Digital Dala


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Сәлем, оқырман 👋

Алматы қаласында 25 қыркүйекте Яндекс мұражайы ашылғанын білесіз бе? 😉
Шағын ғана мұражай - цифрлық технологиялар эволюциясын көрсетеді. 📈

Командамен біз де мұражайға жол тарттық. Технологиялар тарихымен танысып, приставкалы ойындарда ойнап қайттық. Сонымен мұнда не бар ❓

✔️ Алғашқы приставкалы бейне ойындар эволюциясы: Бала кезіңізде ойнаған болсаңыз ностальгия сезінесіз. Сол жерде Sony PlayStation, Sega Mega Drive секілді приставкаларда ойнап көруге болады.

✔️ Компьютерлік модельдер эволюциясы: Commodore 64, ZX Spectrum, Atari 65XE, Macintosh Performa 630 IBM PC 300GL сынды және тағы да басқа алғашқы компьютер модельдері экспонат ретінде тұр. Сонымен қатар Apple компаниясының алғашқы компьютерлік продукцияларына жеке қатар бар.

✔️ Алиса виртуалды көмекшісі: Алисаны қазақ тілінде әңгімеге тартып қайттық. Қазақшасы біраз жақсырып қалыпты.

✔️ Яндекс Go тамақ тасушы роботы: Роботтың құрылымымен, жүйесімен танысуға болады.

✔️ Яндекс дүкені: Мұражайдан кәдесый сатып алуға болады. Яндекстің белгілері бар киімдер, төсбелгілер, ақылды үйге қажет технологиялар, аксессуар топтамалары сатылымда бар. Көп дүние қазақ тіліне ыңғайланған. 🔝

Шағын ғана мұражайдың алдағы уақытқа жоспарлары көп. Толығырақ білгіңіз келсе, баруға кеңес береміз. Ал біздің экскурсиямыз осында. 🔄

📎 Мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 11/1

🗓 Жұмыс уақыты: күн сайын 10.00-20.00 аралығы

https://t.me/digitaldala


📣 Сүйінші хабарландыру

Қазақстандағы 8-11 сынып оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша алғашқы олимпиада болмақ!

🖥 Форматы: Әр командада 3 адамға дейін қатысады.

🗓 Уақыты: Іріктеу кезеңі 10-шы қарашада онлайн форматта өтеді, ал негізгі кезең 24-ші қарашада РФММ-да өтеді.

Бұл бағдарламалау, математика және машиналық оқыту салаларында өз күшіңізді сынап көруге тамаша мүмкіндік. Сондықтан талапқа сай келетін іні-қарындастарыңыз болса, бағын сынауға таптырмас іс-шара!

📎 Толық ақпарат
📎 Telegram-дағы қауымдастық

Дереккөз


Жағдайларыңыз қалай, достар? 🫰

Қазір IT нарығында қазақ тілін үйренуге арналған қосымша жасалып жатқанын білесіз бе ⁉️

Жақында осы қосымша туралы естіп, қуанып, қолдау көрсетейік деп шештік 🥳

Қосымшаны осы уақытқа дейін, App Store-дан 3000-ға жуық адам жүктеген 🎉
Айта кетелік, команда бұл жетістікке жарнамасыз, тек органикалық жолмен жеткен 📈

Команданың алдағы уақыттағы жоспарлары 🙂
✔️ Жылдың соңына дейін Android платформасына қосымшаны шығару.
✔️ Сабақ контентін толықтай дұрыстап, деңгейлерге бөлу.
✔️ Маркетинг стратегиясын қолға алып, әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалау.

