❗️Қазақстанда қарапайым азаматтардың декларация тапсыруы тоқтатылды
Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен үкімет отырысында мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында айтқан тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды.
Жеке сектор қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да азаматтардың қалған санаттарындағы шамамен 8 миллион адамның декларация тапсыру міндетіне қатысты Қаржы министрі базалардың цифрландырылуын және қолма-қол төлемдердің дамуын ескере отырып, бұл санаттағы азаматтарды активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырудан босатуды ұсынды.
📱 t.me/askerenews
Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
"Қазіргі таңда декларацияны 4 миллионнан астам адам тапсырады. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы барлық басқа санаттағы азаматтар декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Бұл халық арасында алаңдаушылық туғызды, оны мемлекет басшысы назарға алды. Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың деректер базасы барынша цифрландырылған. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді. Халықаралық келісімдер аясында шоттар бойынша мәліметтер алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызметтер кеңінен таралған. Сондықтан жеке тұлғалардың активтері туралы ақпарат толық бар. Осыған байланысты Қаржы және цифрландыру министрліктері екінші деңгейлі банктерді қоса алғанда, барлық цифрлық базалардан мәліметтерді алып, оларды тіркеу және салықтық бақылау жүргізуді қамтамасыз етуі қажет. Сол себепті мен 2025 жылы қалған санаттағы азаматтарды активтер бойынша декларация тапсыру міндетінен босату жөніндегі Қаржы министрінің ұсынысын қолдаймын", - деді премьер-министр Олжас Бектенов сейсенбі күнгі үкімет отырысында.
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен үкімет отырысында мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында айтқан тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды.
"Бүгінгі күні жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне алғашқы үш кезең аясында 4,8 миллион адам кірді, олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары, квазимемлекеттік сектор өкілдері және олардың жұбайлары бар", – деп мәлімдеді қаржы министрі Мәди Такиев.
Жеке сектор қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да азаматтардың қалған санаттарындағы шамамен 8 миллион адамның декларация тапсыру міндетіне қатысты Қаржы министрі базалардың цифрландырылуын және қолма-қол төлемдердің дамуын ескере отырып, бұл санаттағы азаматтарды активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырудан босатуды ұсынды.
"Бұл босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамын қамтиды. Декларациялау келесі санаттағы тұлғалар үшін сақталады: Қазақстан Республикасынан тысқары активтері барлар; жыл ішінде 20 000 АЕК-тен (74 млн теңге) асатын мүлік сатып алғандар; өз бетімен салық салынатын табыс алғандар", – деп толықтырды Такиев.
📱 t.me/askerenews