🔎 ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ӘБУ ХАНИФА МӘЗҺАБЫ
📌 Қожа Ахмет Ясауидің діни ілімінің қалыптасуына әсер еткен имам Ағзам Әбу Ханифа негізін салған фиқһ мектебі еді. Уақыт және кеңістік тұрғысынан қарайтын болсақ, VIII ғасырдың аяғы мен ІХ ғасырда Мәуреннахрда негізінен Ханафи фиқһ ғұламалары қазылық қызмет атқарғанына куә боламыз. Алғашында Аббаси кезеңінде Нұһ ибн Әбу Мәриам (789 жылы қайтыс болған) Мервті, Әбу Мути Балхий (814 жылы қайтыс болған) Балхты Ханафи мәзһабының орталығы қылса, Әбу Хафс Кабир (767-831 жылдар) және оның ұлы Әбу Хафс ас-Сағири (877 жылы қайтыс болған) Бұхара қаласын Ханафи мәзһабының ордасы еткен болатын. Бұхара фиқһ мектебі өкілдерінің Самани билеушілерімен жақын қатынаста болуы, кейін Ханафи мәзһабының Мәуреннахрда ғана емес, Самани мемлекетінің барлық аумағында кеңінен таралуына мүмкіндік тудырды.
🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/kk/articles/istoriia/2023-11-13/43294-kozha-akhmet-iasaui-zhne-bu-khanifa-mzhaby/