Конституциялық Сот актінің заңды күші жойылғанына байланысты еңбек даулары бойынша норманы тексеруді тоқтатты
Конституциялық Сот азаматтың өтініші бойынша «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Жоғарғы Соттың 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысының 27-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы конституциялық іс жүргізуді тоқтатты.
Қарау кезеңінде Жоғарғы Сот осы нормативтік қаулының күшін жою туралы шешім қабылдады, сәйкесінше, азамат даулаған құқықтық актінің нормасын тексеруге негіз қалмады.
Естеріңізге сала кетейік, нормативтік қаулының 27-тармағында егер сот Еңбек кодексінің 50-бабы 3-тармағында көзделген тәртіппен тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты бұзылған адамды жұмысқа қайта алу туралы дауды қарау кезінде еңбек шартында жұмыскердің келісімі бойынша жұмыс берушінің еңбек шартын жұмыскерге хабарлама жібермей және бұзу күнін нақтыламай, бірақ мөлшері еңбек шартында айқындалатын өтемақы төлей отырып бұзу құқығы көзделген деген тұжырымға келсе, жұмыскер жұмысқа қайта алынуы мүмкін емес.
📱 @consot_kz
Instagram | Facebook | TikTok | Twitter