Ажарлым✨


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Telegram


қарапайым

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Қалада болсам бұл шаралардан қалмайтын едім)
Мүмкіндік болса барып, көріп қайтыңыздар!


“Аққұйын” кітабының таныстырылымы😻


Ақыл - қозы.
Нәпсі - бөрі.
Иман - шопан.
Мықты болмаса, нәпсі ақылды жеп тынады.

©️Мәуләна


Belgisiz ūly dan repost
Сүйінші! Егізді болдым.

Көптен күткен жаңалықтарыңыз міне осы. “Белгісіз” & “ұлы” егіз-кітабының (twinbook) жарыққа шыққанын сіздерге қуана хабарлаймын. Алла қаласа, Маусымның 29-ы күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында, сағат 15:00-де тұсаукесер болады. Бәріңізді күтем.

p.s. Кітап тұсаукесерден соң сатылымға шығады, бұйырса.

#бақыт


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Кімде Focus to-do қосымшасы бар?
Топтар болса қосылғым келіп тұр😁


Бар жатып ұйықта.

Бәрібір жазбайды ол саған)


Азамат Скаков:
- Соңғы 7 жылда, 2016-дан бері 22:30-да ұйықтап, 04:30-да тұрамын.
Дұрыс, сапалы ұйқы арқылы 18 кг салмақ тастадым.

“Оу, бұл қалай?” деп миым қабылдай алмады😂
Көру керек.

Түнгі ұйқының маңызы соңғы айларда өзіме қатты сезілді. Бүгін ерте ұйықтаймын дегеннің өзінде 1 жарым 2-лерде ұйықтап жүрдім🥲
Түндегі ұйқыны ешкім бермейді. Мейлі сен екі-үште жатып, 10-12 сағат ұйықтасаң да)

Бұрын айтатын едім “3-4 сағат ұйықтасам да, сергек болып жүремін” деп. Сүйтсем ол кезде ертерек ұйықтап жүрген екенмін ғой)
Сол түнгі ұйқының орны толмағандықтан күні-бойы шаршап жүресің, энергияң болмайды, бас жиі ауырады. Стресс пен депрессия да осыдан шығады екен.

Қазір ұйқымның сапасына көңіл бөліп жатырмын.
Арықтап жатсам айтармын)


Адамдар ешқандай ақыл тықпаламайтын жай тыңдауға мұқтаж.
Тыңдай білу маңызды.


Бүгін емханаға бардық. Үлкен інімнің аяғын көрсетуге барғанбыз, ауыртып алған ғой оң аяғын)

Травматологтағы адамды көрсең💆🏻‍♀️
Кішкене біртүрлі болып қалдым. Кішкентай бөпе де, үлкен ата-әжелер де жүр. Кезекті ұзақ күттік, кіре алмай кетеміз бе деп едік, үлгердік.

Травматологтың жанында онкологтың кабинеті. Ол есіктен адам кіріп-шыққанына қарап ойланыыып қалдым🫠

Мынау травматолог ағайдың рентгенге жазып берген қағазы🤣 Жазғанын түсінуге тырыспадық та, апарып рентгенге түсіретін ағайдың қолына бере салдық.

Дәрігерлерге жарасады ғой мына почерк. Ертең тақтаға тақырып жазғандағы жазуым оқушыларға қаншалықты түсінікті болады екен деееп тағы ойланып қалғансың ғой)

Сол жүрген жерімде құр жүрмей ойланыыып жүрмін😉


Көпшілік ғалымдардың креативті дүние тудыра алмауы - олардың ойланбауы емес, керісінше ойлауды бір мезет тоқтатып, кідіріс жасауды білмегендіктерінен.

©️Экхарт Толле


Мен Таразды көргім келеді. Ол қала жайлы миымда құрастырып алған картина бар. Сонымен қаншалықты сәйкес келеді екен, сол қызық

Тараздық группаласыммен басым піспейді, просто)

#десең


Тым белсендімін, ішім толып қалған ба бірдеңе🤣
Шошымаңыздар)


Кішкентай інімізге домбыра сыйладық. Мәз.
Кішкентай болғанда 5-сыныпты аяқтап жатыр сол.
Спортқа бармай, аспапқа әуес болыпты.
Мен де бесінші сынып оқып жүргенімде домбыра үйірмесіне қатысқанмын. Сол кезде алған ескііі домбыраммен ойнап жүрген ғой. Оның ішегі үзіліп, папам жаңа ішек салып беріпті.
Оқу жылын жақсы аяқтағанына сыйымыз болсын деп) Мектепте жыл үздігі атанып, үздіктен шеруінде де төбе көрсетіпті.
Мәзбіз біз де. Мақтанып қоясың ғой іштей🙂‍↕️

Домбыраны сатып алғандағы оқиға бөлек енді🤣 Кейін айтармын)


Қазір өзгерістер болып жатыр ма бірдеңе🙂‍↕️
Біреу “өзгеріп кетіпсің ғой” десе айтармын🫠


Кітаптарыммен бөліспей кеттім. Оқымай кеттім негізі. Әр кітаптың басын бір шалып, бастағандарымның көбі аяқталмай қалды. Аяқталғандарының өзі ықыласпен, көңіл қойып оқылмағаннан кейін маңыздылығын жоғалтқан сияқты🥲

Кітаптың бетіне қарағым келмейтін күйге түстім. Ашқым келмейді. Ашылса да көз салған беттерімде не оқығанымды түсінбей қиналдым. Жаман екен.
Өміріңді құнсыздандырып жібересің бе бірдеңе.
Ана 1 жылда 60 кітап дегеннің алпысын арқама жүк қылып алған сияқтымын. “Ойбай алпыс оқуым керек”- деп.

Ұнатып, қызығып алған кітаптарымды бастағаннан кейін, жай бетін жауып сөреге қойып қоя бергенмін ғой. Кітапқа үлкен ожидание қойып тастап бастадым ба бірдеңе. Қызықсыз, тартпайды мені деп оқымай қоя салдым.

Көңіл күйім болмағанда, шаршағанда үйдің жанындағы кітап дүкеніне кіріп кітап сатып алатынды шығардым. Қазір оқуды қажет етпейтін, өзіме қызықсыз кітаптарды. Соған сәл өкінемін ба бірдеңе🫠


Күшті кітап бастадым🥹
Осы уақытта оқылуы керек болған екен. Кейінге қалдырып жүре бергенмін ғой. Аяқтаған соң бөлісермін.


Данияр ағайдың белсенділігі ұнап жатыр😍✨


Данияр Жігітбек dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Жыртылған реакция не үшін?

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.