Жобаны әрі қарай дамыту үшін команда iOS-әзірлеуші іздейді. Қазіргі уақытта жоба демеушісіз екенін ескерткен жөн. Сонымен қатар, егер сіз дизайнер, Android-әзірлеуші, контент жасаушы немесе басқа саланың маманы болсаңыз да өтінім қалдыра аласыздар 🖥

Иә, достар, тіліміздің мәртебесін сапалы жобалармен бірге көтерейік, сондықтан жаңа бастамаға әрбір қолдау маңызды ✉️

Қосымша туралы толығырақ білгіңіз келсе

Айтпақшы, қосымша Qpia деп аталады ✨


Ақпараттық кауіпсіздік мамандығы және оның негізгі бағыттары

Сонымен IT қауіпсіздік маманы деген кім ⁉️

IT қауіпсіздік маманы – компаниялар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерін қорғауға жауапты адам. Олар кибершабуылдарды болдырмау, деректерді шифрлау және жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі әдістер мен технологияларды қолданады. Ақпараттық қауіпсіздік – көп қырлы сала, оның әртүрлі бағыттары бар. Осы саладағы негізгі мамандардың бірнеше түріне тоқтала кетейік.

Бұл саланың негізгі бағыттар

✔️ Security Engineer: жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі технологиялар мен құралдарды пайдаланады. Олар корпоративтік желілер мен ақпараттық жүйелерге және басқа инфрақұрылым элементтерін қорғау рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын енгізеді.

✔️ Pentester (Пентестер немесе этикалық хакер): ұйымның қорғаныс жүйелерінің осал тұстарын табу үшін жүйелердің қауіпсіздігін тұрақты түрде тексеріп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Олардың мақсаты – кибершабуылшылар кіре алатын осалдықтарды бірінші анықтап, оларды түзету. Кибершабуылдардың алдын алу шараларын жасайды.

✔️ Detection and Response Engineer (SOC Engneer/Security Analyst): жүйеде қауіптерді анықтап, оларға жылдам жауап беру шараларын ұйымдастырады. Олар инциденттерге әрекет етумен қатар, шабуылдарды ерте анықтау құралдарын (SIEM, EDR) қолданады.

✔️ Information Security Manager (Ақпараттық қауіпсіздік менеджері): ұйымдағы ақпараттық қауіпсіздік саясатын құрастырып, оны жүзеге асыруға жауапты. Олар команда жұмысын үйлестіріп, қауіпсіздік стратегиясын жоспарлайды және қауіптерді басқаруға қатысады. Компания ішіндегі қауіпсіздік стандарттарын жасап, әр қызметкердің ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді. Киберқауіпсіздік ережелері бойынша тренингтер өткізіп, ұйым ішінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.

✔️ Cloud Security Engineer & DevSecOps Engineer: Бұл екі рөл қазіргі заманғы компаниялар үшін маңызды, себебі олардың көпшілігі бұлттық қызметтерді және DevOps процестерін қолданады. Cloud Security Engineer – бұлттық ортадағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін маман. Олар бұлтты қызметтерді (AWS, Azure, GCP) пайдаланып, деректердің қауіпсіздігін сақтайды. DevSecOps Engineer – DevOps процестеріне қауіпсіздік шараларын енгізетін маман. Қолданба жасаудағы автоматтандыру құралдары мен қауіпсіздік ережелерін бір уақытта қолданып, қауіпсіздікті бағдарламалау процесінің ажырамас бөлігі етеді.

✔️ Application Security Engineer: Қолданбаларды жасау кезінде олардың қауіпсіздігіне жауапты мамандар. Қосымшалардағы кодтарды талдап, осалдықтарын тауып, оларды жөндеу үшін жұмыс істейді.

Осы бағыттардың әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленгенімен, түптеп келгенде барлығының мақсаты бір – ұйымның мәліметтері мен жүйелерін кибершабуылдардан қорғау. Бұл мамандар әртүрлі құралдарды, әдістерді және технологияларды қолданып, ұйымдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бірлесе жұмыс істейді.

