Kazakhstan CP Federation


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Ta’lim


Официальный телеграм-канал Казахстанской Федерации Спортивного Программирования

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


📢 IMPACT Olympiad басталды!

Қатысушылар тапсырмаларды орындауға кірісті. Баршаңызға сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз! 🚀
——

📢 Начался IMPACT Olympiad!

Участники уже приступили к выполнению заданий. Желаем всем удачи и отличных результатов! 🚀


📋 IMPACT Olympiad қатысушыларының тіркелуі өтуде!

Мұғалімдер мен жаттықтырушылар Astana IT University-ге жиналуда. Бұл – біздің команда жүзеге асырып отырған биылғы алғашқы жобалардың бірі!


📋 Идет регистрация участников на IMPACT Olympiad!

Учителя и тренеры прибывают в Astana IT University. Всё готово для старта одного из первых проектов нашей команды в этом году!


Ертең IMPACT Olympiad өтеді! 🚀

🗓 Күні: 14 қаңтар
🕗 Тіркеу уақыты: 8:00-ден бастап
⏰ Басталуы: сағат 9:00-де

Толық ақпарат, кесте және ұсыныстар сайтта көрсетілген.


Уже завтра стартует IMPACT Olympiad! 🚀

🗓 Дата: 14 января
🕗 Регистрация: с 8:00
⏰ Начало: в 9:00

Все детали — расписание, локация и рекомендации — на нашем сайте.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Бүгін біз IOI, ICPC, EJOI және Республикалық Олимпиадалардың жеңімпаздарын даярлаған жаттықтырушы Темірлан Сатылхановтың оқиғасымен бөлісеміз.

Оның кәсіби жолы 2025 жылдың 13-17 қаңтарында өтетін IMPACT Olympiad қатысушылары үшін үлкен үлгі мен шабыт көзі болатынына сенеміз. Темірланның жетістіктері сіздерді жаңа чемпиондарды қалыптастыруға шабыттандырсын!


🚀 Спорттық программалау жаттықтырушылары мен информатика пәні мұғалімдеріне арналған байқау!

✨ Оқушыларды олимпиадаға дайындаудағы өз жолыңызбен бөлісіп, жүлде ұтып алу мүмкіндігін пайдаланыңыз!

Қатысу ережелері:

1️⃣ Оқушыларды жарыстарға қалай дайындайтыныңыз туралы пост жариялаңыз. Мысалы, бұл аудандық кезеңге дайындық барысында кездескен қиындықтарды қалай жеңгеніңізді немесе республикалық олимпиададан кейін мотивациясын жоғалтқан оқушыны қалай қолдағаныңыз туралы оқиға болуы мүмкін.

2️⃣ Постыңызда біздің аккаунтымызды белгілеп, #cpfed_trainers_story хэштегін қосыңыз.

3️⃣ Біз сіздің постыңызды көре алуымыз үшін және басқа да мұғалімдерді шабыттандыру үшін профиліңіздің жалпыға ашық екеніне көз жеткізіңіз.

Біз сіздердің посттарыңызбен сторисімізде бөлісеміз, ал ең үздік оқиғаларды әлеуметтік желілерде және Федерация сайтында жариялаймыз.

🎁 Жүлде: жеңімпаз таңдаған дүкенде пайдалануға жарамды 20 000 теңгелік сертификат!

🗓 Посттар 13 қаңтарға дейін қабылданады.
🔥 Сіздердің шабытқа толы оқиғаларыңызды күтеміз!


✨ IMPACT Olympiad – бұл спорттық бағдарламалау мен олимпиадалық информатика жаттықтырушылары үшін өздерін көрсетуге және тәжірибе алмасуға арналған бірегей мүмкіндік.

💻 IMPACT Olympiad дәстүрлі ICPC стиліндегі жарыстардан шығып, сізді IOI форматына негізделген жаңа сынақтарда өзіңізді сынауға шақырады.

🔗 Тіркеу сілтеме арқылы қолжетімді.

IMPACT Olympiad қатарына қосылыңыз!
——

✨ IMPACT Olympiad – это уникальная возможность для тренеров по спортивному программированию и олимпиадной информатике проявить себя и обменяться опытом.

💻 IMPACT Olympiad выходит за рамки привычных ICPC-style соревнований, предлагая вам попробовать себя в формате IOI.

🔗 Регистрация доступна по ссылке.

Присоединяйтесь к IMPACT Olympiad!


Спорттық бағдарламалау федерациясы IMPACT 2025 информатика мұғалімдері мен спорттық бағдарламалау жаттықтырушыларына арналған Олимпиаданың серіктесі болып табылады.

🎯 Мақсаты: кәсіби шеберлігі жоғары талантты мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау және қолдау.

🗓 Күні: 2025 жылдың 13–17 қаңтары
📍 Орны: Астана
💻 Форматы: онлайн және оффлайн

Информатика мұғалімдері санаты бойынша тіркелу және қатысу шарттары туралы толық ақпарат impact.izho.kz сайтында берілген.

Жаттықтырушылар санаты бойынша қатысушыларды тіркеу сілтемесі, сондай-ақ Олимпиада ережелері мен талаптары сілтемеде көрсетілген.

Қосымша ақпарат посттағы суреттерде.


✨ Спорттық бағдарламалау федерациясының 2024 жылғы нәтижелері

Өткен жылға көз жүгіртіп, бірге қол жеткізген жетістіктерімізбен бөлісетін уақыт келді. 2024 жыл біз үшін ұмытылмас әрі табысты жыл болды! Біз сіздердің қолдауларыңызбен жүзеге асқан жетістіктерімізді мақтан тұтамыз:

🔹 Мұғалімдерге, студенттер мен оқушыларға арналған білім беру жобаларын өткіздік.
🔹 Жүздеген қатысушыларды біріктірген олимпиадалар мен турнирлер ұйымдастырдық.
🔹 ICPC World Finals 2024 өткіздік – бұл Қазақстан тарихында мәңгі сақталатын ерекше оқиға!

Бізге сенім артқан және осы жолда бізді қолдаған барлық қатысушыларға, жаттықтырушыларға, серіктестерге және көрермендерімізге алғыс білдіреміз. Сіздер бізді жаңа шыңдарды бағындыруға шабыттандырасыздар.
2025 жылы сіздер үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын жарқын жобаларды әзірлеп жатырмыз!






Қазақстан Чемпионатының бірінші іріктеу кезеңі аяқталды. Жіберілген шешімдердің нәтижелерін күтуіне байланысты контест 30 минутқа ұзартылған. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шыдамдылықтарыңыз бен түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпионаттың барлық іріктеу кезеңдеріне алдыңғы кезеңдердің нәтижелеріне қарамастан кез келген адам қатыса алады.

Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!


Первый отборочный этап Чемпионата Казахстана завершён. Контест был продлён на 30 минут из-за ожидания результатов по отправленным решениям. Приносим извинения за доставленные неудобства и благодарим вас за терпение и понимание.

Напоминаем, что участие во всех отборочных этапах Чемпионата открыто для всех желающих, независимо от результатов предыдущих отборов.

Желаем удачи в следующих соревнованиях!

11 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.