БІРІНШІ БОЛ


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


«Бірінші бол» (1bol.kz) ақпараттық агенттігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетіне БАҚ ретінде тіркелген.
⚫️ Жарнама бойынша: @olzhas_baibosin

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Бокстан әлем чемпионаты: Анита Адишева жеңіліп қалды

Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Анита Адишева (52 кг) бірінші айналымда жеңіліс тапты.

19 жастағы қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегін мексикалық Жасмин Эсмиральдо Хуарес Патиноға қарсы өткізген. Адишева үш раунд бойы қарсыласын үздіксіз шабуылдап, сауатты қорғана білді. Тіпті, үшінші раундта мекскалықты нокдаунға да жіберген. Соған қарамастан, төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Хуарес Патиноға берді.

Осылайша Анита Адишева жарысты 1/16 финалдан аяқтады.

Әлем чемпионатының алғашқы күні Алуа Балқыбекова мен Елдана Тәліпова қарсыластарын қиындықсыз жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын. Ал, бүгін Жайна Шекербек қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты жекпе-жексіз жеңіске жетті және 1/8 финалға жолдама алды.


Metaratings Top Awards: Дауыс берудің соңғы күні!

🎙«Үздік комментатор» номинациясында Fonteam резиденттері – Әлімжан Асқар, Олжас Байбосын және Ерсін Ерік жеңіске үміткер.

🔥 Ал өткен жылы үздік комментатор атанған Ермұхамед Мәулен биыл «Үздік бренд-амбассадор» болуға жақын.

❤️ Сонымен қатар, FONBET командасы бірнеше беттинг номинациясына ұсынылған.

🟪 metatopawards.kz сайтына кіріп, өз дауысыңызды беріңіз! ⬅️


Арабтарды «азғырған» Ивана Кноль. Қарапайым Дель Пьеро – Ермаш пен Ерсіннің фотоальбомы

https://youtu.be/O2Rplmy-1jw
https://youtu.be/O2Rplmy-1jw
https://youtu.be/O2Rplmy-1jw


Қазақстанда байлар мен кедейлер арасындағы арақашықтық үлкен – ресейлік футболшы

«Қайрат» клубының ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Алматыда пәтер жалдап тұру және азық-түлік бағасы туралы айтты.

Сорокин «Қайрат» сапына 2024 жылғы 22 шілдеде қосылды. Бұған дейін ресейлік футболшы төрт ай бойы «Елімай» клубында ойнады.

— Қазақстанда Мәскеуден соң барлар, театр, дүкендер жеткілікті көріне ме?

— Иә, әрине. Алматы — жақсы қала, Қазақстандағы ең мықты қалалардың бірі. Ауа райы қолайлы, өмір сүру сапасы жоғары, дүкендерде бәрі бар, қолжетімді.

— Ал пәтер жалдап тұру ақысы қанша?

— Жақсы тұрғын үйден пәтер жалдау шамамен миллион теңге - 200 мың рубльдей. Мәскеудегі бағамен шамалас. Бірақ ол өте жақсы пәтер болады. Мен базаға жақын жерден қарап отырмын, себебі базамыз қаладан сырт жақта, ол жақта кешке кептеліс те Мәскеудегідей.

— Ал кедейлер жоқ па?

— Байлар мен кедейлер арасындағы арақашықтық өте үлкен. Бұл басқа қалаларда қатты сезіледі. Ресейде де сондай ғой.

— Қазақстанда өмір сүру қымбатырақ па?

— Жоқ, шамалас. Бағалар да ұқсайды. Такси де, әдетте мен таксимен жүремін.


«Реал» Мбаппеге 117 млн еуро бонус төледі

Танымал журналист Марсала Лорент Килиан Мбаппенің «Реалға» трансферінің қаржылық мәселелеріне қатысты мәлімет берді. Бұл туралы El Nacional басылымы жазды.

Дереккөздің сөзіне қарағанда, «корольдік» клуб француз шабуылшысына жақында ғана 117 млн еуро бонус пен жылдық жалақысын төлеген. Бұл бонус футболшының келісімшартқа қол қойғаны үшін берілген.

Мбаппе «Реалға» жазғы трансфер кезінде ауысты. Биылғы маусымда ол барлық турнирде 39 матчқа қатысып, 27 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Естеріңізде болса, Мбаппе «ПСЖ» клубынан кетіп, «Реалмен» 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойған.


Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралғысы келеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) өзінің UFC дивизионына қайта оралғысы келетінін жасырмады.

Айта кету керек, Жұмағұлов бұған дейін UFC лигасында өнер көрсетіп, жеті жекпе-жек өктізген және оның алтауында жеңілген.

Өзінің айтуынша, ол соққыларды дәл тигізу (минутына) статистикасы жағынан UFC-де үшінші орында тұр екен (жеңіл салмақта). Бірінші орында – америкалық Джошуа Ван, екінші орында – бразилиялық Джон Линекер.

«Мен бұл дивизионға бұрынғыдан қарағанда дәл қазір көбірек керекпін», - деп жазды Жұмағұлов X әлеуметтік желісінде.


Жалғас соңғы рет былтыр 9 қарашада жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде қазақ файтері Словакиядағы Oktagon MMA 63 турнирінде Уэльс өкілі Аарон Абимен төбелесіп, жеңіске жетті.


49 жастағы өзбекстандық гимнаст әлем кубогінде чемпион атанды

кезеңінде тірекке секіру жаттығуында алтын медаль жеңіп алды.

Тірек секіру жаттығудың финалында 49 жастағы Оксана Чусовитина 13.516 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.

Оксананың бұл биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол Германияның Котбус қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде қола медаль олжалаған.

Оксана Чусовитина әлемдегі ең танымал гимнастардың қатарында. Ол сегіз Олимпиадаға қатысқан. 1992 жылы Барселонада командалық сайыста алтын медаль алған. 2008 жылы Бейжіңде күміс медальға ие болған. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында 11 медаль жеңіп алған (3 алтын, 4 күміс, 4 қола).

Былтыр БАҚ-қа сұхбат берген Чусовитина 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына баруға ниетті екенін жасырмады.

Айта кетейік, Бакудегі FIG спорттық гимнастикадан әлем кубогы 10-наурызда аяқталады


Жеңілістен көз ашпады: «Астана» баскетболшылары тағы оңбай жеңілді

Елорданың «Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасында кезекті матчын өткізіп, тағы да оңбай жеңілді. Жеңілістен көз ашпайтын астаналық команда 35 турда небәрі бір рет қана жеңіске жеткен.

Глеб Плотников шәкірттері өз алаңында бұл жолы Екатеринбургтің «Уралмашын» қабылдады. Қонақтар матчты белсенді бастады, сөйтіп бастапқы екі кезеңде алға шықты. Ал сонан соң елордалықтардың әбден мысын басып, қарқынын тіпті үдете түсті. Нәтижесінде есеп «Уралмаштың» пайдасына 106:66 болып аяқталды.

Астаналықтар сапынан ең нәтижелі болғандар: Дэниел Утоми — 18 ұпай, Ти Джей Старкс — 13, Мағжан Сәрсенғалиев — 9, Данила Походяев пен Асқар Майдекин — 7 ұпайдан, Владислав Исаенко — 5.

11 наурызда «Астана» сырт алаңда «Пармамен» кездеседі (Пермь өңірі).


Гвинея тарихында алғаш рет: Аустриядағы Гран Приде ерекше оқиға тіркелді

Дзюдодан Аустрияда өтіп жатқан Граин Приде Африкада орналасқан Гвинея елінің балуаны қола жүлдегер атанды. Аталған елдің тарихында мұндай жетістікке жеткен дзюдошы мүлдем болмаған.

Мариана Естевес 57 келі салмақ дәрежесінде күресті. Ол барлығы 4 белдесу өткізіп, соның үшеуінде жеңіске жетіп отыр.

Гвинеялық дзюдошы алдымен швециялық Гранберг Тованы иппонмен жеңді. Ширек финалда Нидерланд дзюдошысы Ван Де Шанноннан жеңілді. Одан кейін жұбаныш белдесуде испандық Вилсон Кларетті сан соқтырып, қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды. Шешуші белдесуде 18 жастағы жапон қызы Хондо Риконың қос жаурынын татамиге қадап, турнирдің қола жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, Естевес жапон дзюдошысын жеңген тарихтағы алғашқы гвинеялық дзюдошы болып та тарихта қалды.

28 жастағы Естевес Мариана бұған дейін тек Африка құрлығында олжа салып жүрген. 2 мәрте Африка чемпионатын жеңген. Африка ашық кубоктарында 2 рет топ жарып, 2 күміс, 1 қола медаль олжаған.

Еске салайық, Гран Приде Қазақстан құрамасы да өнер көрсетіп жатыр. Күні кеше татамиге шыққан Әбиба Абужақынова жарыс чемпионы атанды.


Әуежай қызметкерін ерлікпен құтқарған Мұса Әбдірайымға WBC құрмет көрсетті

Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған қызметкерді ерлікпен құтқарып Мұса Әбдірайымға кәсіпқой бокстағы басты төрт ұйымның бірі құрмет көрсетті. Нақтырағы, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ер адамды бейбітшілік елшісі етіп тағайындады.

Бұл туралы WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Маурисио Сулейман қазақстандық Әлихан Жарылғапов арқылы ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетіне жоғары бағасын берген. Одан қалды жерлесімізді ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп атады.

«Мен онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр», - деді ұйым басшысы.


Естеріңізде болса, Мұса Әбдірайым кеше Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған бойжеткенді құтқарып қана қоймай, қаскөйден пышақты жұлып алып ерлік жасады. Осы әрекеті үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.


⚡️Әбиба Абжауқынова Аустрия Гран При жарысында топ жарды

Аустрияның Линц қаласында басталған дзюдодан әлемдік Гран При жарысында Қазақстанның үздік дзюдошысы Әбиба Абжауқынова чемпион атанды. Әбиба осымен Гран При турнирінде екі мәрте топ жарып отыр. Ол алғаш 2023 жылы Португалия Гран Приінде жеңімпаз атанған.

Әбиба Линц татамиінде екінші айналымнан бастап жарыс жолына шықты. Алғашқы белдесуінде жапон қызы Мизуки Хараданы иппонмен жеңді. Ширек финалда татами қожайыны Жакелин Спринжерден шидо саны бойынша басым түсті. Жартылай финалда нидерландтық Амбер Гержесті белдесуі аяқталуына аз уақыт қалғанда ваза ариге түсіріп, жеңіске жетті. Финалда 19 жастағы жапон қызы Сашуа Иошиноны сан соқтырып, турнирдің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Әбибаның биылғы алғашқы жарысы. Соңғы рет ол 2024 жылы Абу Даби Гран Слэм турнирінде қола медаль алған.

Жарыс жолына Әбибадан бөлек 4 дзюдошы шыққан. Барлығы жарысты ерте аяқтады. Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі) алғашқы айналымда аяқтады. Толғанай сербиялық Милиса Николичке шамасы жетпесе, Дана хорват қызы Дора Бортастан айласын асыра алмады.

60 келіде Талғат Орынбасар алғашқы белдесуінде швейцариялық Дэвид Гоштанды жеңген. Алайда екінші айналымда бразилиялық Аугусто Михаелден өте алмады.
66 келіде бақ сынаған Нұрмұхамет Ботабай алдымен неміс дзюдосы Ноэль Шмидті қапы қалдырса, екінші айналымда өзбекстандық Дильшодбек Баратовтан жеңілді.