Айдардың келесі бөлімінде ақпараттық қауіпсіздік мамандарына қажетті негізгі дағдылар туралы айтамыз. 🧑‍💻

Оқығандарыңызға рахмет және пікір қалдыруды ұмытпаңыздар ✉️

Пост авторы: Mustafa Issabayev

#бағдар
#ақпараттық_қауіпсіздік

https://t.me/digitaldala


Сәлем, әлем 👋

Аздап демалып алған болсақ, посттар желісін жалғастырайық 🥵


Aitanova_Akerke_digitaldala_qazaqtech.pdf
11.2Mb
Otegaliyev_Assylkhan_digitaldala_qazaqtech.pdf
5.4Mb
Rakhim_Sabit_digitaldala_qazaqtech.pdf
3.9Mb
Adilkyzy_Zhanyl_digitaldala_qazaqtech.pdf
2.3Mb
Abdulla_Aigerim_digitaldala_qazaqtech.pdf
4.2Mb
Dimash_ Tassybekov_digitaldala_qazaqtech.pptx
489.1Kb
Cәлем, әлем 🫰

Сіздердің сұрауларыңызбен 12 қазан күні өткен митаптың презентациялары 🚀

Келесі митаптың қай бағытта болғанын қалайсыз? Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар 👏 Митап туралы фидбэкті төменге қалдырып кетіңіз 💌

@qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді IT-ды сапалы түрде қазақшаландыруға шақырамыз ❤️


Qazaq Tech Meetup dan repost
Сәлем, достар 👋🏻

Бүгінгі митапты @digitaldala youtube арнасында тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

https://www.youtube.com/live/FrvsDdkJS1M?si=h3173ULuoa48y8u0


⚠️Cәлем, достар!

Backend және Web әзірлеу саласындағы кездесуіміздің уақыт кестесін назарларыңызға ұсынамыз!

🔜 12:45-13:00
Жиналу уақыты

13:00-13:25
💭 АЙТАНОВА АҚЕРКЕ
Software Engineer, ex. Home Credit Bank
📎 “Микросервис шешім емес. Микросервистік мінсіз өмірдің антиутопиясы.”

13:25-13:50
💭 ТАСЫБЕКОВ ДИМАШ
Frontend Developer, Halyk bank
📎 “Javascript браузерде қалай жұмыс жасайды? Event Loop, Microtask, Macrotask.”

13:50-14:15
💭 ӘДІЛҚЫЗЫ ЖАҢЫЛ
Java Developer, Tele2/Altel
📎 “2 ақпараттық жүйе арасындағы интерграция жасаудағы менің 5 қателігім”

14:15-14:40
💭 ӨТЕҒАЛИ АСЫЛХАН
Backend developer, Aviata
📎 “Шифрланған деректердің ішінен іздеу алгоритмі”

14:40-15:05
💭 РАҚЫМ СӘБИТ
Software Engineer, Elixirator
📎 “Elixir мен Phoenix-тің продакшндағы қолданысы”

15:05-15:30
💭 АБДУЛЛА ӘЙГЕРІМ
Backend Developer, Jusan Bank
📎 “Күйзеліссіз релиз: Feature Flag - жүйені тоқтатпай жаңарту шығаруға мүмкіндік”

⌛ 15:30-17:00
Нетворкинг, сұрақ-жауап уақыты

🎤 Кездесу модераторы:
Бекзат Тұраров
Data Analyst, КМФ

🗓 12.10.2024 13:00 - 17:00

📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы

🔒 Қатысу тегін!

🖥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8

🔝 @qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз!

🎉 Қазақша IT-ді бірге дамытайық!


Qazaq Tech Meetup dan repost
💥 Cәлем, достар!

Backend және Web әзірлеу саласының мамандарымен танысып, олардың тәжірибесі мен инсайттарын тыңдауға келіңіздер ‼️

🔈 Спикерлер:

💭 ТАСЫБЕКОВ ДИМАШ
Frontend Developer, Halyk bank
📎 “Javascript браузерде қалай жұмыс жасайды? Event Loop, Microtask, Macrotask.”

💭 АЙТАНОВА АҚЕРКЕ
Software Engineer, ex. Home Credit Bank
📎 “Микросервис шешім емес. Микросервистік мінсіз өмірдің антиутопиясы.”

