Идристің Ыдырыс болуына аз қалды… ⌛️🇰🇿
⚡️ «Ақтөбенің» ресейлік ойыншысы Идрис Умаев жақын күндері «қазақ» атанады. Иә-иә, первичкасы мен утиль алымы төленіп, желтоқсан айында Қазақстанның көк паспорты қолына тиеді.
Умаевты қазақыландыру процесінің жүріп жатқанына бірнеше жыл болды. Ұлттық құраманың экс бас бапкері Магомед Адиев Идристі Қазақстанның намысын қорғауға үгіттеп, футболшы қуана келісімін берген еді. Өзі де талай БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мұны айтып келді.
🛂 Сонымен ресейлік футболшының әзірлеген құжаттары барлық сатыдан өтіп, еліміздің азаматтығын беруге құзырлы орган түбегейлі шешім қабылдапты. Яғни, осы желтоқсан айында Идрис Ыдырысқа айналып, көп паспортын қолына алады.
❤️ Бұл жаңалықты естіген бірқатар қазақстандық клуб Идристі қазірден өз қатарына шақырып жатқан көрінеді. Бірақ, Умаев ҚПЛ-да «ақ-қызылдардан» басқа ешбір командаға ойнамаймын деп отыр.