Турнир 9-наурызға дейін жалғасады.


Абиба Әбужақынова Аустрия Гран Приін жеңіспен бастады

Дзюдодан Линцте басталған дзюдодан Гран Приі турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова жарысты жеңіспен бастады.

Қазақстан дзюдошысы 48 келіде алғашқы белдесуінде жапониялық Мизуки Харададан басым түсті. Енді ол келесі айналымда Аустрия өкілі Жаклин Спрингермен белдеседі.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы сапында Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі) алғашқы айналымда жарысты аяқтаса, 60 келіде Талғат Орынбасар швейцариялық Дэвид Гоштан басым түсті. Бұдан бөлек, 66 келіде Нұрмұхамет Ботабай неміс спортшысы Ноэль Шмидті қапы қалдырды.

Айта кетейік, Абиба жыл басталғалы бері енді бірінші жарысына қатысып отыр.


«Ол менен қашып жүр»: Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын айыптады

Кәсіпқой бокста орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы доминикалық Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын айыптап отыр. Айтуынша, қос бірдей чемпиондық белбеудің иесі (WBO және IBF) онымен жұдырықтасудан қашып жүрген көрінеді.

«Оны боксшы деп айтуға келмейді. Ол қорқақ. Өзі де, оның промоутері де. Екеуі де – популистер. Басқаша қалай атауға болатынын білмеймін. Мен оларға жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жібергенмін. Сондықтан ол менімен төбелесе алатын. Тек қол қойса болғаны. «Маған келісімшарт жібер» деп айғай салады, бірақ келісімшарт жібергенімізді өзі жақсы біледі. Ал, бұл балапан қағазға қол қоймай қойды, сөйте тұра әлі сөйлеп жүр. Ол менімен төбелеспейтінін жақсы біледі, себебі қорқады. Спаррингке қарағанда, жекпе-жекте әлдеқайда қиын болатынын біледі», - деді Адамес Broadway Joel-ге берген сұхбатында.


Адамес пен Әлімханұлының әлеуметтік желі арқылы жанжалдасып жүргеніне екі жылдан асты. Екеуі де бірін-бірі жекпе-жекке шақырғанымен, тараптар ортақ шешімге келе алар емес.

Qazaq Style 5 сәуірде Астанада кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ал, Адамес жуырда ғана титулын қорғау үшін британдық Хамза Ширазбек жұдырықтасып, тең түсті.


Танымал балуан Бувайсер Сайтиевтің өліміне саяси көзқарасы себеп болуы мүмкін – дереккөз

2 наурызда қайтыс болған даңқты балуан Бувайсар Сайтиевтің өліміне қатысты әлі де қауесеттер мен алып-қашпа әңгімелер көп айтылуда. Өйткені, өлімнің нақты себебі әлі белгісіз.

Бұған дейін Сайтиевтің ауыр дерттен көз жұмғаны айтылған болатын. Алайда, артынша ол үй терезесінен құлап кеткен деген нұсқа тарап кетті. Енді саяси көзқарасына байланысты қастандық жасалған деген болжам айтылып жатыр.

Сайтиев қайтыс болғанға дейін Шешенстан еркін күрес қауымдастығының басшысы қызметін атқарды. Ол бұрын Ресейдің мемлекеттік Думасында депутат болған. 2022 жылы Путин әскері Украинаға басқыншылық соғысын жүргізе бастағанда Сайтиев бұған қарсы шыққан көрінеді.

Соғыс басталған үш жылда Ресейде жұмбақ жағдайда терезеден құлап қайтыс болған шенеуніктер мен топ-менеджерлер саны көбейген. Бұл сәйкестік пе, әлде расымен де саяси астары бар ма – ол жағы белгісіз.

«Baza» телеграм-каналы Бувайсар Сайтиев өлімінен кейін оның терезеден құлағанын растайтын бірнеше адамның пікірін жариялады. Алдымен сол үйдің күзетшісі құлаған адамның денесін көріп, дереу жедел жәрдем шақырғанын айтса, тергеу кезінде марқұмның інісі де балуанның абайсызда үшінші қабаттан ауып кеткенін мәлімдепті.


