Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚜️ Облыс әкімі Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе өңіріне жасаған жұмыс сапары туралы жазба жариялады
#Ақтөбе
🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi
Бүгін Ақтөбе облысына Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен келді 🇰🇿
Ақтөбе – еліміздің стратегиялық орталықтарының бірі. Экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салаларда аймақтың үлесі айтарлықтай.
Сапар барысында Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндадым. Биылғы 11 айда аймақ экономикасының өсімі 6 пайызды құрады. Ал өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артты. Инвестиция тарту жұмыстары жалғасады. 2025-2027 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалар да таныстырылды.
Мәселен, Ақтөбе қаласының әуежайын мультимодалды хаб ретінде дамыту үшін мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылады. Бұл жобаға 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция тартып, 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Ақтөбе қаласында болат құбырларын шығаратын зауыт жұмыс істеп жатыр. Жылына кәсіпорын 20 мың тонна өнім өндіруде.
ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатын, жұмысын бастаған - Хромтаудағы «Болашақ» шахтасы 1800 жұмыс орны құруға мүмкіндік береді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.
2025 жылы, яғни «Жұмысшы мамандықтары жылында» отандық өнеркәсіпті қолдауға баса назар аударылады. Мұны Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына мамандар даярлайтын жалғыз кәсіптік оқу орнында айтты.
Қасым-Жомарт Кемелұлына Ақтөбе қаласында салынатын жаңа құрылыс нысандарының макеті де көрсетілді. Президент тапсырмасына сай, шаһарда 700 орындық драма театры және 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек.
Президенттің №1 Хромтау орта мектебі, Ақтөбедегі жедел басқару орталығы және перинаталдық орталық, «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына баруы әр саланың дамуына, онда жұмыс істейтін қызметкерлерге және тәрбиеленіп жатқандарға жаңаша серпін беретіні сөзсіз.
Біздің ортақ міндетіміз – Ақтөбенің әлеуетін толық пайдалану және болашаққа нық қадам жасау. Президенттің сапары осы бағыттағы нақты істердің бастамасы болмақ.
#Ақтөбе
🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi