ДОДА


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Sport


Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Bog‘liq kanallar  |  O‘xshash kanallar

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Sport
Statistika
Postlar filtri


Жаңа капитан пікір білдірді:

"Криштиану асығыс шешім қабылдап ұлттық құрамадан мәңгілікке кетпейді деп үміттенемін. Егер ол кеткісі келсе, біз онымен лайықты құрмет көрсетіп қоштасуымыз керек. Ол – біздің футболдың символы, Португалия футболын жоғары деңгейге көтерген адам",- дейді Бруну Фернандеш.


Үздік ағылшын шабуылшысы

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Харри Кейн әртүрлі үш күнтізбелік жылда 10+ гол соққан алғашқы англиялық футболшы.

⚽️ 2026 – 10* гол
⚽️ 2021 – 16 гол
⚽️ 2019 – 12 гол.

✅ Жаңа маусым басталғалы Кейн 10 матчта 10 гол соғып, 3 голдық пас беріп үлгерді.


Спорт жайлы dan repost
Сегізінші орынға жайғастық

🔹 Осымен Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. 19 қыркүйекте басталған сары құрлық додасында Қазақстан атынан 558 спортшы бақ сынады.

🇰🇿 Біздің құрама 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль еншілеп, жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтады.


Бес сатыға төмендедік

🔽 Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы үш матчтан кейін 116 орынға түсіп қалды.

🇰🇿 Джон ван’т Шкип баптайтын құрама үш матчта екі рет жеңіліп, бір рет тең тарқасты.

⚠️ Ескерте кетейік, бұл – live рейтинг. FIFA келесі ресми жаңартуды 7 қазанда жариялайды.


Екеуінің нәтижесі теңесті

📊Ламин Ямальдың осы маусымдағы (клуб+құрама) көрсеткіші:

🏟️ 11 матч
⚽️ 11 гол
🅰️ 8 ассист

✅ Ал мынау Рафиньяның көрсеткіші:

🏟️ 10 матч
⚽️ 15 гол
🅰️ 4 ассист.


Испанияның жорығы жалғасуда

🔥 Де ла Фуэнте шәкірттерінің жеңіліссіз сериясы 41-ге жетті.


Ламин Ямаль жылдам гол соғуды әдетке айналдырды ⚡️

🇪🇸 Испания дәл қазір Чехияны 2:0 есебімен жеңіп жатыр.


Беллингем жарап тұр

🔥 Топ-5 лигада Джудтан басқа ешбір жартылай қорғаушы осы маусымда 11 гол+пас жасмады (клуб пен ұлттық құрама).

⚽️ 8 матчта 6 гол+пас
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 3 матчта 5 гол+пас.


Англия аямады 🔥

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Томас Тухель шәкірттері сырт
алаңда Хорватияға жауапсыз жеті
гол соғып тастады.


Бразилия жеңіске жетті ✅


Спорт жайлы dan repost
Сегізінші орындамыз...

🔹 Жапониядағы Азия ойындарының 14-күні мәресіне жетті.

🇰🇿 Бүгін спортшыларымыз жеті медаль еншіледі:

🥈 Мерей Қабдуллаев (джиу-джитсу)
🥈 Қазақстан құрамасы (су добы)
🥈 Қазақстан құрамасы (дзюдо)
🥉 Нұрқожа Қайпанов (күрес)
🥉 Нилуфар Раимова (күрес)
🥉 Мариан Журавлева (джиу-джитсу)
🥉 Қазақстан құрамасы (көркем гимнастика).

✅ Ертең соңғы күн. Конкур бойынша сайыстар өтеді.


Кеше шақырылып еді ғой

❎ Ферран Торрестің орнына Испания құрамасына шақырту алған Карлос Эспи Чехияға қарсы матчқа қатыспайды.

⚠️ Сондай-ақ, бүгін түнде өтетін матчқа Пау Кубарси де қатыспайды. Бас бапкер оған демалыс берген екен.


Вирц "Ливерпульден" кетеді

⚽️ Мерсисайдтық клуб келесі жазда неміс ойыншысын сатқысы келеді, деп жазады Bild. Басшылықа 23 жастағы футболшының ойыны ұнамайды.

💸 Ағылшын клубы Флорианды өткен жылы "Байерден" 125 млн-ға сатып алды. Ал келісімшарт мерзімі 2030 жылға дейін жарамды.


Халықаралық матчтар кезінде жарақат алған футболшылар


Рафинья Ла Лиганың қыркүйек айы бойынша үздік ойыншысы атанды

🏆 4 матч
⚽️ 7 гол
🅰️ 2 ассист

🔥 Осылайша ол екі ай қатарынан үздік атанған Ла Лига тарихындағы төртінші футболшы атанды:

1⃣⚽️ Диего Годин – 04-05.2014
2⃣⚽️ Килиан Мбаппе – 09-10.2025
3⃣⚽️ Ламин Ямаль – 11-12.2025
4⃣⚽️ Рафинья – 08-09.2026.


Рияд Марез – "Әл-Шамал" ойыншысы, Here We Go

📔 Қос тарап қысқа мерзімді келісімшартқа қол қоюға келісті.

📔 Катарлық клубқа еркін агент ретінде ауысады.


Жоао Феликс "Барселонаға" оралмақ

⚽️ Португалиялық шабуылшы каталониялық клубқа оралу үшін жалақысын да төмендетуге дайын деп жазады, Diario Sport.

✔️ Футболшының агенті Жорже Мендеш бұл туралы "Барселонаға" ескертіп қойған. 26 жастағы шабуылшы 2027 жылдың жазында еркін агент атанады.


"Брайтон" – қыркүйек айының ең үздік клубы

🇬🇧 Шағалалар қыркүйек айының қорытындысы бойынша АПЛ-дің үздік бапкері, үздік ойыншысы және үздік гол деген номинациясының барлығын жеңіп алды.

🇬🇧 Осылайша бір айда мүмкін болған үш жүлде жеңген бесінші клуб атанды.


Дониэлл Мален үздік атанды

⚽️ Нидерландылық шабуылшы тамыз-қыркүйек айлары бойынша А Сериясының үздік ойыншысы атанды.

⚽️ "Рома" ойыншысы екі айда өткен бес матчта бес гол соқты.


Кезекті бір жетістігі ⚡️

🇪🇸 Ламин Ямаль Испания тарихында бір матчта екі гол соғып, бір голдық пас берген ең жас ойыншы атанды:

1⃣ Ламин Ямаль – 19 жас, 78 күн
2⃣ Рауль – 21 жас, 273 күн
2⃣ Эчеберрия – 21 жас, 273 күн.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.