Түркістан - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі арқылы тек Қазаққа ғана емес,бүкіл Түркі жұртына танымал қала. Сөз төркіні Түркі дегеннен бастау алып тұр. Ал "стан " парсы сөзі "ел" деген мағынаны береді. Түркілердің елі. Бір уақыттарда Қазақ Хандығының астанасы болған шаһар.Қала туралы ақындарда өз шығармашылығына қосса,тарихшылар кең көлемде еңбектер жазды. Енді осы Түркістан қаласы мен аймағы ОҚО дан бөлініп жеке облыс болып құрылмақшы. Ол осы сəуір мамыр айларында шешілмек. Мемлекет арнайы шешімімен Түркістаннан əкімшілік пен əрсала департтаменттері үшін ғимараттар қарастырып жатыр. Ал жаңа аймақтың атауы Түркістан облысы немесе Тұран облысы болуы мүмкін. Тұран сөзінің негізі де түркі сөзіне жақын. Бұлай жеке обоыс болуы мемлекет үшін баскаруға тиімді болса,саяси маңызы бар. Оған ОҚО мен Қызылорда облысының Түркістанға жақын жаткан аудандары қосылуы ықтимал. Түркістанға жақын жатқан Шорнақ ауылының тұрғыны 16000 екен. Сондағы көнекөз тұрғындардан сұрасам 60 жылдарға дейін Шорнақ кеңес дəуірінде Фрунзе ауданы болған екен.