Даналық иірімдері


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar



Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Ағаларыңның жолын кеспе, көрінбей қаласың. Інілеріңнің жолын кеспе, көмілмей қаласың.


Төле Әлібекұлы он бес жасында-ақ билік етіп, кесім айтқан. Бұл жағдай былайша сипатталады: «Төле бидің шешесі қайтыс болып, жыл толған соң әкесі Әлібек бәйбішесіне ас береді, үш жүздің баласына үш жүз үй тігеді, әр үйге күтуші тағайындайды. Әлібек баласын шақырып алып:

– Төле қарағым, ортадағы үлкен ақ боз үйдегі кісілердің қолына су құй, – деп тапсырады. Бірақ жас бала жүрексініп, сескене табалдырық аттайды. Ол Мамай бидің алдына келгенде сүрініп кетеді. Баланы сынап көргісі келген Мамай би:

– Е, балам, олжаңа ортақпыз, асса әкең Әлібекке де қалдырып қой, – депті. Төле әдеп сақтап, шәугім-табақты алып сыртқа шығады да, үйге қайта кіріп:

– Дат, тақсыр, – депті.

Мамай би:

– Балам, құлағымыз сенде, – дейді.

Сонда бала Төле:

– Таңның таң екенін кім білер,

Сарғайып барып атпаса.

Күннің күн екенін кім білер,

Қызарып барып батпаса.

Орданың орда екенін кім білер,

Мен сияқты қызметші бала,

Сүрініп құлап жатпаса.

Иттің ит екенін кім білер,

Жығылып жатқан баланың

Тақымынан қаппаса.

Бұл сөзім сізге өткен шығар,

Сүйегіңізге жеткен шығар.

Сұраған сөз шекер ме,

Би олжасыз кетер ме?!

Осы сөзім сізге олжа,

Түсінсеңіз жетер де, – деп шығып кетеді.

Осы оқиғадан кейін Мамай би:

– Е, халайық жаңағы бала кім еді? – деп сұрайды.

Жұрт:

– Әлібек бидің баласы – Төле.

Мамай би:

– Бүгіннен бастап билікті сол балаға бердім, ендігі билеріңіз Төле болады, – депті.

(«Егемен Қазақстан», 15 шілде, 1998.).




💡Еңбек етудің хикметі

✅ Жалқаулықтан арылып, жақсылыққа қадам басады;
💰 Ризығы молайып, кедейліктен құтылады;
👐 Жомарттыққа жол ашылып, сараңдықтан сақтанады;
🔶 Қарызданып қалудан құтылады;
🔷 Тәуекелділікке тәрбиелейді;
🤵🏻 Ағайын арасында абыройға ие болады;
💪 Дұшпанға таба болудан сақтайды;
🤠 Уайым-қайғыдан арылады;
😇 Алушы емес, беруші адамдар қатарына қосылады;
💝 Көпшілікке шарапаты тиеді;
🥳 Отбасын қуаныш пен шаттыққа бөлейді;
😎 Алла мен адам алдында дәрежесі артады;
💯 Тіленші болудан сақтайды;
🟢 Тәжірибесі шыңдалып, денсаулығы жақсарады;
🕰️ Уақытын жүйелейді;
🤲 Екі өмірдің бақытына бөленеді, т.б.

✍️ Әзірлеген Ағабек Қонарбайұлы

📲 https://t.me/muftyat_kz
#ғибратнама
#еңбекапталығы


Жолаушылап келе жатқан жас жігіт, қарт адамға кездеседі. Олар ауылға жақындағанда бейітке қайтыс болған адамды жерлеп жатқанын көреді. Ақсақал: «Көптен сырқаттанып жатқан азаматымыз бар еді, сол қайтыс болған екен», – дейді.

Жігіт:

– Ол, азамат өтірік өліп жатыр ма, шын өліп жатыр ма? – дейді. Ақсақал жігіттің бетіне таңдана, күдіктене қарайды.

Жігіт:

– Балалары барма еді – дейді.

Ақсақал:

– Бар, – десе, жігіт:

– Өзінің балалары ма, басқаның балалары ма? – дейді. Ақсақал жігітке түңіле қарайды.

Ауылдың шетіне келгеннен кейін ақсақал бұрылып үйіне, жігіт өз бағытымен кетеді. Ақсақалдың бойжеткен қызы бар екен, әкесін аттан түсіріп, сізбен бір жолаушы адам келе жатыр еді ғой, күн кешкіріп қалды, қонақ бол демедіңіз бе? – дейді. Әкесі, жігіттің есінің дұрыс еместігіне күдіктенгендігін айтып, қойған сұрақтарын қайталайды.

Қызы:

– Әке, жігітті түсінбеген екенсіз, ол ақылды жігіт екен. Бірінші сұрағы «балалары бар ма?» дегені еді. Екінші сұрағы «ұл ма, қыз ба?» деп сұрағаны еді, – депті.

Жігіттің соңынан арнайы шақырып кісі жіберіп, қонақ етіпті. Жігіт – атақты Жиренше шешен екен. Қыз – Қарашаш сұлу екен.

***

Дүниеден озған соң, артыңда сен үшін Құран бағыштап, дұға қылатын ұрпағың қалса, өлмегенің. Себебі, амал дәптеріңе әлі де сауап жазылып, ақыретте дәрежең өседі. Жиренше «өтірік өлу» деп осыны айтса керек.

«Қыз – жат жұрттық» дейді қазақ. Бағып-қаққаныңмен бой жеткен соң басқа жұртқа ұзатып саласың. Артынан «барған жеріңе тастай батып, судай сің» деп батаңды беріп қаласың. Жиреншенің «өзінің балалары ма, басқаның балалары ма?» деуінің мәнісі осы болса керек.

Ендеше өз баламызды да, өзгенің баласын да ертеңгі күні «шын өлмейтіндей» етіп тәрбиелейік!

Салтан Сайранұлының Facebook парақшасынан


Төле бидің батасы

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би:

- Бата - басқа, қына - тасқа, ақыл - жасқа, не қалайсың, балам? - деп айтыпты.

Жетес бала болса:

- О, қасиетті, баба! - Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті.

Онда колыңды жай, балам, - деп Төле би:

Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин,
Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол.
- Халқыңа әділ бол,
Жауыңа катал бол!
Досыңа адал бол!, - деп батасын беріпті.


Марқұм Жақсылық Үшкемпіров ағамыз бір сұхбатында былай деген еді:

"Олимпиададағы әрбір күрес оңайға соқпайды. Кезекті қарсыластың бірін басында жеңіп келе жатқаныммен, артынша әдістерім өтпей, ол басым бола бастады. Іштей істің қиынға айналып бара жатқанын сезіп тұрмын. Айнала шу, айқайлаған адам. Бұндайда тренеріңді де есту қиын. Бір кезде Шəмілдің (Серіков Шәміл Керімұлы - палуан, грек-рим күресінен әлем және олимпиада чемпионы (1980) - ред.)
даусын естідім.

"Түйе құсап шайқа, түйе құсап шайқа" деген қазақша сөз бен Шəмілдің даусын жазбай таныдым. Және оның не айтып жатқанын да түсіндім. Сонша айқайдың арасынан қазақтың сөзі, қазақтың даусы құлағыма анық жетті. Қарсыласымды екі қолынан алып шайқадым. Кері шегінгенінде екі-үш әдісті қатар жасап, ұпайымды арттырып алдым. Ары қарай күресім жүріп кеп берді. Шəміл хас талант қой. Күресті сыртынан бақылап тұрып, ең керек сәтте, ең керек кеңесті берді.

Егер сол сөзі болмағанда, менің олимпиада чемпионы болмай қалуым да әбден мүмкін еді".

Абай Қалшабектің Facebook-тегі парақшасынан


Жылқыда да жылқы бар, Қазанаты бір бөлек.
Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек.

#мақал_мәтел


Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

Шейх Шағрауи (р.а.):

«Жұрттың арасына соқыр боп кір, ал шыққанда мылқау бол. Естіген және көргенің жайлы ешкімге тіс жарма. Өйткені, жәннатқа сөз тасушы кірмейді», - деген екен.


Төле Әлібекұлы он бес жасында-ақ билік етіп, кесім айтқан. Бұл жағдай былайша сипатталады:

Төле бидің шешесі қайтыс болып, жыл толған соң әкесі Әлібек бәйбішесіне ас береді, үш жүздің баласына үш жүз үй тігеді, әр үйге күтуші тағайындайды. Әлібек баласын шақырып алып:

– Төле қарағым, ортадағы үлкен ақ боз үйдегі кісілердің қолына су құй, – деп тапсырады. Бірақ жас бала жүрексініп, сескене табалдырық аттайды. Ол Мамай бидің алдына келгенде сүрініп кетеді. Баланы сынап көргісі келген

Мамай би:

– Е, балам, олжаңа ортақпыз, асса әкең Әлібекке де қалдырып қой, – депті. Төле әдеп сақтап, шәугім-табақты алып сыртқа шығады да, үйге қайта кіріп:

– Дат, тақсыр, – депті.

Мамай би:

– Балам, құлағымыз сенде, – дейді.

Сонда бала Төле:

– Таңның таң екенін кім білер,

Сарғайып барып атпаса.

