Postlar filtri


Уәли Ғалым Ибн Ажиба әл Хасани (Алла тағала разы болсын):


Нәпсі өзінің артықшылығын (жақсылығын) көруге құмар (бейім) болады. Басқаның кемшілігін де таса қалдырмайды.

Ал егер хәлі (деңгейі) өзінен жоғары жанға серік болса өзінен тек кемшілік көреді.


Бұл нәрседе көп жақсылық бар ….


Қазақтың ғана қолынан келетін бір іс бар.

Ол - подкаст ашып, екі орыстілді қазақ өз ұлтының ең қарапайым салт-дәстүрін, ырымдарын, адамның есімін, ру-тайпалардың тарихын орысша талдап, талқылап отырады. Бесік той, беташар дегендей.

Арасында орыс тіліне аударылмайтын қазақы ұғымдарды қазақша айтады, акцентсіз, қатесіз. Сонда не тыраштану?

Қазақтың өз құндылығын екі қазақ басқа қазақтарға орысша түсіндіргенде қандай логика бар? Мұндай подкаст жобаларды адамдар қандай мақсатта ашады?

Танымдық жоба дейтін болса, қазақтың өз дүниесін қазақша айтсаң, бар қыр-сырын толық жеткізесің ғой. Аударып отырғаннан гөрі. Оны түсіну үшін көп ми керек емес.

Қоғам орыстілді. Барлығы осыған келіп тіреледі. Содан әлгі жобаларда қаралым болады. Бәрі түсінсін, қаралым артсын деп көрінген идеяны орысша іске асыру тиімді сияқты.

p.s. әлем түсінсін, бізді танысын деп екі оқыған орыс "Война и мирді", Тургеневтің шығармаларын, Достаевскийдің романдарын ағылшын тілінде талдап отырғанын көзге елестету қиын.


Ардақты Пайғамбарымыз:

“Үмметімнен сыраттың үстінде жер бауырлап бара жатқан бір кісіні көрдім, кейде еңбектеп жүреді кейде жармасып ұстап тұрады. Сол мезетте оның маған айтқан салауаты келіп оны аяққа тұрғызды және оны құтқарды” …


Ардақты Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم ):

“Өлгендерді сөкпеңдер, өйткені олар істеген амалдарына бет алды”

Сөкпеңдер
Өсектемеңдер
Жаман сөз айтпаңдар….


Абдулхамид Хан екінші (Алла тағала рақымына бөлесін) Парижде дүние салып сонда жерленген.

Кейін Бақиға көшірілген ….


Бұл кісі күніге “Дәлә’ил хайрат” кітабын хатым етіп отыратын болған
Басқа істерін айтпағанда


ترجو النجاة ولم تسلك مسالكها
فان السفينة لا تجري على اليبس


Құтылуды қалайсың, оның жолдарыменен жүрмейсің?!
Өйткені кеме құрғақта жүрмейді (жүзбейді)…


Алла тағала сауаптан жазсын


Арапша білетін шәкірттерге балағадан
تيسير البلاغة
кітабы бойынша, мантық ілімінен
إيضاح المبهم شرح السلم
кітабы бойынша аудио дәрістер сатылады.

Аптасына бір рет кері байланыспен қайталау болады.


Тәйсир балаға кітабы балаға саласына апаратын жеңіл әрі берекелі кітап.


@Abduhyy жазыңыз


Қандай керемет көрініс - деп таудан сағат ғимаратына нұсқап тұр.

Сағатқа қарау құлшылық емес, Қағбаға қарау құлшылық болады.

Сағат ғимараты солай назарды алуы дұрыс емес жалпы, оған қоса төбесіндегі ай да мүйіз секілді боп тұр….


