Postlar filtri


Кофейняға кіріп, енді фондағы әуенге құлақ салсам “Лә илләһа илла Алла” деп әндетіп жатыр екен. Кофейняда қосқаны қызық екен, ұзақ осылай ойнай бере ме? Жарайды отыра бер деп өзіме. Бір кезде келесі әнге “Cigarettes After Sex” қосып жібермесі бар ма?)) контрасттар елі деймін. Айтпақшы, үстел ерекше әдемі боп тұр.


Люди, которые идут по Пути получают удовольствие от природной красоты озер и лесов, а ритмичный шелест набегающих на берег волн кажется их ушам музыкой. Они никогда не спешат, всегда сохраняют спокойствие. Они регулярно занимаются физическими упражнениями для того, чтобы поддержать крепость тела и свежесть ума. У них нет власти, но они владеют всем. У них нет цели, и все же они обретают совершенную добродетель. Такие люди ничего не знают, но они в высшей степени мудры.

Чжуан-Цзы


Зеленскийді Чарльз қабылдапты. Патша Чарльз, өзіңізді өте әдемі кейіпте көрсететін уақытыңыз келді!


Орындаушы солист менің әкемнің жасындағы адам. Дауысы, биі, ширақтығы бөлек әдемі енді. Малай елі. Былай қарағанда кезінде гитарада ойнап үйреніп, шашын өсіріп, ешкімнің сөзін елемей рок тыңдап, шарттылықтан тыс, қоғам үшін біртүрлі, түсініксіз боп өскен бала ғой. Ешнәрсеге қарамастан өз бағытына, арманына адал болудың көрінісі. Дәл қазір менің көз алдымда нақ өз орнына жайғасқан пазл секілді өте келісті тұр. Ғажап!


Сахнадағы орындаушылар антрактіге кетті. Рок кафенің фонында “Металлика”ақырып жатыр. Кайф. Аузымда өте сочный бургер. Ішімнен “бергеніңе шүкір, Алла!” деп қоямын. Менің иманым қай ортада бір қалып.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Дорама көргеніне, әншілердің фанаты болғанына ұялатын қыздарға осыған ұқсас ой айтатын едім. Енді кинодан өзім естіп, риза боп отырмын.

Бірнәрсемен кәдімгідей ауру, қызығушылығыңның соңынан жүру, құштар болу көп адамға бұйырмаған бақ. Бар ма? Бағала 💜


-Сәлеметсіз бе, апа!
-Бақытты бол, қызым!

Айсәуленің “Оян, қазақ” фильмінің продюсері) анасы ғой аулада жүрген. Жып-жылы. Осындай шағын көріністер жаныңды кәдімгі қазақша жылытып жібереді.


Біздің тұрғын үй кешеніндегі барлық қызметкерлермен амандасамын. Басында бәрі Мисс, Мисс деуші еді. Кейін екі баламен жүргенімді көріп Мэмге көшті. Мәселе онда емес. Кешенге кірерде тұратын басты екі күзет бар. Осы үйге кіретін адам, көлікті тіркеп қадағалайды. Сәлемімді алғанда түрлері қатқыл. Өздеріне бәрі тәуекелді болғасын ба өздерінше. Образда. Енді ауладағы бауды суарып, кафельдерді жуатын қызметкерлер бар. Амандассам біртүрлі боп қала ма, дұрыс қатынас көрмеген олар дұрыс жауап бере алмай қалады. Енді этаждар арасында жүретін күзет қызметі бар. Сәлемдескенде “Good morning, Ma’am!” деп, бас киімдерін шешіп көтеріп, әдемі амандасады. Көру керек. Кино енді. Өз қызметін кино қып тұрған өздері. Әрі қарапайым амандасудың өзін осыншалық әдемі қып тұрғаны мейірімінің көрінісі, өз қызметін сыйлауы. Арнасынан аспайтын, жетер жеріне жеткен амал, әрекет қандай әдемі!


Малайзиядағы алғашқы рэд флаг. Шаштаразға барсақ әкімші қыз “біз тек мұсылмандарға қызмет етеміз” дейді түрімізге қарап 🙄Басымда бірнеше діндердің ғажап ілімдері бола тұра өзімді мұсылман санайтынымды қалай түсіндірсем? Түсіндіргім де келмей кетіп қалдым.


Қажеттілік бола тұра көп күйеу аламын демейтін біздер қандай мықтымыз🫰


Ад для одиночек. 4-ші маусымы бітті.

Жігіттердің таңдауынан:

Тео: “Я ощутил чистые эмоции из юности и смелость выражать их. Значит, они еще живы”
Мақсатқа жету, карьера деп есейіп кеткен, шаршаған жігіттің жастық эмоцияларын оята алатын, жас бозбаладай өзіне ессіз ғашық қыла алатын қыздар ұнайды.

Дунхо: “У нас с ней было много общих моментов”.
Естеліктерді, ортақ тарихты ұнататын жігіт типі. Ол естеліктер әдемі, жылы болған сайын жібергісі жоқ.