Күннің күн екенін кім білер,

Қызарып барып батпаса.

Орданың орда екенін кім білер,

Мен сияқты қызметші бала,

Сүрініп құлап жатпаса.

Иттің ит екенін кім білер,

Жығылып жатқан баланың

Тақымынан қаппаса.

Бұл сөзім сізге өткен шығар,

Сүйегіңізге жеткен шығар.

Сұраған сөз шекер ме,

Би олжасыз кетер ме?!

Осы сөзім сізге олжа,

Түсінсеңіз жетер де, – деп шығып кетеді.

Осы оқиғадан кейін Мамай би:

– Е, халайық жаңағы бала кім еді? – деп сұрайды.

Жұрт:

– Әлібек бидің баласы – Төле.

Мамай би:
– Бүгіннен бастап билікті сол балаға бердім, ендігі билеріңіз Төле болады, – депті.


Жігерлендіру. Кім айтты?!

Шейх Шағрауи (р.а.): «Бір істе сәтсіздікке ұшырап, дегеніңдей болмай жатса, Алла Тағала мұны сенің игілігіңе ең жақсы шешім еткенін біл. Мүмкін дәл қазір сен оған дайын емес боларсың немесе оны арқалайтындай әзірге сенің шамаң жетпей тұр. Яки болмаса, саған одан да жақсысы келе жатыр. Сондықтан, Алла Тағаланың жазғанын қабыл ал да жаның тынышталсын. Бірақ әлсіздік танытушы болма», - дейді.

Руслан Қамбардың Facebook парақшасынан.


Халық даналығы

Жаман адам кетсе,
Дүние кеңіп қалғандай болады.
Жақсы адам кетсе,
Дүние кеміп қалғандай болады.

#мақал_мәтел


Тұрмағамбет ақынға үлкен тойда, бір "білгірсымақ" жұрттың көзінше:
- Уа, ақын. Сіз көп біледі екенсіз. Бәйгеге 40 ат шапқалы тұр. Соның қайсысы алдымен келер екен?- деп сұрақ береді.
Ақын:
- 40-да алдымен келеді,-депті. Онда сұрақ берген кісі:
- 40 ат бірдей қалай алдымен келмек?- деп қайта сұрақ қояды. Ақын:
- Осы уақытқа дейін, бәйгеден артымен шауып келген атты көрген жоқпын-деп, жауап беріпті.

✍ А.Алматов




Адам біліміне қарай 4 түрлі болады

Күндердің күнінде бір адам, ғалым Халил ибн Ахмет әл-Фараһидиден:

— Адамның бойындағы білімі қалай өлшенеді?, - деп сұрапты.

Сонда ғалым:

— Адам біліміне қарай 4 түрлі болады:

1) Ғалым адам: Білімді әрі өзінің білімді екенін біледі — Бұндай адамнан білім алыңдар!

2) Ғапыл адам: Білімді, бірақ, білімді екенін аңғара бермейді, — Бұндай адамды ояту керек!

3) Надан адам: Білімі жоқ және білімсіз екенін анық мойындайды — Бұны оқыту, үйрету керек!

4) Ақымақ адам: Білімі жоқ, сонда да білімсіз екенін мойындамайды — Бұндай адамнан аулақ жүру керек, - деп өсиетін айтқан екен.


Біле жүріңіз...

Оразбайдың мəрттігі

Абай кемеліне келіп, ақылы мен абыройы бар қазаққа мәшһүр кезінде Жетісудың жалайыр елінде жұрт «Жәмеңке аға» деп атап кеткен Жәрменде дейтін абыройлы қария болыпты. Жәмеңке қартайған шағында:
- Арманым, Семей еліндегі Құнанбайұлы Абай ақынды көргім келеді. Ол кісі "Ұят кімде болса – иман сонда" депті. Ұят дегеніміз адамгершілік болса, адамгершіліктің бар сипатын Абай деп білемін, - деп, ұлдарын ертіп Шыңғыстауға жол тартыпты.
Алыстан арнайы келген құрметті мейманына Абай жеке үй тігіп, ерекше құрмет көрсетіпті. Абай елінде бір ай жатқан Жәмеңкеге Абай қайтарында:
- Аға, бұйымтай айтып, қалағаныңызды алыңыз, - дегенде, Жәмеңке:
- Қамысқұлақ атыңды бер, - деген екен.
- Қайсы қамысқұлақ атты айтасыз? - дегенде Жәмеңке «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» деп басталатын Абайдың әйгілі «Аттың сыны» өлеңін түгелдей жатқа айтып шығыпты.

