Жүрегіме үңілсем... 💓


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Ruscha
Toifa: Sayohat


Сыр. Жыр. Ойтүрткі. Күнделіктегі шимайлар.
Ақын @botakoz_beksary

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Ruscha
Toifa
Sayohat
Statistika
Postlar filtri






Тазалығын жақсы көремін: үйдің, мидың, жүректің. Біріншісін ғана тап-тұйнақтай етіп ұстаймын. Қалғандарына әлім жетпей қала береді

#чөті
☺️🤭




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish








Алла Тағаланың мейіріміне, кеңдігіне, жомарттығына еш риясыз, күмән-күдіксіз сенген кезде өміріңізде “сіз күтпеген ғажайыптар” көп орын алады… Соған көп рет куә болдым🫶🏻

#бәріүшіншүкір




Бұрынырақта сыйлық келгенде, әсіресе қымбаат сый келсе ала алмай, қипақтайтын едім. Ыңғайсыз сезініп өзімді)) Кері қайтарған да кезім болды.

Қандай сый (үлкен болсын, кіші болсын) болса да, ол Алладан екенін 1-2 жыл бұрын ғана терең түсініп, қуана қабылдайтын болдым. Алла Тағала бізді адамдар арқылы қуантады😍

Алланың мейірімін тек сый дегенге ғана байламау керек. Алланың мейірімін мысалы мен сеземін:

- коляскамен жүргенде есігімді ашып берген адамнан;
- күлімдей сәлемдескен дүкендегі тәтеден;
- “ассаляму’алейкум” деп амандасқан бейтаныс мұсылман бауырымнан;
-үнемі отбасыңның тілеуін тұратын көршіден;
-бақытыңа, амандығыңа қуанатын жақындарыңнан…

Бұл тізім кете береді шексіз. Оның бәрі - Алланың мейірімі. Біздің басымызға сынақ келгенде де тәубе. Ол да - Алланың бізге мейірімі. Сынақ арқылы біз мықтап тәрбиеленеміз, өсеміз, сабақ аламыз❤️🥹

#бәріүшіншүкір








“Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін!” деген Алла Тағаланың уәдесі бар ғой. Шүкіріміз көп болсын🥹💗


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish



20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.