ҚПЛ легионерлерінің ұлттық құрамадағы ойындары қалай өтті?
🇨🇾 Константинос Венизелу — «Жеңіс»
Кипр жастар құрамасы Израильден келген құрдастарын 3-1 есебімен қапы қалдырды. Венизелу ойынды негізгі құрамда бастап, толық аяқтап шықты
🇧🇾 Макс Эбонг, Валерий Громыко — «Астана», «Қайрат»
Беларусь құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжанды 2-0 есебімен тізе бүктірді. Қос ойыншы алаңда алғашқы минуттардан көрінді. Макс Эбонг нәтижелі пас беріп үлгеріп, ойынды толық аяқтады. Ал Валерий Громыко алаңнан 46-минутта кетті
🇱🇹 Кипрас Казуколовас — «Астана»
Литва құрамасы күтпеген жерден сенсация жасап, Финдерге үш ұпай алуға жол бермеді (2-2). Кипрас алаңға негізгі құрамда шығып, SofaScore нұсқасы бойынша 6.9 деген баға алды.
🇲🇩 Виктор Мудрак, Дмитрий Челядник — «Ордабасы»
«Ордабасының» екі ойыншысына келетін болсақ, екеуіде алаңнан көрінбеді. Молдовалық ұжым Эстонияға қарсы тұра алмады (2-3). Ал Челядник тізімге мүлде енбеді ❌
@gasyrfootball