітап қой🥹

Қазір Құранның мұғжиза баптарын Аллах оқытып жатыр, енді айтып жеткізу мүмкін емес қой, шоктың үстіне шокка түсіп түсіп, миым төңкеріліп…🥹

Әр аяттағы жасырын кодтар, құпия белгілер, скрытый смс тер, әріптердің сырлары… Аллах қандай ааа, қандааай? Бізге түсірген Кітабының 0,0001%-ы ғана осындай болса, Кітаптың Авторы қандай екен?🥺😍


Намаз, Құран, истиғфар - ылғи қозғай беретін, қақылдааап айта беретін тақырыптарым, байқасаңыз)

Бұлар болмай, үстіне басқа нәрсе тұрғыза алмаймыз🙌


Құранды күнде қанша оқысақ та аз ғой негізі… Құран кетсе білмеймін, Аллах сақтасын, мына әлемді, жүрегімізді қараңғылық басады😢

Құран… Құраным💚 Құранның адамзатқа тарту етілген ең үлкен сый, нығмет екенін білмей өз қолдарымен өздері жасап алған ғапылдықта жүргендер үшін ішім өртенеді…


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Бір адамның жүрегінде қаншалықты тәкаппарлық болса, соншалықты ақыл-санасында ноқсандық бар

©️Хазреті Али (к.у)


қатты өкінесіз сосын, 200% гарантия🙌 қаншама жылымды қалай Құрансыз өткізгенмін, неге ертерек оқымадым екен? Неге бәрін ысырып қойып Құран үйренбедім екен деп?!

Уақытым жоқ, мүмкіндігім жоқ, анау мынау деп әуелі өзіңді алдамай ақ қойшы, өтініш🙌 Сенің жәй ғана ниетің, ықыласың жоқ.

Мына Заңдылықты бүкіл жерден естіп, көріп жүрсіздер: Құран ғана уақытты кеңейтеді. Болды. Құранға көңіл бөлесің, бәріне үлгересің! Бөлмейсің. Екі дүниең де ақсайды. Уақытым жоқ Құранға емес, сен Құранға уақыт бөлмеген соң сенің уақытың тар және ӨТЕ БЕРЕКЕСІЗ. Берекелі деп шайтан сені алдап қойған тек))


Құраннан (мұсхафтан) сәл алыстасаң, яғни кітапты ұстап оқымай қойсаң сағынасың. Телефоннан оқу басқа ғой, жақсы әрине, бірақ мұсхафтың өзін ұстап, иіскеп рахаттанып оқығанға жетпейді 🤍

Бір қызық дүние бар, бәріне таныс шығар😀
Бүкіл Құрандар бірдей ғой, яғни сүрелер орналасуы, беттері, т б. Бірақ біреудің Құранын алсаң өзіңе қажет сүрені таба алмаай парақтап отырасың, өз Құраныңнан бір секундта ашып тауып ала саласың… қызық ия?!

Мораль: ҚҰРАН ОҚЫМАЙ, Мұсхафты ұстамай, ОСЫНДАЙ НАҒЫЗ БАҚЫТТЫ өз жалқаулықтарының себебінен ғана сезінбей жүргендер үшін сондай ішім ашиды, сондай бір аяймын демейін, бірақ қалай мұндай қолда тұрған асыл нығметтен құр қалуға болады деп ойлаймын…


Абдуллах ибн Мубарактан былай деп сұрайды:

- Адамға берілген ең қайырлы нәрсе не?
- Қуатты бір ақыл
- Егер ол жоқ болса ше?
- Көркем бір әдеп
- Егер ол да жоқ болса ше?
- Кеңесіп тұратын салих бір дос
- Егер ол да болмаса ше?
- Терең бір үнсіздік
- Егер ол да жоқ болса ше?
- Шұғыл бір өлім…

Мораль: бұлардың ешбірі жоқ болса өмір сүрудің де еш мәні жоқ
Мораль 2: Қуатты ақыл нығметіне жету үшін де үнсіздіктен бастайды екенбіз. Үнсіз бола алатын адам тыңдай алады, тыңдай алатын адам да салих достар таба алады, салих дос сені сөзсіз әдемі әдепке жетектейді, әдебі дұрыс адамға да терең білімдер оңай қонады, солай қуатты ақылға ие болады…

Неге ең қайырлы нәрсе ақыл?
Себебі, басқа жаратылыстан айырмашылығымыз осы ғана, ақыл беріліп ғибадат парыз етілді, ақыл арқылы ғибадат етеміз, жүрек арқылы ықыласты қосамыз, ал ақылсыз тек жүрек болса адамға ғибадат парыз емес🙌
Парыз болу шарты не еді? Ақыл-есі орнында, толысқан болу керек емес пе?!