💭 ӨТЕҒАЛИ АСЫЛХАН
Backend developer, Aviata
📎 “Шифрланған деректердің ішінен іздеу алгоритмі”

💭 ӘДІЛҚЫЗЫ ЖАҢЫЛ
Java Developer, Tele2
📎 “2 ақпараттық жүйе арасындағы интерграция жасаудағы менің 5 қателігім”

💭 РАҚЫМ СӘБИТ
Software Engineer, Elixirator
📎 “Elixir мен Phoenix-тің продакшндағы қолданысы”

💭 АБДУЛЛА ӘЙГЕРІМ
Backend Developer, Jusan Bank
📎 “Күйзеліссіз релиз: Feature Flag-тар - жүйені тоқтатпай жаңартуларды шығаруға мүмкіндік”

🎤 Кездесу модераторы:
Бекзат Тұраров
Data Analyst, КМФ

🗓 12.10.2024 13:00 - 17:00

📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы

🔒 Қатысу тегін!

🖥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8

🔝 @qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз!

🎉 Қазақша IT-ді бірге дамытайық!


Тестілеушіден QA инженеріне дейін

Сәлем, оқырман! 👋

Интернет домбырасын еске түсірейікші. Сондағы домбыраның құлағын тестілеу мамандары деп алдық, себебі құлағы оның үнінің дұрыс шығуын қадағалап, керек дыбыс шықпаса бұрайды. Домбыраның құлағы қаншалықты маңызды болса, IT саласында да әзірлеушілердің жұмысын тексеретін QA мамандары соншалықты маңызды.

«QA», «QC», немесе «тестілеу» терминдерін естігенде тек IT саласын елестетуіңіз мүмкін, бірақ бұл ұғымдар бастапқыда өндіріс пен қызмет көрсету салаларынан шыққанын білдіңіз бе? ⁉️

Орта ғасырлардан бастап сапаны қамтамасыз ету, әсіресе өнеркәсіптік революция кезеңінде, еңбек бөлінісі мен мамандандырылған бақылау жүйелерінің пайда болуымен дамыды. Бүгінде сапаны қамтамасыз ету әрбір салада маңызды рөл атқарады, соның бірі - IT индустриясы. Ал енді негізгі ұғымдарға тоқталайық:

🟢 QA (Quality Assurance) – бұл процестерді бақылауға бағытталған жоғары деңгей. Ол қателердің алдын алу үшін бүкіл команданың жұмысын үйлестіреді, процестерді орнатып, өнімді тексеруді ұйымдастырады.

🟢 QC (Quality Control) – QA бөлімі, сапаны бақылауға жауапты. Ол өнімнің талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тексеруге бағытталған (верификация).

Егер осы ұғымдарды толығырақ түсінгіңіз келсе тестілеу маманы Али Ахметов жазған мына мақалада мейрамхана мысалы арқылы QA, QC, тестілеу үдерістерінің қалай жұмыс істейтіні ҚАЗАҚША түсіндірілген. 🔝

Интернет домбырасы туралы толығырақ 🖥

#бағдар
#QA
#тестілеу

Арнамызды оқи жүріңіздер 🤓
https://t.me/digitaldala


Qazaq Tech Meetup dan repost
Сәлем, IT мамандары!👋

📣Қазақ тілді митаптарымыз жалғасуда, бұл жолы жаңа тақырыпты талқылаймыз!

💥Келесі митаптың тақырыбы – «Backend және Web Әзірлеу»! Веб және серверлік бағдарламалаудың қыр-сырын білгіңіз келсе, осы шараны жіберіп алмаңыз!

🗓12 қазанда, сағат 13:00-де AlmaU университетінде сіздерді күтеміз. Спикерлер жайлы ақпаратты жақында жариялаймыз.

📅12.10.2024 13:00 - 17:00
📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы
💵 Қатысу тегін!
📥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8

🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік!

☄️ Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
@qazaqtech


"Ақпараттық кауіпсіздік деген не?" тақырыбына бірге тоқталайық. 🤓

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын, соған сай киберқауіптер де артып келеді. Сондықтан IT қауіпсіздік саласындағы мамандардың рөлі бұрынғыдан да маңызды. Оның негізгі принципі – CIA Triade жайлы айтып көрелік. 💬

Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттық жүйелер мен деректердің құпиялығын, бүтіндігін және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар мен технологиялар жиынтығы. Деректер мен ақпараттық жүйелер қауіпсіз болып саналуы үшін, CIA Triade деп аталатын үш принцип сақталуы керек. Олар:

1️⃣ Confidentiality (Құпиялылық): Деректерге немесе ақпараттык жүйелерге рұқсат етілмеген адамдардың қол жеткізуін шектеу. Confidentiality бұзудың көптеген жолдары бар. Оларға тікелей шабуыл (hacking attack), фишинг арқылы қол жеткізу немесе желіні тыңдау арқылы (Man-in-the-middle attack) кіреді. Осындай шабуылдарды болдырмау үшін деректерді шифрлау, көп факторлы аутентификация (MFA) және access control сияқты іс шаралар мен технологиялар қолданылады.

2️⃣ Integrity (Бүтіндік): Деректердің өзгеріссіз сақталуын қамтамасыз ету. Деректерге ешбір рұқсатсыз өзгеріс енгізілмеуі керек. Тіпті өзгертілген жағдайдың өзінде, оның кіммен және қашан өзгертілгені анықталуы қажет. Бүтіндікті бұзудың мысалдары ретінде файл конфигурацияларын өзгертілуі немесе деректер базасындағы мәліметтерді өзгертуді айтуға болады. Деректердің тұтастығын қорғау үшін көбінесе хэштеу, шифрлау, цифрлық сертификаттар немесе қолтаңбалар пайдаланылады.

3️⃣ Availability (Қолжетімділік): Деректерге рұқсат етілген тұлғалардың керек кезінде қол жеткізуі мүмкіндігін қамтамасыз ету. Деректер құпия және оның тұтастығы сақтағанымен де, олар қолжетімсіз болса, онда олардан пайда жоқ. Сол себепті жүйелер үздіксіз жұмыс істеп, қажетті мәліметтер әрқашан қолжетімді болу керек. Мұны қамтамасыз ету үшін резервті желілер мен серверлер, (DoS) шабуылдарына қарсы құралдар мен сақтық көшірмелер (backup) көмектеседі.

Келесі посттарда әр принципке тереңірек тоқталып, оларды қамтамасыз етуге бағытталған әрбір шара мен технологиялар жайлы айтамыз! Жіберіп алмаңыз. 🫰

#бағдар
#ақпараттық_қауіпсіздік

https://t.me/digitaldala
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👌


Сәлем, әлем 👋

Арнамызда бағдар бойынша жаңа рубрика және сіздермен байланыста Мұстафа Исабаев 📞


🎶 Frontend және Backend әзірлеу: Интернет домбырасы 🌐

Сәлем, достар 👋

Бүгін біз Frontend және Backend әзірлеу жайында сөз қозғайтын боламыз. Ол үшін веб-сайтты/қосымшаны қазақтың әдемі домбырасы ретінде елестетейік. 🎵 Домбыраның екі маңызды — ішегі мен шанағы(денесі) бар сияқты, интенет те екі тіректің негізінде тұр: frontend және backend.

Сайт пайдаланушысын аспапшы деп елестетсек, домбыра дайындайтын шеберлер - әзірлеушілер. Frontend домбыраның ішектеріне ұқсайды. Аспапшы ішектермен ойнаған кезде дыбыс шығады - бұл пайдаланушының сайтты қолданып жатқаны. Frontend - бұл сіз интернетте көрген, түрткен және сезетін барлық нәрселер. Бұл веб-сайтты әдемі қылатын және қолданыстың ыңғайын салатын түймелер, түстер, макеттер және анимациялар. Егер ішектер үндеспесе немесе әлсіз болса, әуен құлаққа жағымсыз болады — нашар жасалған интерфейс те пайдаланушы тәжірибесін бұзады.

