«Даму» Қоры ерекше жасөспірімдерге білім беруді көздейтін қанатқақты жобаға қайырымдылық көмек көрсетті
Бүгін «Даму» Қорының Басқарма төрайым Гаухар Бурибаева мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және Қамқоршылық кеңестің төрайымы Динара Гаплан «Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаты» жобасынығ жұмысымен танысты. Бұл жобаны Астана қаласы қоғамдық тамақтану және сервис колледжі жанындағы «Болашақ» корпоративтік қоры жүзеге асырады.
Жоба аясында ерекше қажеттілігі бар 13-18 жас аралығындағы 30 жасөспірім «тігінші», «наубайшы» және «кондитер» мамандығы бойынша білім алады. 3 айдан 6 айға дейін созылатын оқу бітірген түлектер мемлекеттік үлгідегі куәлік алады. Курс соңында жобаға қатысушылар тағылымдамадан өтіп, қаланың әртүрлі мекемелеріне жұмысқа орналасуға көмек алады.
«Даму» Қоры сабаққа қажет материалдар, әдістемелік құралдар мен аспаздар курсына арналған өнімдерді сатып алу шығындарын төлеп, жобаға қатысушыларды қадағалайтын аутизм мамандарының еңбеақақысын өтеп қайырымдылық көмек көрсетті.
Бұндай жобаларды қолдау – әркімнің өз әлеуетін дамытып, іске асыруға тең мүмкіндігі бар болашақ құруға ықпал етеді.