Дүниені не үшін керек қыламын? Не үшін қажет дуняуи қалауларым деп сұрап көрші өзіңнен…

Дүниені тек дүние үшін керек қылады көбі. Ол қалай?

- Ақша деген дүниенің бір түрін абырой деген дүниенің басқа бір түрі үшін керек қылады
- Үй деген дүниенің бір түрін рахат деген дүниелік бір сезім үшін керек қылады.
- тағысын тағы…

Ниет құлшылық үшін болса, Алла сен қашсаң да береді бәрін. Неге? Себебі, бізді осы мақсатта ғана жаратты ғой. Құлшылық етуіміз үшін жаратқан болса, осы құлшылыққа не қажет, соның бәрін бере береді, себебі біз керек-жарақты жарата не жасай алмайтынымызды Ол жақсы біледі🙌

Дүниені дүние үшін сұрасақ та береді, бірақ мұнда ақырет ақсап, бізді құрдымға апаратындықтан көп жағдайда бізге деген Махаббат және Қамқорлығынан сақтап тұрады… сен ниетіңді, амалыңды түзеп алғанша…бірақ, дүниені ақырет үшін, яғни ақыретке азық ретінде жасайтын құлшылығымыз үшін сұрасақ ше? Онда біз екі дүниеміз үшін де лоторея ұттық қой😍

Я, Раббым, әдемі үйге мұқтажбын, сол үйдің әрбір жерінде Өзіңе парыз және нәпіл намаздарымды алаңсыз оқу үшін, Құран оқып үйді және үйдің тұрғындарын нұрландыру үшін, қонақ күтіп Сенің құлдарыңды қуанту үшін және ең бастысы күн сайын үйдегі әрбір детальге қарап Саған мақтау мен шүкірлер айтып, Өзіңді тәфаккур ету үшін🤍


Алла саған дүниені ақырет үшін берді, яғни, ақыретті іздеп, сол үшін амал етуде қолдансын деп берді, көңіл байлап беріліп, малынып кету үшін емес🙌

©️ Осман бин Аффан (р.а)


Сенің ең нашар құлыңмын…Раббым…


Ұлылардың ең ҰЛЫ дұғасы не білесіз бе?

“Я, Раббым, бізге Өзіңе шынайы құл болуды нәсіп етші, бізді Өзіңе нағыз ҚҰЛ қабыл етші”


Құл үшін маңыздысы ҚҰЛ ролін, құл хәлін сақтау🤍

• Тәкаппарлық
• Құлда “ЖАСАУ” деген қабілет, функция жоқ
• Шайтанның кіретін ең үлкен, ең жасырын каналы
• Кибирсіз жаһилдік пе әлде кибир тақуалық па?
• Білімің артқан сайын білімсіздігің арту керек

“Жоқтық” деген ең жоғары мақамға бір қадам👤


Бүгін бір жақсы іс істесең, мәселен, кітап оқыдың, құран оқыдың не намаздарыңды толық, уақытылы оқыдың не басқаларға жақсылық жасадың…

Әр ізгі істен соң сансыз шүкір ет Раббыңа: себебі, саған Алла жасатты, Алла сені бүгін ізгі істерде қолданды ☀️

Кітап оқыдым, құлшылық жасап, жақсылық істедім деп өзіңді көтеріп масаттанба!!! Хақың жоқ! Мүлде!
Мұндай істерде өзіңді еш көрме, өзіңді қыстырма, өзің емессің себебі, 100% заңдылық бойынша өзің емессің, Алла таңдады сені💯


Алланың бір құпиясы бар🔐

Ол - Хабибі Мұхаммед ﷺ

Пайғамбарымыз Хазреті Мұхаммедтің ﷺ бір құпиясы бар🔐

Ол - Аллаһу Таъала

Кімнің құпиясына ұмтылсаң да сені бақыт жолына шығарады📍


Қалай Ол бір сәтте айтылған миллиардтардың түрлі тілдегі, түрлі дауыстағы дұғаларын еш шатаспай тыңдай алады?

Қалааай????


ҚАЛБУН СӘЛИМ🫀

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.