🏋️ Қатар елінің астанасы Дохада ұйымдастырылған ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі өз мәресіне жетті!
🇰🇿 Қазақстандық ауыр атлеттер өз тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасында командалық есепте бірінші орын алды!
73 келіде Ақжол Құрманбекке тең келер қарсылас болмады. Ақжол бірден 2 әлемдік рекорд пен Азия рекордын жаңартты: екінші жаттығуда 175 келі көтеріп, қос сайыс қорытындысы бойынша 316 келі көрсеткішке қол жеткізіп, Азия чемпионы атанды!
Аянат Жұмағали (76 келі) екі санатта да бақ сынап, қарсыластарынан оза шауып, 2 алтын медаль жеңіп алды!
Алексей Чуркин де ерекше нәтиже тіркеді. Алексей екі апта бұрын (81 келі) Бахрейнде ересектер арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдесін (368 келі) еншілесе, Қатарда (89 келі) қос сайыс қорытындысы бойынша 360 келіні нәтижесімен Азия чемпионы атанды!