Бірақ сиқыр мұнымен тоқтамайды 👨‍🎓

Backend - домбыраның шанағы (денесі). Шанақ дыбысты күшейтіп, жаңғыртып, әуенді жандандырады. Қолданбаңыздың функционалдық негізін құрайтын да backend. Бұл жерде деректер өңделеді, сақталады және басқарылады, пайдаланушыларға көрінбейді, бірақ домбыра әсем ән беруі үшін маңызды. Ішектен шыққан дыбыс ойықтан кіріп (API), домбыра денесінің түрлі бұрыштарына соғылып, өзгеріп, еселіп қайта жандана шығады. Front пен back те тура солай, тек дыбыс орнына ақпаратпен сөйлеседі. Денесіз шектерден шыққан дыбыс әлсіз болар еді, backend болмаса, front та дәрменсіз. 🤝

Домбыраның денесі дауысының қоңырлығы мен жуандығын анықтайды. Дауысы неғұрлым қатты шықса, соғұрлым көп адам естігені секілді, backend те көп пайдаланушыны қабылдауға дайын болып жазылса, сайтты да соншалықты көп адам қолдана алады. 🤙

Домбыраның ішегі мен шанағы бірге үйлесімділік құратыны сияқты, тамаша веб-бағдарлама frontend және backend арасындағы тамаша тепе-теңдікті қажет етеді. 🤓

Осы екі бөлік қосылса, тамаша цифрлық симфония 🎵 жасайсыз. 📈

Сонымен, келесі жолы веб-сайтқа кіргенде, оны домбыра деп елестетіңіз — фронтенд пен бэкэнд тамаша үйлесіммен бірге жұмыс істеп, үздіксіз цифрлық тәжірибені жасап тұрғанын сезініңіз. 🤝 Екі бөлікті неғұрлым жақсы баптасаңыз, нәтиже соғұрлым әдемі болады. ✍️

➖➖➖➖➖➖➖➖

Қалай ойлайсыз, домбыраның басқа бөліктері әзірлеудің қай үрдістеріне сай келеді ❓

Пост авторы: Асылниет Жетпісбаев


Сәлем достар 👋

Digital Dala-дан кезекті подскаст 🎶

Бұл подкастта:

✔️ бизнесті жүйелеудің негізгі мәселелерін талқылаймыз.

✔️ уақыт пен сапа бақылауы жоқ нөл деңгейінен көшбасшылық пен корпоративтік мәдениет басым болатын бесінші деңгейге дейін компанияның жетілу моделін зерттейміз.

✔️ корпорациялардың өмірлік циклін түсініп (Адизес бойынша), компаниядағы негізгі рөлді және жүйелеудің маңыздылығын анықтауға тырыстық.

✔️ «Американы ашпаңыз» сияқты кеңестерді тыңдап, кәсіби мамандардан үйренуге шақырдық.

✔️ Қорытындылай келе, автоматтандырудың сәтті мысалдары және бизнесті оңтайландыру үшін шектеулер теориясын енгізу қажеттілігі жайлы талқыладық.

Осы және өзге де IT саласындағы тақырыптар сізді қызықтырса, подкастымызды көруге шақырамыз!

Подкастқа cілтеме 🧑‍💻
Подкастқа cілтеме 🧑‍💻
Подкастқа cілтеме 🧑‍💻

Подкаст қонағы: 👋

Көп жылдық, ең бастысы табысты тәжірибесі бар кәсіпкер - Айдос Телжан

Подкаст жүргізушісі: 🎤

Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert

YouTube арнамызға тіркеліп, өз ойларыңызды жазып, пайдалы болса кез келген әлеуметтік желіде белгілеп инсайттарыңызбен бөлісе отырыңыздар! 🤝


📣 ICPC Final 2024

ICPC (International Collegiate Programming Contest) – 1970 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең үлкен және ең танымал студенттік командалық бағдарламалау байқауы. Байқауға қатысушылардың негізгі мақсаты – алгоритмдік есептерді кодты пайдалана отырып, шектеулі уақыт ішінде ең тиімді жолмен шешу. Оның финалистері Google, Amazon, Meta, Huawei, Booking сияқты ірі компанияларда қызмет жасайды.

