Қытайдың ZTE компаниясы Американың нарығына қайта оралу үшін $1 млрд айыппұл төлейді. Алдын Солтүстік Корея және Иранмен жасырын сауда жүргізіп, арадағы келісімді бұзды деген айыптаумен америкалық өндірушілердің тауар жеткізуі тоқтатылған болатын. Ал компанияның 30% құрылғылары америкалық Qualcomm және Intel компоненттерін пайдаланады.