32- де Аштықпен кырған,
37-де қастықпен қырған,
41- де қанша еріңді құртқан,
54- те тың жеріңді жыртқан,
79- да Ауғанға айдаған,
86- да Хайуанға айналған,
Діннен бездіріп, ақылыңды алған,
Абайдың басына Атомын жарған,
Бай көңілімді лықсытып жатқан,
Байқоңырымды бықсытып жатқан,
Қазақты өмірі қорлаумен келген,
Мәскеуден пәрмен жолдаумен келген,
Адал асымды аяққа таптап,
Харам ас беріп, зорлаумен келген,
Қайбірін енді айта берейін...
Азат күніме қайта келейін,
Етек жеңіміз жиылған күнде,
Басыңа бақыт бұйырған күнде,
ҚАЗАҚТЫ СҮЙСЕҢ, ҚАЗАҚША СӨЙЛЕ,
АЛАШТЫ СҮЙСЕҢ, "АЛАШША" СӨЙЛЕ,
САНАҢНАН ӨШІП ТАП, ҚҰЛДЫҚ!
ОРЫСША СӨЙЛЕП, "ҒҰЛАМА" БОЛУ,
ДҰШПАНША СӨЙЛЕП, ДҮБАРА БОЛУ- ЕКІЖҮЗДІЛІК, САТҚЫНДЫҚ!
Асан Әбентегі.
37-де қастықпен қырған,
41- де қанша еріңді құртқан,
54- те тың жеріңді жыртқан,
79- да Ауғанға айдаған,
86- да Хайуанға айналған,
Діннен бездіріп, ақылыңды алған,
Абайдың басына Атомын жарған,
Бай көңілімді лықсытып жатқан,
Байқоңырымды бықсытып жатқан,
Қазақты өмірі қорлаумен келген,
Мәскеуден пәрмен жолдаумен келген,
Адал асымды аяққа таптап,
Харам ас беріп, зорлаумен келген,
Қайбірін енді айта берейін...
Азат күніме қайта келейін,
Етек жеңіміз жиылған күнде,
Басыңа бақыт бұйырған күнде,
ҚАЗАҚТЫ СҮЙСЕҢ, ҚАЗАҚША СӨЙЛЕ,
АЛАШТЫ СҮЙСЕҢ, "АЛАШША" СӨЙЛЕ,
САНАҢНАН ӨШІП ТАП, ҚҰЛДЫҚ!
ОРЫСША СӨЙЛЕП, "ҒҰЛАМА" БОЛУ,
ДҰШПАНША СӨЙЛЕП, ДҮБАРА БОЛУ- ЕКІЖҮЗДІЛІК, САТҚЫНДЫҚ!
Асан Әбентегі.