📊 Биыл 120 елден 73 000 қатысушы финалға жолдама алу үшін бақ сынаса, финалдық кезеңге небәрі 142 команда өтті, оның 5-і қазақстандық команда.

🔄 Алдыңғы постқа update:

⭐️ IITU - 27-орын
⭐️ SDU - 135-орын
⭐️ AITU - 82-орын
⭐️ KBTU - 55-орын
⭐️ NU - 52-орынға табан тіреп, еліміздің намысын қорғады.

😮 ICPC Final 2024 спорттық бағдарламалау жарысында алған қазақстандық ЖОО марапаттары:

⚡️ ICPC World Finals-та D есебін алғаш болып шығарғаны үшін KBTU командасы арнайы сыйлыққа ие болды.
⚡️ IITU High Honors мәртебесін алды.
⚡️ NU, KBTU, AITU Honors мәртебесіне ие болды.
⚡️ SDU University Honorable Mention марапатын алды.

✏️ Сонымен қатар бүгін еліміздің Туризм және спорт министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі спорттық бағдарламалау саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл мемлекетке жастар арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

#мүмкіндіктер_айдары

https://t.me/digitaldala


🎉 ICPC бойынша қорытынды:

Еліміздің атынан 5 жоғарғы оқу орны қатысты

Назарбаев Университеті - 35-орын
Қазақстан-Британ университеті - 41-орын
Astana IT университеті - 98-орын
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті - 19- орын
SDU yниверситеті - 139-орын

Айтпақшы, UNIST университеті командасында қазақ студенттер болды.

Барлық қатысушаларды нәтижелерімен құттықтаймыз 👏 Әлемдік деңгейдегі жарысқа қатысудың өзі үлкен еңбекті талап етеді және әлемдегі рейтингісі жоғарғы оқу орнындарымен қатар тұру көз қуантады, жарайсыздар 👍

Нәтижеге сілтеме


ICPC халықаралық бағдарламалау конкурсының 48-ші жыл сайынғы әлем чемпионаты Астана қаласында өтіп жатыр. Дәл қазір тікелей эфирді қазақ тілінде Нәрікби Мақсұт және Аман Утемуратов жүргізуде, қапы қалмаңыздар! 👏

Сіздің фаворитіңіз қай команда❓

Тікелей эфирге сілтеме


📈 Стартаптағы өнім аналитикасы және гипотеза қалай құрамыз?

📊 Өнім аналитикасы - өнімнің сәттілігін қадағалап қана қоймай, оны жақсарту идеяларын тексеруге көмектесетін құрал. Дұрыс тұжырымдалған гипотезалар және оларды аналитика арқылы тестілеу стартаптың өсуіне тікелей әсер етеді.

Гипотезаларды іздеу - өнімді дамытудың алғашқы қадамы, оған көмектесетін бірнеше әдістер:

1. Пайдаланушыларды зерттеу
Cust dev сұхбат: қазіргі және әлеуетті пайдаланушылармен үнемі сөйлесу олардың қажеттіліктері мен ауырсыну нүктелерін анықтауға көмектеседі. 💬
Мінез-құлықты талдау: пайдаланушылардың өніммен өзара әрекеттесуін зерттеу, ең танымал функциялар мен проблемалық аймақтарды анықтау.
Кері байланыс: тұтынушыларды қолдау, әлеуметтік желілер және сауалнамалар арқылы кері байланыс жинау нені жақсартуға керек екенін түсінуге көмектеседі.

