Адамдардың жақсы адам мен жаман адамға деген көзқарасы қызық өзі.
Роза әпшем мысалы. Тоқсандарда көп әйелдер секілді ол да саудада жүрді. Шымқаладағы "Евразия" базары енді ашылып жатқан кезде ішінен орын алып будка қойып алған. Інім екеумізге сол кездегі ең қамқор адам сол еді. Күніге шоколад алып келетін. Будкасына күнара барып тұратынбыз. Барған сайын айналасындағылармен барылдап ұрсысып жүретін. Бізге қамқор болғанымен, айналасындағылар оны ұрысқақ, жынды қатын деп білетінін сезетінмін.
Марал әпшем ше?! Сол тоқсандарда Шымкентте апалы-сіңлілі үш үй бар еді. Жарық айлап жоқ, кешке айналысатын дым жоқ болған соң ба, сол апалы-сіңлілі үшеу бала-шағасымен бір үйге жиналып кешкі астарын бірге ішетін. Ішетінбіз. Тетелес үшеудің тетелес тоғыз баласы бар еді. Бала көңіл Марал әпшемнің тамақ салғанда өз балаларына ең дәмді жерлерін салып, қалған жетеуге қоюын аздау салатынын сезетін. Көп ұрысатын еді сосын. Әлбетте, мамамның көзінше емес. Бала кезімде жек көретінмін. Жайнагүл әпшемді де жек көретінмін. Сырт адамға жалпақтап, бізді қаға беретін.
Қазір басымда бір проблема болса шешу жолын Жайнагүл әпшеден сұраймын. Әңгімеміз бетіме бірінші безеу шыққан күні жарасқан.
Дәл қазір де жақтырмайтын адамдарым бар. Кейде ойлайсың, ол адам да біреулерге қамқор аға/әпше/ана/әке ғой деп. Өз адамдарына өзегін беретін шығар. Тек жаман не тек жақсы адам деген болмайды ғой..
"Сендер қалай ойлайсыңдар?" деп пікір сұрап отырсаң, әхәхә. Пікір жаза алмайтындарыңды естеріңе тағы бір салып қояйын деп сол. Ұнайды бар ғой осы телеграм.
Пысы: туыстарым телеграмда жоғы қандай жақсы. Жүре берсін өз вацаптары мен фейсбоқтарында. Әумин.