ДАЙМИДАЛЕР = ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ?
Дауысты робот Даймидалерды дыбыстауды мен сонау көктем айларында бастадым. Және 2-3 бөлімнен кейін мен бұл ісіме өкіне бастадым. Себебі сол кезде менің ойымша Даймидалерде ешқандай құндылық жоқ сияқты еді. Мен өзімді адамдарға қоқыс ұсынып жатырмынба деп кінәлай бастадым. Алайда бастаған істі аяқтауға тура келген соң мен азғантай ғана уақытымды осы анимені жалғастыруға жұмсадым. Және бір қызығы жаңа бөлімдер дыбысталған сайын мен Даймидалерден өте көп мағына таба бастадым. Ал енді постты Сонан Киоконың кеудесіндей тым үлкен қылмай Даймидалердегі басты идеяларға көшейін. Анимедегі ең көзге көрінер дүние ол ескі меха анимелерге деген пародия. Яғни таңдаулы әрі лайықты кейіпкер, құралмалы, адам арқылы басқарылатын робот, жанрға тиісті музыка және тб. Және авторлар назар аударған ең басты проблема ол ұятсыздық, жыныстық қатынас, адам бойындағы комплекстер тақырыбы. Мысалы Даймидалердың бір қолы неге арық ал екіншісі тым үлкен? Жауабын еркектер қауымы өте жақсы түсінді деп ойлаймын. Ал пингвиндер империясындағы пингвиндердің алдыңғы құйрығы неге ұқсайды? Тіпті анимедегі кейіпкерлердің өзі оны жыныстық мүшемен шатастырды ғой. Бұл авторлардың көп ер адамдардың бойындағы өлшем жайлы комплексті көрсетуі болды деп ойлаймын. Одан бөлек Киюна Кириконың өз денесін сүйіктісі Амеку Шоумадан басқа ер адамға ұстатпауы ол бір жағынан таза, адал махаббат сезімін бейнелесе екінші жағынан қыздарға өздерін қалай ұстау керектігі жайлы астыртын пропаганда болды десе де болады. Ал анимедегі ұятсыз видео, фото, журнал, тауарлар жайлы жайттар авторлардың жай ғана пародия не комплекстер жайлы аниме жасағанын емес бүкіл ұлт тағдырын ойлағандарын көрсетеді. Демек Даймидалер сырт көзге жай ғана күлкілі меха-этти-пародия болып көрінгенімен шын мәнісінде оның бойында өте көп құндылықтар тоғысып жатыр. Жақында анименін соңғы 12-бөлімі шығатын болады ал оны әлі көрмеген адамдарға мен құлаққап киіп Даймидалерді көруге ұсынамын.