TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Kerek derek | KD

24 Mar 2018, 11:01

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

Бүгін сіздерге әлемдегі ақылды қалалар (смарт сити) жайлы аз кем мағлұмат бере кетуді жөн көрдік. Бұл қалаларда болашақ өмір басталып кетті десе де болады.

1. Иньчуань. Қытай. Халқының саны 1,6 млн.адамды құрайды. Қолма- қол ақша мүлде керек емес әлемдегі жалғыз қала. Мұнда " Күлімде де, төле" деген қызмет көрсету дамыған. Адамның бет-әлпетін тану технологиясы тауарлар үшін және көрсетілетін қызметтер ақысын оңай төлеуге мүмкіндік береді.
Автобустарда дәл осы жүйе жүргіншілердің бет-жүзін сканерден өткізіп, ақыны есепшотынан автоматты түрде ұстайды.

2. Фудзисава. Жапония. Халқының саны 3 мың адам.
Фудзисава- Токио қаласының жанынан арнайы салынған экоқала. Аумағында 600дей жекежай бар. Ол үйлерге электр энергиясын күн батареялары береді. Үйлердегі барлық тұрмыстық техника энергия үнемдейтін техникалар. Мәселен, кір жуатын машина ұнтақ пен су мөлшерін киімнің ластану деңгейіне қарай өзі мөлшерлеп береді.
Ал көшелердегі жарық қозғалыс байқалса ғана жанады.

3. Милтон-Кинс. Ұлыбритания. Халқының саны 192 мың адам.
Қала ішінде 2 орынды электрокарлар жүреді. Көліктер ішінде сенсорлы датчиктер, әр түрлі камералар орнатылған. Қала ішінде рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы 24км/сағ. Электромобиль қуаты 64 км-ге еркін жетеді.

4. Сингапур. Халқы 5,5 миллион адам. Көшелерде орналасқан сенсорлар мен камералар рұқсат етілмеген орындарда тасталған қоқыстар мен шылым шегуді бақылап, анықтап отырады. Егде жастағы адамдардың үйлерінде датчиктер қойылған. Егер адам аяқ астынан құлап немесе жарақаттанып жатса, жүйе сол мезетте емханаға хабар береді.

5. Сонгдо. Оңтүстік Корея. Халқы 90 мыңнан астам. Қаланың кез - келген жеріне велосипедпен 15 минутта жетіп барасыз. Кез - келген қызмет ақысын төлеуге қалтаңызда картаңыз болса болды. Сонымен қатар, бұл карта үйіңіздің кілті болып табылады. Егер алда - жалда картаңыз жоғалып қалса, құлыптағы код автоматты түрде ауысады. Әр ауданда жаңбыр суын жинайтын үлкен ыдыстар қойылған. Бұл суды газондарды суарып, көшелерді жуу үшін пайдаланады.

Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылға қарай осы сияқты тағы 600 дей ақылды (смарт) қалалар бой көтереді. Олар ЖІӨ ( жалпы ішкі өнім) 2/3 бөлігін өндіретін болады деп жоспарлануда.

94 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot