Оңтүстік Корея Парламенті ел президентіне импичмент жариялады
Президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялауға қатысты бастаманы 204 депутат жақтады. Ұлттық ассамблеяның 85 мүшесі қарсы шықты. Тағы 3 адам қалыс қалса, 8 дауыс жарамсыз деп танылды.
Енді соңғы шешімді Конституциялық сот қабылдайтын болады. Бұл процесс 6 айға созылуы мүмкін. Президентті қызметінен шеттетуге қатысты оң шешім шыққан жағдайда, елде кезектен тыс сайлау өтеді.
Айта кететіні, президенттің міндетін уақытша премьер-министр Хан Док Су атқаратын болады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz