Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Bloglar


Елдос Алаштың авторлық арнасы.
Автордың материалын (мәтінін ) пайдаланған жағдайда каналға сілтеме көрсету керек екенін естертеміз.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri




Қызықты сәттермен өмір қызық емес пе!

😁 Қазан айының соңында Талдықорған қаласындағы “Зүбән апа” жекеменшік балабақшасы мені кездесуге шақырды. Тәрбиешілермен кездесуге шақырған болар деп ойладым да қойдым.

📚 Барлыбек пен Ілияс әкелерімнің кітабын шығарып, елге таныстыруға келген соң, уақыт тауып, уәдем бойынша “Зүбән апа” балабақшасына бардым. Міне, бар қызық осы жерден басталды…

✍️ Қатарлас жүрген замандас балалар жазушыларының бірде-бірі балабақшаға кездесуге бармапты.

🧚 Мені ақ қанат періштелер тік тұрып қарсы алып, қазақ дәстүрімен қолыма су құйып, күй тартып, қошемет көрсетті. Бәрі “Елдос Тоқтарбай келді” деп қояды 😉 Сөйтсем, балдырғандар кітабымды үш ай бұрын тапсырыспен алдырып, әбден оқып, талдап тастапты)))

🫅”Құлыншақ” ересектер тобы “Тау құсы” кітабын жаттап-ақ алған екен. Кейіпкер есімдерін жатқа соғып отыр. Маған сұрақ та қойылды. Сергіту сәтінде бірге ойнап, жаттығу жасадық 🙂

📚 “Бала қиялы — ертегі” деген тақырыптағы кездесу — менің мәңгілік санамда жаңғырып тұрар ерекше мезет, мөлдір әлем.

🧑‍💻 Жазушының бақыты — оқырманының ықыласына бөлену. Еліміздің аспан түстес байрағындай киінген кішкентай достарым жазуға деген құмарымды арттырды 🤍

❤️ Жүректерім менің!
Бақыттарың, жолдарың ашық болсын!
Балалық дәурендерің алаңсыз өтсін!

🏘️ Жүрегі бар патшалықтың құрылтайшысы Айнаш Рыскельдинова апайға, “Зүбән апа” балабақшасының бағбандарына ризашылығымды білдіремін.

🤲 Аллаға шүкір! Дегеніме жеткіз, талабымды оңғар, Тәңірім!

#алаш_аманаты
#алаш_сөзі
#елдос_тоқтарбай
#елдос_алаш








ІЛЕКЕҢНІҢ “БЕТАШАРЫ”

📚 Ілияс Жансүгірұлы — менің сүйікті ақыным. Өрен жүйріктің 130 жылдығына орай деп неше жыл ұйқы көрмей түнімен жұмыс қылып ем, міне, соның нәтижесі ретінде алғашқы кітап (Беташар. Бұрын жарияланбаған шығармалар) қолыма тиді. Аллаға шүкір!

Енді, бұйыртса, 📚 4 кітап басылып жатыр… бәрі сәтімен болсын!

📚 “Беташар” — ақынның алғашқы кітабы (1927). Сол алғашқы кітабының атымен бұрын
жарияланбаған шығармаларын қайтадан жинақтап, оқырман назарына ұсындым. Қабыл алыңыздар!

✅ Бұл кітапқа “Беташар”, “Өтірік”, “Сағанақ”, “Балаларға базарлық”, “Жаңа жолда”, “Құл” т.б. еңбектері қамтылды.

✅ Осы кітабымды Ильфа Ілиясқызының рухына арнадым. Аяулы апамның рухы шат болсын!

✅ Бұл кітапқа пікір жазып, әрқашан мені қолдап жүретін алаштану мен әдебиеттанудағы қос алыбым, аяулы Тұрсын Құдакелдіұлы мен Айгүл Серікқызы ұстаздарыма және досым Жаңагүл Шыңғысханқызына ризашылық айтамын.

✅ Кітабым Жетісу облысы әкімінің қолдауымен шықты. Бұл ретте облыс басшылығына, С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапхана ұжымына айрықша алғыс!


ҚАДІРМЕНДІ ӘЛЕУМЕТ!