2. Бәсекелестік ортаны талдау
Бәсекелестердің өнімдері: бәсекелестер қандай мүмкіндіктерді ұсынады? Олар сіздікіне ұқсас мәселелерді қалай шешеді? Сіздің өніміңізге қандай идеяларды бейімдеуге болады? Бәсекелестік компаниялар жаба алмаған қажеттіліктерді сіз жаба аласыз. ❓

3. Ішкі деректер және аналитика
Көрсеткіштерді талдау: негізгі көрсеткіштерді зерттеу (Retention, DAU, MAU,ARPU) жақсарту үшін ауытқулар мен аймақтарды табуға көмектеседі.
Пайдаланушы ағындарының картасы: пайдаланушылардың өнім арқылы қалай қозғалатынын талдау кедергілер мен ықтимал жақсарту нүктелерін анықтауға көмектеседі.🔼🔽

4. Командамен brainstorming
Тұрақты кездесулер: командалық brainstorming жаңа гипотезалар іздеуге ықпал етеді. Әр түрлі бөлімдерді тарту арқылы өнімді әр түрлі жағынан қарауға және әртүрлі идеяларды қалыптастыра аласыздар. 💡

5. Фреймворктарды пайдалану
Jobs to be Done (JTBD): бұл әдіс пайдаланушылардың сіздің өніміңіз шешетін тапсырмаларын түсінуге және өсу нүктелерін табуға көмектеседі.
Design Thinking: пайдаланушылар мен олардың қажеттіліктерін терең түсінуге бағытталған тәсіл шешуді қажет ететін нақты мәселелерді анықтауға көмектеседі. 🕯

Өнім аналитикасы арқылы гипотезаны қалай тексеруге болады?
Гипотезаны тұжырымдау: гипотеза нақты және тексерілетін болуы керек. Мысалы: "Біз тіркелу кезінде нұсқаулықтарды қосу пайдаланушының бірінші айда ұстап қалуын (retention) 10% - ға арттырады деп болжаймыз." 🛍
Негізгі көрсеткіштерді анықтаңыз ❓
Гипотезаны тексеру үшін көрсеткіштерді таңдаңыз. Біздің мысалда бұл – 30-шы күні ұстау (Retention).Яғни пайдаланушылар біздің өнімді барынша ұзағырақ қолдану керек. ✔️
Тестілеуді өткіземіз және гипотезаны тексеру үшін әдетте A/B тестілеу қолданылады. 📊
А тобына нұсқаулық көрсетілсе, Б тобына көрсетілмейді. ❌
Нәтижелерді талдаймыз. 💬
Топтардың нәтижелерін салыстырамыз. Ұстап қалу метрикасы көбейді ме? Қорытынды жасау. ⌛

Егер гипотеза расталса, өзгерісті енгіземіз. Ал керісінше болса, бұл да маңызды нәтиже, оның негізінде жаңа гипотезалар құруға болады. Стартапты ары қарай осындай зерттеулер арқылы дамытасыз!

Пост авторы: Римма Төлеуғали ✏️


Qazaq Tech Meetup dan repost
‼️ CALL FOR PAPERS!!!‼️

Сәлем, достар,

QazaqTechMeetup және Digital Dala қазақша IT жиындар желісін жалғастырады!

Қыркүйек айының бағыты - back/web development. Осы бағдар бойынша өз тәжірибесімен бөлісе алатын IT мамандарын іздейміз. Егер сіздің тәжірибеңізде осы бағыттар бойынша бөлісетін қызықты жағдаяттар, баяндамалар болса - мархаббат немесе сондай таныстарыңызды белгілеп кетіңіз!

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSftJcmAsWbbNWHUHLqxlbs3nVJDi3yOUVu0_1RWN_XReUtMjA/viewform?usp=sf_link

Telegram арна:
@digitaldala
@qazaqtech

Ұйымдастырушылар:
Adil Toktaganov - @khan17ds
Alina Achilova - @achilova
Nurzhanat Darush - @nurzha_d
Aigerim Abdulla - @aikerim_abdulla

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.