Соңғы бір жарым жылда қорқатын болыппын. Өлімнен. Жоқ, жалпы емес, апамның.
Мен туғанда мамалар студент болған соң нағашы апам (маманың мамасы) келіп мені алып кетіпті. Ешкінің сүтімен баққан. Қол таразға тартады екен күніге. 10 грамм қоссам, көрші кемпірлерді үйге шақырып қонақ етеді екен.
Сол кезде алпыста жасы, арқалап жүріп өсірді. Жетінші сыныпқа дейін қасында жаттым.
Сол кезде айтып отыратын: "Өскен соң шешеңді тауып кетесің ғой бəрібір",-деп. Солай болды да. Ауылға баруды сиреттік. Бітпейтін тіршілік сол.
Соңғы барғанымда танымады. Алжыған. Тоқсаннан асты ғой енді...
Мама бір палшыға пал аштырып, сол айтыпты, 3-5 айда хабар күтіңдер деп.
Соқпақбаевтың кітабында бар еді ғой, шешесі өлсе қалай жылайтынын ойлап, соны уайымдайтын..
Бір, біртүрлі сезім болып жүр сол. Бір жағынан біліп тұрсың аз уақыты қалғанын, бір жағынан...