ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі dan repost
⚜️Болашақ стипендиаты Рахат-Би Әбдісағин Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының Күміс медалін иеленді
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Рахат-Би Әбдісағин 2024 жылы Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының беделді Күміс медалін алған алғашқы қазақстандық атанды. Бұл Ұлыбританияның ең көне және маңызды марапаттарының бірі.
Салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының ортасында Ұлыбритания астанасында өтті.
1889 жылы негізі қаланған Күміс медаль жыл сайын Ұлыбританияның жетекші консерваторияларының ең үздік жас музыканттарына беріледі.
2024 жыл Рахат-Би Әбдісағиннің шығармашылық мансабындағы айтулы жыл болды. Ақпан айында ол Ұлыбританияның төрт соборында The Bruce операсының әлемдік премьерасын ұсынды. Бұл опера Рахат-Бидің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шотландияның Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеуінің маңызды бөлігі болып табылады.