БҰРҒЫШЫЛАР КҮНІ АЛҒАШҚЫ РЕТ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ
Былтыр ресми түрде қараша айының үшінші сенбі күніне белгіленіп, мереке қатарына қосылған «Бұрғышылар күні» кәсіби мерекесі Бұрғылау мекемесінде жоғары деңгейде атап өтілді.
Бұрғышы мамандығы Қазақстан өнеркәсібінде ең елеулі және белгілі кәсіптердің бірі болып табылады. Ақиқатын айтқанда, кез келген жер байлығын игеру бұрғылаудан басталады. Ел игілігіне жарату жолында қажырлы еңбек етіп, қыруар жұмыстың басында жүрген Бұрғышылардың еңбегі зор.
Бұрғылау мекемесіне қарасты Автобекет аймағынан бастау алған шара таңертең басталып, дүбірлі тойға ұласты. «Бұрғышылар күні» кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, қол күрес, шағын футбол спорттық жарыстары мен отбасылық сайысы өткізілді. Кәсіби мерекеге арнап орнатылған қазақ үйлерде мерекелік дастарқан жайылып, мерейлі мерекені Қызылсай ауылының «Ұзақбай жырау Қазжанұлы» мәдениет үйінің қызметкерлері түрлі ән мен билерге, күй мен сахналық көріністерге толтырды.
Кәсіби мерекелік шараның жалғасы «Ажар» мейрамханасында тойланды. Алпыс жылға жуық тарихы бар Бұрғылау мекемесінде көп жылдар қызмет етіп, құрмет демалысына шыққан ардақты ардагерлері мерейлі мерекені құттықтау тілектерден бастады. Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейт Қайнарбаев, Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғалым Байжанов, "KazPetroDrilling” АҚ-ның вице президенті Ербол Абдыашимұлы, "Бұрғылау" ЖШС бас директоры Қанат Ермекұлы, еншілес мұнай компанияларының басшылары және "Бұрғылау" ЖШС кәсіподақ төрағалары құттықтау сөз сөйлеп, бұрғылау саласының барша мамандарына ерен еңбектері үшін алғыстарын білдірді.
Мереке аясында Бұрғылау серіктестігінің дамуына сүбелі үлес қосқан қызметкерлерге «Қазақстан мұнайына 125 жыл», «KAZENERGY», «ҚР Энергетика министрлігі», «Өзенмұнайгазға» 60 жыл» мерекелік медальдарын және қала әкімінің, "KazPetroDrilling” АҚ-ның, Бұрғылау мекемесі басшыларының атынан арнайы жасақталған алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етті. Сондай-ақ, бірнеше еңбек озаттары Құрмет тақтасына енгізілді.
Шарада «Үздік бұрғылау бригадасы» дипломына А. Құбаш бригадасы ие болса, «Үздік ұңғымаларды игеру бригадасы» дипломын Каукенов бригадасы жеңіп алды. Ал «Үздік цех» аталымын «Өндірістік қамту базасы» иеленді. Күндізгі өткен спортық сайыстардың жеңімпаздары да марапатталды. Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша үздік қондырғы бастығына Hyundai Elantra маркалы автокөлігі берілді. Бұл жолы су жаңа көліктің иесі атану бақыты қондырғы бастығы Нұрмұхан Молжигитовқа бұйырды. Сонымен қатар Игеру цехына қарасты К-6 бригадасының машинисті Абишаев Мұхитқа "Бұрғылау" ЖШС жұмысшыларының жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестігі Chevrolet Monza маркалы су жаңа темір тұлпарының кілтін табыстады.
Сәні мен салтанаты жарасқан кеште ән айтылып, би биленді. Жер қойнауындағы қазынаны игеріп, ел экономикасына салмақты үлес қосып отырған Бұрғылау ұжымының кәсіби мерекесі «Бұрғышылар күні» жоғары деңгейде аталып өтті.