Мектеп директорының жазбаларынан
Мектеп директорының қабылдау бөлмесінде ашулы ата-ананың дауысы шықты.
Директордың қабылдауына кіруді талап еткен өктем дауыс.
Кабинетке кірді.
Директор және ата-ананың бір-біріне көз жанарлары түйісті, олардың жанарында жанжал жалыны лаулап тұрды. Өз пікірлерін қорғағаны соншалық, олар бір-біріне баланың мүддесі ұшін қарсы тұрғандарын естен шығарды.
Ашуға берілген директор, беделі мен қабылдаған шешімдерінің дұрыстығын алға тартып көзқарасын бар күшімен қорғады.
Ашуға булыққан ата-ана да өз баласына ненің дұрыстығын жақсы білетінін айтып өз дегенінде нық тұр.
Бұл қарсыластықта екі тарап та ең маңызды мәселені ұмытты: БАЛАНЫҢ мүддесі. Өз көзқарастарын қорғаған олар бұл күрестің ортасында тұрған БАЛАНЫҢ дамуы мен біліміне бұл даудың еш пайдасы жоқтығын түсінгілері келмеді..
Кенет бір нәрсе өзгерді. Ішкі жан- дүниелерінде ар-ожданың дауысы сынды бір дүние “сендерге бұл жанжалда жеңу емес, баланың мүддесіне қорған болу” екендігін еске түсіргендей. Жалғыздың үні шықпас демекші, олар бала үшін көп нәрсені бірігіп қана жүзеге асыра алатынын түсінді.
Осы ойда тоқтап, көкке көтеріліп бара жатқан тәкаппарлық жерге түсті. Енді ақылға салып ойлана бастады. Әркім өзінің дұрыстығын жақтаған күрестің орнына олар бірге жұмыс жасай бастады.
Және бұл мектептегі әр бала үшін ең дұрысы болатындай шешім табуға жасалған алғашқы қадам еді.
(Фотоның тақырыпқа қатысы болмауы да, болуы да мүмкін🙃)