Чунсо: “Мне всё время хотелось её защищать”.
Оның жаныңда өзін мықты, қажет сезінетіндей нәзік, шынайы, ерке қыздарды таңдайды.

Жігіттерде талап көп емес. Көңілді, нәзік, әдемі, қолдаушы деген белгілермен шектеледі. Не ұнатты, не ұнатпады. Болды.

Қыздардың таңдауынан:

Қыздарға олардың барлық эмоциясына, күйіне, барлық қажеттілігіне жауап беретін адам керек. Барлық типтегі жігіттердің жиынтығын бір адамнан көргісі келеді. Себебі қыздарда сантүрлі күй, сезім ауысып отырады. Бір күні оған тәрбиелі, қамқор, мұқият, жұмсақ адам қажет. Ал екінші күні оған эйфория сыйлайтын батыл, жабайы жігіт қажет.

Осы жағдайларға қарап керісінше жігіттерге бір әйел, қыздарға көп күйеу қажет пе деп қалдым))


Үйіңнен шығып, көлікке мініп, Maroon 5 концертіне келе қалу бақыты. Шүкір! Әдемі болды. Әдемі бола бер, әлем🦋


Есімде
Вьетнамның Сапасына келгенде екі күн жаңбыр құйып, тауға баратын күні аспан шайдай ашылды. Жолдың ортасында тұрған панорамалық көрінісімен жер үйдің ауласына салқын су ішуге кіргенде биіктіктен айналама қарап: “мені бұл өмірде Құдайдан артық ешкім сүймейтін сияқты. Құдай менің ең қамқор ата-анам, ең мәрт, ең романтик жігітім сияқты. Конвертпен ойыма әлемдегі ең әдемі жерлерді жіберіп: “Бара ғой. Бәрі әзір, бәрі ұйымдастырулы тұр” дейтіндей. Келе қалсам өзі дайындап қойған талай тосын сый күтіп тұр. Рақмет🫶🏻 Шексіз сүйемін сені” деп

сыртта қолымды жуып, ойланып тұрып, көзімді көтерсем…басымның айналасында өте әдемі үлкен, сары көбелек ұшып жүр. Өзі ме?😍




Өзіміздің елшілікте қабылдауда тұрмын. Елшілік ауласында үлкен тропикалық өсімдіктер, әдемі бағы бар. Құжат тапсырып тұрсам менің тұсымдағы терезенің ар жағында әдемііі көбелек ұшып жүр. Елшілікте телефон қолдануға болмайтынын білемін ғой. Сонда да түсіріп алғым кеп әрең шыдадым.


Әр елдің салты басқа демекші өткенде Тэмин Абу-Дабиде концерт береді дегенде маған жақын қала сол, барсам мұсылман елде жандыра алмай қала ма деп уайымдағам. Абу-Дабиде отмена боп жақсы қылды. Сингапур зайырлы мемлекет қой деп сол жердегі концертіне бардым. Жақсы өтті. Ризамын. Бірақ биылғы Латын Америка, Мексикадағы концерттері бөлек. Бразилия, Чили, Мехикода Тэмин секси вайбымен өртеп жатыр. Елдің ашықтығына орай ол да біраз ашылыпты. Кайф.


Малайзияға келгелі он күн болып қалды. Әлі бір сыра ішпеппін. Дүкендерде сыраның ізі де жоқ. Көзден кеткен соң көңілден де кете ме, іздеп табатын да талпыныс жоқ әзірге.


Мына жазбам естеріңізде ме? Қазақстандағы USAID жабылып, осы уақытқа дейін атқарған істері туралы есеп беріпті. Әр бағытқа бөлінген бюджеттен шокпын енді. 3-5 млн долларға дейін. Әйел құқығы деп айқайлап, тегін терлеген лох екенбіз дедім. Ең болмағанда есесіне сіздер бақытты болыңдар, қыздар🙂💕


Саидамен Дубайдағы әңгімеміз есіме түсті.
- Алыс қашықтыққа жүгіруде ылғи осы африкалық қаранәсілділер жеңеді.
- неге?
- олардың дене құрылысы бөлек. Аяқтары ұзын, центр тяжести жоғары орналасқан. Аяқтарында ауырлық жоқ. Жеп-жеңіл жүгіреді. Басқа нәсілдердің аяқтары мұндай ұзын бола бермейді. Бұлшық ет аяққа да бөлінеді.
-Ой, бұл әділетсіз ғой.
- Ал олардың Африкада, сенің Қазақстанда туылуың әділетті ме?
-Жооқ.
- Вот. Сондықтан артық берген тұсы осы шығар бәлкім. Бірінші орын алуға, үштікке ілігуге мотивациялары қандай зор өзің ойлашы. Сәл де болса жақсы өмірге мүмкіндік.


Дүкенде кезекте тұрсам ұлы мен анасы үлкен упаковка роллтон мен 2 литрлік Sprite алып жатыр екен. Жиі жейтіндері осы сияқты. Басқа елде жүріп қалағаныңды алып жеу Алланың берген үлкен нығметі екенін түсіндім. Шүкір!

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.