🌸Адамның жүрегіндегі Аллаһқа деген махаббаты, көкірегіндегі барша жаратылысқа деген мейірімділігі мен жанашырлығы қаншалық терең болса, иманы да соншалық кемел. Ол қаншалық таяз болса, иманы да сондай жұтаң.
Аллаһты сүю үшін Оны жақсы танымақ керек. Ойдағы түрлі шүбә, күдіктен арылмақ ләзім. Аллаһтың құдірет қаламынан шыққан "Ғалам" атты кітапты оқу арқылы Ұлы Жаратушының шеберлігі мен шексіздігін, құдіреті мен құзіретін, теңдессіз өнері мен өлшеусіз білім иесі екенін мойындау қажет.
Адам баласы өзін жоқтан жаратып, айналасындағы барша жаратылысты қызметші етіп берген Ұлы Аллаһтың пендесіне деген махаббатын сезінуге тиіс. Сонда "Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй Ол Аллаһты жаннан тәтті" деген байламға келеді. Ерікті түрде құлшыққа жүгіреді.