Абайдың өз қолында, Құнанбай әулетінің жылқыларында дәл осы өлеңде айтылатын сәйгүлік табылмағандықтан, қонағын тағы бір жұма аялдатып, бес болыс Тобықты еліне жіберіп, өлеңдегі сынға саятын ат іздетіпті. Одан да шықпаған соң, өзімен араз, 9 мың жылқысы бар Оразбайға:
- Ел намысы – ер намысы болғанда, ер намысы – ел намысы болмай ма екен? Өзім міну үшін емес, Тобықтының қонағына сыйлау үшін сұратып отырмын. Оразекең бір тайын аямасын, - деген сәлеммен кісі жіберіпті.
Сәлемді естіген Оразбай:
- Ағайын ащы, мал тұщы десем, мен Оразбай боламын ба?! Жаттан сағы сынбасын, - деп, өңкей сәйгүлік бөлек бағылатын 5 қос жылқы үйірлерін аралатып жүріп үш ат ұстатыпты.
- Абайға айт, қонағы үшеу екен, осы үш атты да берсін. Өзіне қарсы болсам да, ақылы мен ажарына қарсы емеспін, – депті.

Алмахан Мұхаметқалиқызы.


Ғибратты әңгіме екен...

Бір тренингке қатысқан кезде ұстаздың айтқаны:

"Менің 3 балам бар. Үшеуіне 3 банан алып беруге шамам жетеді. Алайда, мен 3 банан алсам да үшеуіне 1 бананды беремін де: "Үшеуің бөліп жеңдер" - деймін. Бастапқы кезде таласып жүрді, келіспей жүрді. Кейіннен бұл нәрсе әдетке айналып кеткені соншалық, кез-келген нәрсені таласпай, бөлісетін болды.

Кейде бір ойыншыққа таласып, біреуі жылап келеді. Сол кезде таласқан екеуін қатар отырғызып қойып: "Мынау ойыншық, яғни - дүние. Мынау - бауырың. Тірі адам. Ертең ойыншығың ескіреді, бұзылады, сынады. Саған бір кездері көмек қажет болады. Сонда ойыншығың көмектесе алмайды, бауырың көмектеседі." - деп жайлап түсіндіремін де сосын сұраймын: "Сен үшін қайсысы жақын? Қайсысы бағалырақ? Бауырың ба, әлде, ойыншық па? " - деп. "Бауырым" - деп жымың-жымың етіп қояды бір-біріне қарап. Сөйтіп олардың бойына кішкентай кезінен бауыр деген кез-келген дүниеден жақын екендігін құйып өсірудемін" - деген еді. Шәкәрім атамыз айтқандай, "қоғам жалғыздардан құралатын" болса, әрбір адам өзін дұрыстау арқылы, өзіне қарасты адамдарды дұрыс жолға салу арқылы қоғамды да жөндеуге болады екен.

Ғани Байсалдың парақшасынан алынды




Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы қызметін атқарып жүрген кезінде Қалтайды Республиканың бірінші басшысы Дінмұхаммед Қонаев қабылдауына шақырыпты.
– Қалтай, осы Олжас екеуіңнің басың бір қазанға сыймай жүрген сияқты, саған басқа бір қызмет тапсырайын. Анау кинокомитетінің бастығы Ләйла Ғалымжанқызына орынбасар болып барсаң қайтеді, – дейді. Сонда Қалтай:
– Рахмет, Димеке, мен екі бірдей қатынға қалай орынбасар боламын! – десе керек.
– Қалайша екі әйелге орынбасар боласың? – деп, Димекең таңданыс білдіреді.
– Енді, Димеке, жұмыста Ләйлаға орынбасар болсам, үйге келген кезде келініңізге орынбасар болсам, менің не тамтығым қалады?!
– депті Қалтай. Димекең бұл сөзге мырс етіп бір күліп алыпты да, Қалтайды Киномотографистер одағының төрағасы қызметіне тағайындатыпты.

Қалтай Мұхамеджанов - қазақ драматургиясындағы қайталанбас тұлға, жазушы, сценарист.


Жазушылар Одағы үйiнiң астыңғы қабатындағы «Қаламгер» дәмханасында әдебиет сыншысы, марқұм Төлеген Тоқбергенов Баянғалимен кездесiп қалады. Ол кезде Баянғалидың «Жұлдыз» журналына жұмысқа жаңа тұрған уақыты екен. Сонда Төлеген қарлығып шығатын дауысымен Баянғалиға: «Әй, «Жұлдызға» келдiң... «Жұлдызға» келдiң... Ендi артыңды қысып жүр!»- дептi, иығынан жұдырығымен қойғылап тұрып.
Баянғали ағасына қарап: «Ойбай, Төке-ау, жерде қыспаған артты жұлдызға шыққасын қысқан ұят емес пе?» - деген екен.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

104

obunachilar
Kanal statistikasi