ең бақытты шақтарым. анамның, бауырларымның жанында. шаңқ-шаңқ етіп ұрса берсем де, жақсы көретінімді, осыдан асқан бақыт жоқ екенін сезем. бүгін әкемнің бейітіне ауылға барып келдік. таңғалғаным, еш өкініш пен өксік тірелмеді тамағыма. қуанып барып, қайтып келе жатырмын. қарапайым өмірді сағынғаным сонша, танымайтын бір ағаның 60 жылдығында аталармен аяқ талғанша биледім. екі шәйнек қалтада. ендігі жол Оралға. сүйікті жандарыммен тағы да бір бақытты сәт өткізіп қалуға құмармын.