Қазақстанға мүмкіндік: ФИФА әлем чемпионатындағы елдер санын 64-ке жеткізуі мүмкін

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2030 жылы үш бірдей құрлықта өтетін әлем чемпионатына қатысушы елдер санын ұлғайту нұсқасын қарастырып жатыр. Бұл туралы The New York Times жазды.

Дереккөз мәліметінше, әлем біріншілігіне қатысушылар санын бірден 64 елге ұлғайту мундиальдің 100 жылдығының құрметіне жасалмақ.

Бұл ұсыныс ФИФА басшысы Джанни Инфантиноның қызығушылығын тудырған. Дәл осы Инфантиноның арқасында 2026 жылғы әлем біріншілігіне қатысушы елдер саны 32-ден 48-ге артты.

2030 жылғы әлем чемпионатын үш ел қабылдайды: Испания, Португалия және Марокко. Ал Уругвай, Аргентина мен Парагвайда бір-бір матчтан өтеді.


«Менен неге қашып жүр?»: Жәнібек Әлімханұлы араб инвесторына өтініш айтты

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бокстағы ірі инвестор, Riyadh Season бокс шоуын ұйымдастырып жүрген Турки әл аш-Шейхке өтініш жасады.

Отандық былғары қолғап шебері екінші орта салмақтағы үш негізгі белбеудің иегері мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек ұйымдастырып беруін сұраған.

«Канелоның» қарсыласы кім екенін білмеймін, бірақ менің екі титулым бар. Ол менімен жұдырықтасудан неге қашып жүр? Турки, маған «Канелоны» беріңіз, сол кезде нағыз бокстың қандай болатынын көріп таңғаласыз», - деп жазды «Қазақ стилі» өзінің Х-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альварес шаршы алаңға 3 мамыр күні Әл аш-Шейхтің Эр-Риядта өтетін шоуында оралады. Ол міндетті үміткер кубалық Вильям Скуллмен кездеседі. Ал Жәнібек 5 сәуірде Астанада француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады.


Ресми: Мұхит Амантаев пен Ануарбек Бекембетов шаршы алаңда кездеседі

Танымал бапкер Мұхит Амантаев пен аралас жекпе-жек шебері Ануарбек «Мотиватор» Бекембетов жекпе-жек өткізеді.

Бұл туралы AllStarsBoxing өзінің парақшасында реси түрде жариялады. Жанкүйер күткен айқас 6 маусым күні Алматыда өтеді.

«Мұхит Амантаев пен Ануарбек «Мотиватор» Бекембетов – AllStarsBoxing 4 турнирінде! Екі бокс шебері қызықты жекпе-жекте кездеседі. Бекембетов өзін ММА мен жалаң жұдырық жекпе-жектерінде дәлелдесе, Амантаев – тәжірибелі жаттықтырушы және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұл айқас нағыз тартысты болмақ», - делінген жазбада.


Естеріңізде болса, желіде «Мотиватор» мен Амантаев арасында дау туындаған болатын. Себебі Бекембетовке Мұхиттың шаршы алаңда жас шәкіртін ұрып жатқаны ұнамаған. Сондықтан Ануарбек Амантаевты айқасқа шақырып, 10 раундтық кездесу өткізу туралы ұсыныс жасады. Амантаев та үнсіз қалмай, Бекембетовке сабақ беруге дайын екендігін айтты.


Fonteam dan repost
⚡️Достар, бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет!

Біздің серіктестеріміз MetaTop Awards сыйлығында үздіктер қатарында!

🥇 "Бірінші бол" – "Үздік спорттық БАҚ" номинациясына ұсынылды!
👍 Soqqy – "Үздік спорттық блог" номинациясына үміткер!
❤️ FONBET – беттинг номинацияларында үздік атануға үміткер!

