🥶
Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтілуде.
Ел бойынша бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжануда.
Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз.
Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейетін қатты аяз күтіледі.
Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус аяз шамасында сақталады.
@baq_kz