Жол – ойлануға таптырмас уақыт. Шетсіз, шексіз ойларың сені қамауға алғанда, олардан арылудың сан түрлі жолын іздейсің. Дәл қазір сол сезімнің жетегінде келемін. Мендегі алып-ұшпа сезімдер қайда кеткенін ойладым. Бұрынғыдан салмақтырақ болғандаймын. Не нәрсені де суық санамен қабылдап, өзіме көп сын айтатын болыппын. Кез келген нәрсені сабырыма жеңдіріп келеді екем. Көңілімдегі кем-кетікті бүтіндеппін. Жүрекке салғанды, ақылыма жеңдіріп үйреніппін. Өзімде бар сезім атаулыны басып-жаншып тастағанымды ойладым. Не үшін және кім үшін?
Үнемі ой үстінде жүремін. Ол уайым емес, керісінше өзімде барды өзіммен бөлісу, күнделікті өзіме есеп беру. Ойланбай қалатын өзімнен қорқамын. Ақыл мен жүректі тең ұстауды, сезімге басымдық беріп қоймауды үйрендім. Биылғы жылдан көп нәрсе түйдім. Ол туралы әлі жазамын.
@dinaraboranbay1