✅ Егер сіз сапалы спорттық контентті және сенімді серіктестерді қолдағыңыз келсе, дауыс беріңіз: metatopawards.kz ⬅️


Сметовтің Лондонда қайда жаттығып жүргені белгілі болды

Англияға ағылшын тілін оқып жүрген дзюдошы Елдос Сметовтің бос уақытында қайда жаттығып жүргені белгілі болды. Бұл туралы ағылшын дзюдошысы Аюб Дабалла сурет жариялады.

Ағылшын спортшысы жариялаған фотода Париж Олимпиадасының чемпионы Сметовтің «Рalavani judo club» залында жаттығып жатқанын байқауға болады.

Бұған дейін отандасымыздың тұманды Альбиондағы жаттығу барысында Аюб Дабалла үнемі бірге жүргенін көпшілік куә болған еді. Ұлыбритания құрамасында өнер көрсететін Аюб Дабалла 21 жаста. Ол дзюдодан 60 келіде халықаралық жарыстарда белдесіп жүр.

Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарған Елдос Сметов жоспарымен бөлісіп, ұлттық құрама сапына 2026 жылдың басында қосылатынын атаған еді. Ол әзірге тіл үйреніп, өзінің білімін жетілдіруді көздейтінін мәлімдеген.


Қайрат Сәтжанов құрама боксшыларының шамасына баға берді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов алдағы жоспарымен бөлісті. ҰОК өкілдерімен әңгіме барысында бас бапкер екі аптадан соң ел боксшыларын Ресейдегі оқу-жаттығу жиындарына қатысатынын мәлімдеді.

«20 наурыздан бастап Ресейдің Кисловодск қаласында біріккен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бұл жиынға Ресейдің, Өзбекстанның, Әзірбайжанның, Беларусьтың 1-2 нөмірлі боксшылары қатысады. Бір құрамамыз Бразилияда өтетін Әлем кубогына аттанады. Одан бөлек тағы бір құрамамыз Әзірбайжан мен Грузияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Кейіннен 10-16 сәуір аралығында "Жібек жолы" атты ірі халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Сондай-ақ 13-27 наурыз аралығында Жапония мен Корея мемлекеттерінің қатысуымен жаттығу жиыны өтеді. Ал Ресейде дайындалып жатқан спортшылар Хабаровскіде өтетін жарысқа қатысады», - деді Қ.Сәтжанов.

Сонымен бірге, ол «Странджа» турнирінде жүлдесіз қалған әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханға және 92 келіде Сағындық Тоғамбайдың неліктен жарыстан тыс қалғанына қатысры пікір білдірді.

«Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальға қол жеткізе алар еді. Бірақ 48 келі салмақта өнер көрсететін Санжар өзінің бірінші жекпе-жегінде саусағын шығарып алғанына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Жарысқа бір күн қалған кезде Махмұд Сабырхан тағамдық инфекцияға байланысты жекпе-жекке шықпады. Дәрігерлер айтуынша, оның жүрегі айнып, қызуы көтерілгенін атады. Нәтижесінде 3 наурызға дейін спортпен шұғылдануға болмайды деген анықтама берді. 92 келі салмақ дәрежесінде Сағындық Тоғамбай дайындық барысында саусағын сындырып алған болатын. Сондықтан ол жарысқа қатыса алмады», - деді бас бапкер.

Ұлттық құраманың боксшыларына баға берген маман Болгариядағы турнирді қорытындылады.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Аталмыш турнирге Олимпиада жеңімпаздары, Азия чемпионатының жүлдегерлері, сонымен қатар Еуропа чемпионатының жеңімпаздары қатысты. Дей тұрғанмен біздің жігіттер өз бабында болды. Жарыста керемет өнер көрсетті», - деді ол.

"Странджа" турнирінде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль иеленді. Осылайша ұлттық құрама өз рекордын жаңартып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтаған болатын.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.