Алла тағала пендесін күнәнің қорлығынан шығарып тақуалықпен абыройлы етсе, дүниесіз ақ оны мұқтажсыз етеді, ағайын туыссыз ақ бай етеді, адам баласына қаратпай Өзіне жақын етеді…


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Бір әйелдің күйеуі мүгедек боп қалып, әйелі соны (қиналғанын) әркімге айтып жүріп, ақыры ажырасып кетіпті. Ажырасып, қазір психолог боп жүр екен. Айти компаниясында істейтін, түр десе түрі, бой десе бойы бар тағы бір қыз жұмыстан шығып кетіп, ол психолог болып кетіпті. Психолог болғаны жаққан-ау деймін, семіріп, креслодан әрең көтерілетін болыпты дейді әлгі. Қазіргі психолог деп жүргеніміздің көбі – ақылы собеседниктар. Заманның беталысы сондай боп кетті ғой өзі. Дос тапқаннан, ақылы асып бара жатқан біреу тауып, ақшасын беріп сонымен сырласқанды артық санайды. Соған барып ақтарылады бар сырын айтып, ақшасын да ақтайды. Көпке білдірткісі келмегені араларында сыр боп қалады да сөйтіп..


Қазір әлеуметтік желіде әртүрлі посттарға жазылған комментердің де сұрауы болады.



Біреуі боқтық жазады, мазақ етеді, өзіне қатысы болмаса да бір нәрсе деп кетеді.



Әр жазғаны амал дәптеріне жазылып жатыр.


Қатты жаның ашып тұрса әдеппен жөн сөз айт немесе үндеме.



Ардақты Пайғамбарымыз صلى الله عليه وآله وسلم :” …адамдарды тозаққа тілдерімен жинағаны (айтқаны) құлатпай ма?.. “.

638 0 2 14 12



Бір жігіт әскердегі әлімжеттік туралы сұқбат беріп тұр. Ұрып-соғып, күн көрсетпейді екен. Сол видеоның астына жазған комментті оқысаң шошисың; Мамаңның қойнына барып тығыл бар, черт, тоқылдақ деп жазып жатыр. По закону емес, по понятием жүретін қоғамда өмір сүріп жатқан сияқтымыз. Өзгерісті осы солдаттардан бастамасақ болмайды-ау. Ол үшін әскерді Ресейде оқығандар, солардың саясатын соғатындар басқармауы керек. Әскер осындай жат әдеттің бәрін сілкіп тастап, бастан-аяқ қазақыланса ғой дейсің де, шіркін. Бірін-бірі черт қылғысы кеп тұратын, дед болғысы кеп тұратын мұндай армия халықты қорғап қарық қыла ма ертең?


قديما قلت:
الناس بالنسبة إلى كرة القدم أربعة

الذي يلعب ويتابع
الذي يلعب ولا يتابع
الذي يتابع ولا يلعب
الذي لا يتابع ولا يلعب

وأسوأهم الذي يتابع ولا يلعب


Бір мұғалімнің айтқаны:

Оқушыларыма үй-іші туралы шығарма жаздырмақшы болғам ғой. 80 пайызының әке-шешесі ажырасып кеткен екен сөйтсем. Қой, одан да туған жер туралы жаздырайын дедім сосын ойлана келе..


Жылқы қараған уақыттан сұралмайсыңды кім шығарған осы


Ардақты Пайғамбарымыз صلى الله عليه وسلم:

“Ләззаттарды (түрлі жанға жағатын рақаттарды) жоюшы өлімді көп еске алыңдар”.


Колонияға айналып, елдіктен айырылуға шақ тұр ма қазақ, не боп барады өзі? Қазақстанның тарихын оқытатын мектептің оқулығын ресейлік ғалымдармен бірлесіп жазғалы жатыр екен. Осыған жол беріп отырған – министрдің өзі. Системаның заказы ма екен бұл әлде?! Павлодарда тілінен жеріген қазақ қатындары қазақ мектебін аралас мектеп қылып ашпақ болып ол жанталасып жатыр. Журналистердің айтуынша, артында облыс әкімінің өзі тұр дейді айдап салып оларды. Идеология, ұлттық мүдде қайда қалды сонда?

708 0 2 16 17
20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.