OCTAGON лигасының Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасындағы қақтығысқа қатысты ресми мәлімдемесі
23.03.2025 күні, OCTAGON лигасының конференциясы қарсаңында, ABB Arena түсірілім павильонының автотұрағында Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасында әлеуметтік желідегі пікірлерден туындаған жанжал орын алды. Тоқтар көліктен павильонға бет алған кезде, оған Камолов сәлемдесу үшін жақындаған, алайда бұған дейінгі өзара келіспеушіліктерге қарамастан, жағдай ушығып кеткен.
Оқиға орнындағы күзетшілер дереу араласып, төбелестің өршуіне жол бермеді. Тексеру барысында, спортшылар бұл жанжалды өз жекпе-жектерін жарнамалау мақсатында әдейі ұйымдастырғаны анықталды. Алайда, олар бұл әрекеттері туралы OCTAGON лигасының басшылығын хабардар етпеген.
OCTAGON лигасының басшылығы Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камоловтың бұл әрекеттерін қатаң айыптайды. Лига әрдайым Орталық Азия мен басқа да елдердің спортшылары үшін халықаралық аренада өнер көрсетуге мүмкіндік беретін орта ретінде танылып келген. Мұндай әрекеттер OCTAGON лигасының кәсібилігіне көлеңке түсіреді және оның құндылықтарына сәйкес келмейді.
Осыған байланысты, OCTAGON лигасы келесі шешімдерді қабылдады:
Қоғамдық тәртіпті және келісімшарт шарттарын бұзғаны үшін Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов 6 айға дисквалификацияланды (оның ішінде 3 ай – нақты дисквалификация, ал қалған 3 ай – шартты жаза). Жарыстарға қатысуға тыйым салу 2025 жылдың 23 наурызынан бастап күшіне енеді.
OCTAGON лигасы мұндай әрекеттерге мүлде жол берілмейтінін және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдейді.