🇰🇿 Қазақстан құрамасы Уэльске жол берді
2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің ашылу матчы Кардиффте өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.
Қақпашы Александр Заруцкий мен қорғаушы Еркін Тапалов негізгі құрамда шығып, алаңда 90 минут өткізді.
74-минутта Дастан Сатпаев алаңға шығып, кезекті рекорд жаңартып, 16 жас, 7 ай, 11 күнде Қазақстан құрамасының ресми матчтарындағы ең жас ойыншысы атанды.
Темірлан Анарбеков ойын тізімінен тыс қалды.
Әли Әлиев шәкірттері келесі матчын наурыздың 25-інен 26-сына қараған түні сырт алаңда Лихтенштейнмен ойнайды. Ойын 00:45-те басталады.
📸:
@kff_team#KFFTeam | #ҚұрамасындағыҚайраттықтар