Whatsapp мессенджері телеграмдағы каналдардың аналогын іске қосты. Жаңа функция группада жаза алатын адамдарға шектеу қоя алады. Яғни, тек админ ғана жаза алатын етіп реттеуге болады. Каналтектес болғанымен әлде де телеграм каналдарына алыс екені көрініп тұр. Мысалы, каналға жазылғандар бір-бірінің телефон номерін көре алады. Ал каналға жазған кезде хаттар сіздің жеке атыңыздан кетеді. Яғни, қарапайым группадан айырмашылығы шамалы.