TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Kerek derek | KD

28 Mar 2018, 11:21

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

мен фонематикалық принцип енгізілді.
Ресми жазу 1988 жылы төмендегі əліпбимен қабылданды: Аа, Бб, Вв, Гг,
Ғғ, Дд, Ее, Əə, Ёё, Жж, Зз, Ии, Іі, Йй, Кк, Ққ, Лл, Мм, Нн, Ңң, Оо, Өө, Пп, Рр, Сс, Тт, Уу, Үү, Фф, Хх, Һһ, Цц, Чч, Ӌӌ, Шш, Щщ, Ъъ, Ыы, Ьь, Ээ,
Юю, Яя [3].
Қосымша белгілердің баспада терілетін əріптерде жəне компьютерлік
шрифтіде болмауы 1980-1990 жылдары тофа мəтіндерін басып шығару
үшін теруде орыс алфавиті қолданылды, ал басқа əріптерге қажетті элементтер мен жекелеген əріптердің суреті басылып шығар алдында қолмен салынды.
Қазіргі кезде тофа жазуының қалыптасу үдерісі жалғасуда. «Тофаша-орысша жəне орысша-тофаша сөздіктің» 2005 жылғы басылымынасəйкес, алфавит төмендегі 41 əріптен тұрады [4]: Аа, Бб, Вв, Гг, Ғғ, Дд, Ее, Ёё, Жж, Зз, Ии, і, Йй, Кк, Ққ, Һһ, Лл, Мм, Нн, ң, Оо, Өө, Пп, Рр, Сс, Тт, Уу, Үү, Фф, Хх, Чч, Ӌӌ, Шш, Щщ, ъ, Ыы, ь, Ээ, ə, Юю, Яя.Ӌӌ, – 2005 жылғы сөздікте берілген тофа əліпбиінде ҷ əрпінің төменгібелгісі жоғарыда көрсетілгендей тік сызықша емес, ӄ жəнеӈ əріптеріндегідей солға қарай дөңгелектене келген, алайда қазір мұндай əріп Юникодкестесінде жəне жалпы қолжетімді шрифтіде жоқ.
Бір таңданарлығы – тофа алфавитінің қазақ əліпбиінен айырмашылығы жоққа тəн.
Тофалардың салт-дəстүрлерін зерттеуде танымал əрі жан-жақты түрколог-зерттеушілерВ.В.Радлов пен
Н.Ф.Катановтың, сондай-ақ тофаларды зерттеуде ғалымдарБ.Э.Петри, В.И. Рассадин мен
Р.Шерхунаев
т.б.
еңбектері ерекше.
Тофа тілін зерттеу XIX ғасырдың ортасында басталды. Алғаш қарағас
тілін тереңдетіп зерттеуді бастаушы ғалым-тілші
М.А.Кастрен болды. Ол
XIX ғасырдың 40-жылдары Финляндиядан беймəлім Сібірге аттанды.
Келесі осы зерттеулерді жалғастырушы академик
В.В. Радлов болды. ХХ
ғасырда тофа тілін зерттеуді
Н.П.Дыренкова, сосын
В.И.Рассадинжалғас-
тырды.
М.А. Кастреннің 1857 жылы неміс тілінде «Versuch einer koibalischen
und karagassischen Sprachlehre» (St.-Pb.) деген кітабы жарық көреді [5].
Келесі лингвист 1890 жылы көшпенді тофаларға барған
Н.Ф.Катанов
болды. Оның тофалар тілі мен фольклоры үлгілерін жазған жазбаларын
В.В. Радлов жариялады [5].
1930 жылдары тофа мəтіндерінен қысқаша жазбаларды кейінірек
Н.П. Дыренкова жариялады. Ол мəтіндер қоса берілген тофа тілі туралы
мақала жазды [6].
Тофа тілін фиксациялауды алғаш
Ю.И.Штубендорф жүргізді. 1854
жылы қарағастар туралы этнографиялық мақаласында тофалар материа-
лын орыс əріптерімен берді. 1857 жылы
М.А.Кастреннің 1 мыңнан астам
тофа сөздері латын графикасымен келтірілген «Койбал жəне қарағас тілдерінің грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. 1890 жылы
Н.Ф.Ка-
танов кириллицамен ерекше транскрипция қолданып, көптеген тофафольклоры шығармаларын жазып алды. Бұл жазбаларды 1907 жылы
В.В. Радлов жарыққа шығарды. Н.П. Дыренкова тофа тілі туралы 1933-
34 жылдары жазылған, латын графикасы қолданылған мақаласын 1963 жылы жариялады. 1971 жылы
В.И. Рассадин тофа тілінің фонетикасы
мен лексикасы туралы, тофа материалдары латын негізіндегі нақты фонетикалық транцкрипциямен берілген монографиясы жарық көрді. Бұлжұмыстың қосымшасында 2 ертегі жəне этимологиялық сөздік келтіріл-
ген. 1989 жылы тофа тіліне арналған кириллица негізіндегі, оның бар-
лық фонетикалық ерекшеліктерін қамтыған жазу шықты жəне бекітілді. Сол жылы алғашқы тофа əліппесі, содан кейін бірнеше басқа да мек-
теп оқулықтары, негізінен, хрестоматиялар мен сөздіктер жарық көрді.
#aboutnation
Жалғасы бар...

71 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot