❗️Украинада ресейлік әскерлер "Нива" және "Жигули" көліктерімен шабуыл жасап жатыр – BILD сарапшысы
Алдыңғы шептен алынған ерекше кадрларға ашық деректерді зерттеу бойынша BILD сарапшысы Юлиан Рёпке назар аударған. Бір видеода ресейлік төрт әскери Покровск маңындағы украин позицияларына ВАЗ-2106 (Жигули") көлігімен шабуыл жасаған. Олардың барлығы қаза тапты. Басқа видеода үш "Нива" автокөлігі әскери пикаптарға айналдырылып, шабуылға шыққаны көрсетілген. Бұл көліктерді де украиналық дрондар жойған.
Бұған дейін Рёпке бронтехниканың жетіспеушілігіне байланысты РФ қарулы күштері сарбаздарды майдан шебіне қытайлық гольф-карттармен жеткізіп жүргенін хабарлаған еді.
"Жаңа кадрлар ресейліктердің Украинада алға жылжу үшін бронетехниканы, танкілерді немесе қытайлық көліктерді емес, қарапайым "Ладаларды" қолданатынын көрсетеді. Олар кейбір жағдайларда бронтехниканың міндеттерін орындауы тиіс. Бұл ақылға сыймайтын міндет. Украиналық кадрлардан көріп отырғанымыздай, мұндай әрекеттер үлкен шығындарға әкеледі. Бұл таңғаларлық кадрлар, өйткені "әлемдегі екінші әскер" деп аталатын армия "Ладалармен" шабуыл жасауға мәжбүр", – деп Рёпке ирониямен мәлімдеді.
📱 t.me/askerenews