Facebook әлеуметтік желіде өткізген уақытыңызды есептейтін функцияны тексеріп жатыр. "Фейсбуктағы сіздің уақытыңыз" деп аталатын жаңа функция арқылы пайдаланушылар әлеуметтік желіде күніне және аптасына қанша уақыт жұмсап жатқанын біле алады. Уақытқа шектеу де қоюға болады, егер белгіленген шектеуден ұзақ отырсаңыз фейсбук сізге белгіленген уақыттан көп отырып қойдыңыз деп ескертпе жібереді.