TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Kerek derek | KD

28 Mar 2018, 11:21

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

🌈☀" Ресей Федерациясындағы ең саны аз түркі тілді халық"🔴

Тофа əдеби тілі
Мəтбек Нұрсұлу Құрманбекқызы,
филология ғылымының кандидаты
Тофа тілі (тофаша – тоъфа дыл, көне атауы – қарағас) – Ресей Федерациясы Иркутск облысының оңтүстік-батысын мекендейтін түркіхалықтарының бірі – тофалардың ана тілі. Н.А. Баскаковтың жіктемесібойынша түрік тілдерінің ұйғыр-оғыз тобына жатады. Н.А. Баскаков осытопқа орхон-енисей түріктері мен ұйғырлардың көне тілдерімен қатар,тыва тілін де жатқызады [1]. Тофалар өздерін – тоъфа, ал 1930 жылдарға дейін оларды қарағастар деп атап келген. Бұл атау тофалардың бірруының (қара-һааш) өзгеріске ұшыраған атынан шыққандығы жөніндеМ.А. Кастрен жəнеВ.В. Радлов жазған. Бұл халық өздерін XIX ғасырдыңортасында-ақ тофалар деп атағандығынЮ.П. Штубендорф келтірген.
Тофалар тілі Шығыс Саян жоталарының солтүстік-шығыс аймақтарына орналасқан, Тофалария деп аталатын, Алыгджер, Жоғарғы Гутаражəне Нерха ауылдық əкімшіліктеріне тараған. Аталған елді мекендердіосыған дейін көшпелі өмір сүрген тофалар 1920 жылдардың соңындатұрақты қонысқа айналдырды. 1989 жылы жүргізілген халық санағы бойынша тофалардың саны 731 адам (Ресейде – 722), оның 630-ы Иркутск облысында тұрады. Нижне-удинск аудандық əкімдігінің мəліметтері бойынша, 1994-98 жылдарыТофаларияның өзіндегі тофалардың саны 620-697 адам аралығындаауытқып отырған. 2002 жылы жүргізілген халық санағында 378 адамныңғана тофалар тілін меңгергендігі тіркелсе, 2010 жылғы мəліметтерде осыұлт өкілдерінің 12%-ын құрайтын 93 адам ғана осы тілде сөйлейтіндігікөрсетілген [2].
Қазіргі тофалар Ресей Федерациясындағы ең саны аз түркі тілді халықболып саналады. Ресейде 2002 жылы жүргізілген халық санағы бойыншатофалардың саны 723 адам болса, олардың басым бөлігі (681 адам) ауылтұрғындары болып табылады [2]. Тофалар өз мəртебелері бойынша Сол-
түстік халықтарына жатады. Тофалар – аңшылықпен жəне бұғы өсірумен
айналысатын Саян тауларындағы ең ежелгі халықтардың бірі.
Фонетикалықжəне лексикалық белгілері бойынша тофалар тілі алыгд-
жер жəне гутара говорларына бөлінеді. Шығу тегі бойынша алғашқы говор – тыва, екіншісі хакас ұлттарымен байланысты.
1939 жылы Ресейдің Иркутск облысында Тофалар ұлттық ауданыұйымдастырылды, орталығы – Алыгджер ауылы, бірақ 1950 жылы қайта қысқартылып, Нижнеудинск ауданының құрамында екі ауылдық кеңес:
Тофалар (орталығы – Алыгджер) жəне Жоғарғы Гутара (орталығы –
Жоғарғы Гутара) пайда болды.
Тофалардың ауызша фольклоры мақал мен мəтелдерге, ертегілерге,
аңыздарға, хикаяларға бай.
Тофалар тілі құрылысы бойынша типтік түркі тіліне жатады. Оның
дыбыстық құрылымына жуан дауысты дыбыстар – а, о, у, ы, жіңішке да-
уысты дыбыстар э, ө, ү, и кіреді. Бұл дыбыстық қатар екі: ə, i фонемала-
рымен толықтырылған. Тофалар тілінің өзіндік ерекшелігіне жуан жəне
жіңішке көмей дауыстылардың (аъ, оъ, уъ, ыъ, эъ, өъ, үъ, иъ, əъ, iъ), сондай-ақ ашық дауысты созылыңқы фонемдердің (аа, оо, уу, ыы, ээ, өө, үү, ии, əə, ii) кездесуін жатқызуға болады. Бұл дауысты дыбыстар ерекшеліктері бойынша сөздік қордың айтарлықтай бай болуын қамтамасыз етеді.
Лексикалық қоры, негізінен, түркілік. Көне оғыз тіліне, сондай-ақ
көне ұйғыр тіліне жататын көнерген сөз формаларының саны біршама.
Бурят тілінен енген жəне ортағасырлық моңғол тілінен енген сөздер де
көп. Тофа тіліне орыс тілінен бұрын да, кейін де көптеген сөздер енген.
Синтаксистік құрылымы шылаусыз, көне түркілік түрін сақтаған, ал
бағыныңқы сөйлемнің орнына көсемшелік жəне есімшелік оралым қолданылады.
Тофа тілі жазуы бұрынғы Кеңес Одағындағы басқа да түркі халықта-
ры сияқты кириллицаға негізделген. Орыс алфавитіне
қ, ғ, ӈ, һ, ң, ө, ү, ə, i əріптері қосылған. 1988 жылға дейін тофа тілінің жазуы болмадыжəне зерттеушілер еңбектерінде тофа мəтіндерін жазу үшін латын жəнеорыс графикасына негізделген фонетикалық хат қолданылды. ВалентинРассадин, кейінірек тофа алфавитінің авторы болған, 1978 жылы «Салыстырмалы айқындаудағы тофа тілінің морфологиясы» атты еңбегінде
тофа сөздерінің транскрипциясы үшін
һ, ӈ, ө, ү, ə, i қосымша белгілері
қосылған барлық орыс əріптерін пайдаланды. Транскрипция негізі-
не морфологиялық элементтері

65 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot