🤱 Бала өмірінің алғашқы 6 аптасында балада заттық көру қабілеті, яғни, заттың көріністік бейнесін қабылдау және оны жадыда сақтау қабілеті болмайды.
✔️1,5-2 айлығында ірі, түстері бір-біріне кереғар заттар, ересек адамның бет-жүзі біртұтас күйінде қабылданады. Сондықтан, бұл жаста бала өзімен 40-50 см қашықтықтан сөйлесіп тұрған ересектің жүзіне көз тоқтата алмайды.
✔️2 айлығынан бастап бала тігінен баяу қозғалатын заттарды бақылауды үйренеді, бірақ оның көз жітілігі әлі де болса мінсіз емес, көру ауқымы да әлі өте тар.
✔️3 айлығында көз жітілігі жетіле түседі – бала өзінен айтарлықтай қашықтықтағы заттарды қарай бастайды: өз қолы, қолындағы зат, қозғалыстағы заттардың артынан басын бұрады.
✔️2,5-3 айлығында бала кейде анасын, ал кейде әкесін таниды, әлдебір таныс затты көрсе, күлімсірейді, яғни, оның көру жадысы – көрініс бейнелерін сақтау және оларды тани білу қабілеті дамиды.
🔊 3 айға дейінгі жас аралығында балалардың көру қабілетін тексергенде қандай белгілерге айрықша назар аудару керек, қандай белгілер медицина қызметкеріне немесе ата-аналарға баланың көру қабілетінде бұзылушылық бар екенін білдіре алады:
❗️көру қабілетіндегі ауытқушылық қауіп-қатерлерінің бірінің болуы;
❗️баланың бетінен 20-40 см қашықтықта көз деңгейінде орналасқан затқа ересек адамның бет-жүзіне көз тоқтата алмауы;
❗️баланың бетінен 20-40 см қашықтықта баяу қозғалып тұрған затты көзбен бақылау қимылдарын жасамауы;
❗️баланың өз қолдарын, қолына ұстатылған заттарды қарамауы;
❗️күшті жарық көзіне бас бұрмауы;
көз қарашығының жарыққа әсер бермеуі немесе әлсіз әсер беруі.
⚠️ Көру қабілетінде ақауы бар баласы бар аналардың сөзінше, баланың 3 айлығында байқалған басты белгі – баланың анасына көз тоқтата алмауы. Көп аналар осы жаста баламен сөйлесе бастағанда, бала олардан теріс айналған. Бұл зағип немесе нашар көретін бала, бірінші кезекте анасымен көру арқылы емес, тыңдай отырып, дыбыс көзіне қарай басын бұру арқылы әрекет ететінін көрсетеді.
❓ 3 айлық балаңыздың бетіне сөйлегенде сізге қарайтын ба еді?