Бір пенде


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Арнада ойларым, пайдалы ақпарат!
Парақша белгілі бір бағытта емес.
Жазбаны сілтемемен алсақ ✅
(Шығып кеткендер қайта кіре алмайды🫡)

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Біреу кедей болса «Құдай кедей қылды», біреу жаман болса «Құдай жаман қылды», біреу надан болса «Құдай надан қылды» деу Құдайды жамандаған болады. Не тапса әркім өз пиғылынан, өз кәсібінен таппақ. Құдай ешкімді зорлықпен кедей қылмайды, ешкімді зорлықпен жаман қылмайды, ешкімді зорлықпен надан қылмайды.

Құдай бермейтұғын сараң емес, сақтай алмайтын осал емес. Не кемшілік болса, пенденің өз пейілінен, өз осалдығынан....
Мәшһүр Жүсіп


Жастар ұғып алыңдар:

Жас күндеріңде ата-ананың қызметін қылып, бата алмағандарың-өскенде өзіңнен төмен иттің құлдығында қаласың. Ата-анаңның ризалығын мақсат қылсаң, есіл дертің ата-ана ризалығы болса –жасаған жас, сүрген өмір, қылған кәсіп, тіршілігің пайдасын көресің. Мәшһүр Жүсіп


Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.

Әбіш Кекілбаев


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Фәни тұрмақ бақида,
Міне тұғын пырақ бар.
Ешкімнің хақын жемеңдер,
Артында оның сұрақ бар.

Қабылиса жырау


Көреалмаушылық жайлы насихатым…


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

(Бауыржан Момышұлы)




✍️Адамға сенген мұрттай ұшады, Аллаға сенген құстай ұшады.
Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады.
Алла деген ар болмас.

Халық даналығы


Өспес елдің айтары өсек, ермегі төсек болар...

(c) Оралхан Бөкей

#ғалымдар_өсиеті




✍️Достығымыз қу дүние үшін ғана болып қалмасын!!






✍️Жақсы іс жасап жүрмін деп адамдарға жоғарыдан қараудан абайлау керек.

Хадисте «Кім адамдар құрыды десе, солардың ең құрдымға кеткені – өзі» деп айтады (Муслим)

Атоулла ас-Сакандари: Тәкаппарлық тудырған ғибадаттан, тәубеге әкелген күнә артық, - деген.

Басқа бір сөзінде: Адамдардың қателіктерінен толық пәк болуын тілеу — сенің өз ішіңдегі кемшілігіңнің белгісі дейді.

Жақсылыққа шақыру жақсы. Бірақ тәкаппарлықпен емес.


✍️ӘЛЕМДЕ ЖАЙҒАНА АДАМ БОЛСАН, БАСҚА БІР АДАМ ҮШІН СОЛ ӘЛЕМНІҢ БӘРІ СЕНСІҢ


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


✍️Ортаңды білімді, алға ұмтылғыш, иманды, ақылды адамдармен толтырмасаң, өспейсің, өшесің!!


"Acele, bir çok işi bozar;

dilediğin şeyi yavaş yavaş fakat sağlam bir şekilde yapmalısın.

Unutma ki;

Allah insanı yavaş yavaş tam kırk yılda olgunlaştırır."

Асығыстық бір неше
нәрсені бұзады.
Мақсат қылған нәрсенді ақырын-ақырын дұрыстап, баппен жаса.

Мына нәрсені ұмытпа:!!
Аллаһ адам баласын толық қырық жылда жетілдіріп кемелдендіреді.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.