БҮГІНГІ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ, ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Астана, күт! Астаналық достарды шақырамын!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Бижомарт Қапалбек ұстаз жазған екен:

Мына жігіттер кешегі Ақымет пен Әлиханның, Міржақыптың үкіметтен бір тиын алмай «Қазақ» газетін шығарғаны сияқты, шығарып қана қоймай өздерінен бұрын баспахана ашып «Шора» мен «Уақыт» басылымдарын шығара бастаған татар бауырларынан таралым жағынан озып кеткендігі сияқты жалпы ұлтқа керек іс істеп жатыр екен. Қолдау керек. Әсіресе, «газет шығарамын» деген Міржақыпқа Түркістан жақтан екі қоржын ақша арқалатып жіберген байлардың ісін қайталау керек.
Жігіттер үлгілі іс істеп жатыр, Тәңір жарылқасын!


Құқық саласындағы ғалымдармен бірлесе жазған ұжымдық еңбегіміз жарық көрді 🤗 Жазар көбейсін!




РЕКОРД ЖАҢАРТҚАН КІТАП

✍️ Менің бұған дейін көп сатылған екі кітабым — “Жарық сәуле” мен “Алаш сөзі” еді. Сол екі кітаптың рекордын бұзып, жеке шығармашылығымның аясын кеңейтіп, қалтамды қалыңдатқан — “Тау құсы” кітабым 🤗. Шүкір!

📚 “Тау құсы” — 5 000 таралыммен шығып, әр данасы 3000 теңгеден сатылып, жалпы өте жақсы сомада кіріс жинады. Міне, 🇰🇿 Отанымның экономикасына жазушы һәм жеке кәсіпкер ретінде салық төлеп, үкіметтің де, өзімнің де көңілімді жадыратқан туындым. Осы еңбегімді сатып алып, талқылап, қызу оқып жатқан әр оқырманыма мың алғыс! Енді төртінші басылымы сатылғалы жатыр… Жолы ашық болсын! ✍️ жазар көбейсін!

📺 Ертең (Жексенбі, 17:00-де) аяулы Жүсіпбек Қорғасбек ағамның хабарында кітабым талқыланады.
Көріңіздер!

#балалар_әдебиеті
#тау_құсы
#елдос_тоқтарбай
#елдос_алаш


Қайырлы таң, достар!
6.10.24 (жексенбі) күні көріңіздер!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Бүгінгі спичтан!
Бүгінгі спичтан бір сөзім бір азаматтың жүрегіне жетсе, жазушы ретінде бақыттымын!
🙏


Ертең!
Алматы!


Top 8 quotes to conquer your dreams:

1. "All our dreams can come true if we have the courage to pursue them." - Walt Disney

2. "Success is walking from failure to failure with no loss of enthusiasm." - Winston Churchill

3. "Try not to become a person of success, but rather try to become a person of value." - Albert Einstein

4. "It is not the strongest of the species that survive, nor the most intelligent, but the ones most responsive to change." - Charles Darwin

5. "I have not failed. I've just found 10,000 ways that won't work." - Thomas Edison

6. "The whole secret of a successful life is to find out what is one's destiny to do, and then do it." - Oscar Wilde

7. "Don't be afraid to give up the good to go for the great." - John D. Rockefeller

8. "I find that the harder I work, the more luck I seem to have." - Thomas Jefferson


Бүгін (28.09.1897) — асқақ Мұхтар Әуез туған күн!!!


БҮГІН — ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ӘКЕМІЗ ОПАТ БОЛҒАН КҮН!

1937 жылдың 27 қыркүйегінде қандықол қанға жерік қаны бұзық сталинизмнің сайқал саясаты кесірінен қазақтың аймаңдай атпал азаматы, Алаш көсемі, ұлт болмысы, 71 жастағы Әлиxан Нұрмұxамедұлы Бөкейxан ату жазасына кесілді.
Асыл бабамыздың жатқан жері жайлы болсын!

Бүгінгі оқылған Құран сүрелерінен болған сауап қабірін нұрландырып, қабір азабынан сақтап, жанын жәннаттан, тәнін раxаттан ете көргей!

Рухына әл-Фатиха!
Асыл ерді сағынышпен, құрметпен еске аламыз!

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.