Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
«Челси» келгенде қарды күремеген стадион басшысы түн ішінде қызметінен кетті
УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде Алматыда өткен «Астана» мен «Челси» арасындағы матчта стадионның қарын күремеген Орталық стадионының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен қуылды.
Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Соның кесірінен «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған.
- «Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясынан.
Стадионға 20 982 көрермен келді.